Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасыережелерімен таныстыру

Сабақтың тақырыбы

Есептеуіш техникасы кабинетіндегі жұмыс тәртібі және қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы (қағаз және программалық нұсқа). Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары.

Қамтылуы: жұмыс дәптері

Сабақтың мақсаты

1) Танымдық мақсат

  • Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.
  • Компьютер сыныбындағы өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру.
  • Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет ережелерін түсіндіру.

2) Дамытушылық мақсат

Оқушылардың кабинетте дұрыс өзін ұстау және қауіпті жағдайларда көмек көрсете білу дағдыларын дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, ұқыптылық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар көрсетіп-түсіндіру сабағы.

Күтілетін нәтиже

Оқушы білуі тиіс

  • Есептеуіш техникасымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасының ережелерін.
  • Компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін.
  • Қауіпті және төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерін.

Оқушы меңгеруі тиіс білік

  • Көз талғанда жасалатын жаттығуларды орындау.
  • Өрт сөндіргішті дұрыс қолдану.
  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыру.
  • Статикалық кернеудің әсерін азайтуға арналған жаттығуларды орындау.

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру
  3. III. Жаңа сабақты түсіндіру

Қауіпсіздік техникасының ережелері

Ережелердің негізгі бөлімдері

  • 1) Жалпы талаптар
  • 2) ДК-де жұмысты бастар алдында
  • 3) Жұмыс істеу кезінде
  • 4) Авариялық жағдайларда
  • 5) Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары

  1. 1 Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсель айырларына және штекерлерге қол тигізуге тыйым салынады.
  2. 2 Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.
  3. 3 Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде еркін жүруге болмайды.
  4. 4 Дербес компьютерде дымқыл қолмен немесе су киіммен жұмыс істеуге болмайды.
  5. 5 Корпусы немесе сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) дербес компьютермен жұмыс істеуге тыйым салынады.
  6. 6 Үстелге және компьютердің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
  7. 7 Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
  8. 8 Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның назарын қажетсіз аударуға және бөгде іспен айналысуға тыйым салынады.