Тапсырманы оқыту

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажыратуды және олардың сөйлемдегі қызметін түсіндіру; сөйлем мүшелері туралы білімін кеңейту; таза әрі сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
  2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын жылдам әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
  3. Ана тілін сүюге, құрметтеуге және тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Көрнекіліктер

  • «Болашақ баспалдағы»
  • Ту
  • Жұлдызшалар
  • Сызбалар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені —

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Балалар, ғұлама кемеңгер ақындар сөйлеген туған тіліміз — қазақ тілі сабағын бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

38-жаттығу: өлеңді мәнерлеп оқу. Көп нүктенің орнына бастауыштың қимылын білдіретін сөздерді қойып жазу.

Сұрақ

Бұлт қайтті?

Жел қайтті?

Күн қайтті?

Жауап

Бұлт ыдырап тарады.

Жел қуып барады.

Күн күлімдеп қарады.

III. Жаңа сабақ

Мақсат қою және тақырыпты хабарлау: бүгінгі сабақта сөйлемнің тұрлаулы мүшелері — бастауыш пен баяндауышқа қатысты білімімізді жалғастырамыз.

Сұрақ: Қазір қай ай?

Жауап: Желтоқсан.

Сұрақ: Желтоқсан айындағы мерекелі күндерді атаңдар.

  • 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні.
  • 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығын атап өтеміз).

Әлем таныған тәуелсіз мемлекет ретінде болашаққа қадам басқан еліміз дамыған, білімді ел болуы керек. Сондықтан бүгін біз «Болашақ баспалдағы» арқылы көтеріліп, Білім шыңына туымызды тігуге ұмтыламыз. Осылайша өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға өз үлесімізді қосамыз.

Баспалдақпен көтерілу үшін әр басқыштың тапсырмаларын бірігіп орындау қажет.

1-басқыш: «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»

Қына — шөп, таулы-тасты жерде өседі. Ал зейін қойып алған білім жадымызда ұзақ сақталады. Бұл басқышта өткен тақырыптарды сызба арқылы еске түсіреміз: ережені әр оқушы айтады, мысал келтіреді, қорытынды жасаймыз.

Тұжырым: бұл басқышта оқушылар тақырыпты қаншалықты меңгергенін көрсетті (жұлдызша беріледі).

2-басқыш: «Күш — білімде, білім — кітапта»

Күштің бәрі білімде, ал білімді кітап арқылы игереміз. Енді жұмысты оқулықпен жалғастырамыз.

40-жаттығу

  1. Тапсырманы оқимыз.
  2. Жатқа жазамыз:

Торғай тоғайды ұнатады.

Тоғай торғайды қуантады.

  1. Әр сөйлемдегі баяндауыштың астын екі рет сызамыз.
  2. Сөйлемді баяндауышсыз айтып көріп, мағынасы қалай өзгеретінін талқылаймыз.

42-жаттығу (ауызша)

  1. Өлеңді мәнерлеп оқимыз.
  2. Әр сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты табамыз.
  3. Баяндауыштардың қай сөз табынан жасалғанын анықтап, сұрақ қоямыз.

46-жаттығу

Ребусты шешіп, төмендегі жұмбақтың жауабын табыңдар.

Жұмбақ: Екі доп ауысты, бір шеңберді тауысты.

Шешуі: күн, ай, тәулік.

Тапсырма: бастауыш пен баяндауышты табу.

Бұл басқыштың тапсырмаларын орындап, келесі басқышқа өтеміз (жұлдызша беріледі).

3-басқыш: «Жүйрік ойлы, тапқыр кім?»

Бұл кезеңде ойға жүйріктік пен тапқырлықты байқап көреміз: жұмбақтарды шешеміз.

а) Өзім сөзден тұрамын, біткен ойды құрамын. (Сөйлем)

ә) Қоя салсаң бір тары, жаңалықты жеткіземін. (Хабарлы сөйлем)

Ескерту: «тары» — нүктені меңзейді.

б) Ойды аяқтап орақ тұрады, жауап сөз қалап тұрады. (Сұраулы сөйлем)

Ескерту: «орақ» — сұрақ белгісін меңзейді.

в) Ұранды, шаттықты, өкініш-аптықты білдіріп ойын талайдың, шарға ине қадаймын. (Лепті сөйлем)

Ескерту: «шарға ине» — леп белгісін меңзейді.

Қорытынды: ең тапқыр оқушылар мадақталады (жұлдызша беріледі).

4-басқыш: «Көп білсең, шыңға жетерсің»

Тақтамен жұмыс

Сөздер: жүзеді, жанады, ұшады, тігеді, көмектеседі, оқиды.

  1. Сөздерге сұрақ қойып, сөйлемнің қай мүшесіне жататынын анықтаймыз.
  2. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазамыз.

Өлеңді аяқтау

1) Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз басады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

2) Қар атып ойнайды,

Қызыққа тоймайды.

Аппақ қыс, ашық күн,

Ойнатпай қоймайды.

Осылайша «Болашақ баспалдағының» шыңына жеттік: бүгін біліміміздің арқасында Білім шыңына туымызды тіктік. Өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға біз де өз үлесімізді қостық деп айта аламыз.

Қорытынды

Білімнің сырын ұғынып,

Шықтық білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізеді біздерді

Ғылымдардың сырына.

Жанасыл

Ғылымдардың сырына.

Дилара

Өзіңдікі — елің де,

Өзіңдікі — жерің де,

Өзіңді-өзің өткен бақ —

Тәуелсіздік төрінде.

Сабақ соңында ережені пысықтаймыз, үй тапсырмасын береміз және оқушыларды бағалаймыз.