Есімі баршамызға белгілі аққан жұлдыз атанған Ш. Уәлиханов Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет деген болатын
Тұлғаға бағытталған білім — білім беруді жаңартудың басты бағыты
Бүгінгі күні жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған, ізгілікті әрі шынайы демократиялық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін қалыптастыру бағытында маңызды қадамдар жасалуда. Ш. Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген. Біз — азаттық алған, тәуелсіз елміз. Ал тәуелсіз елдің тірегі — білімді ұрпақ.
Жаңа дәуірдің күн тәртібіндегі басты мәселе — білім беру мен ғылымды дамыту. Өркениеттің өзегі білім, ғылым және тәрбие екеніне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы — мектеп екендігі баршаға мәлім.
Мектепті жаңарту: басым бағыттар мен нақты міндеттер
Қазақстандық мектептерді жаңарту тұжырымдамасы жалпы білім берудің басым бағыттарын айқындайды. Онда оқушы мен мұғалімнің өзара ынтымақтастығы үлгісін білім беру үдерісінде қалыптастыру, сондай-ақ әртүрлі оқу іс-әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету қажеттігі көрсетіледі.
Бұл бағыттар мектепте білім беруді дамытуға негіз болады. Соған сәйкес мектептің әр сатысында оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, білім мазмұнын іріктеу ұстанымдары және оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсілдері нақтыланады.
№10 орта мектеп: орта, мақсат, қамту
Қаламыздағы білім ошақтарының бірі — 91-орамда орналасқан №10 орта мектеп. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі — қабілетті, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру — педагогикалық ұжым мүшелерінің бірлескен еңбегін талап етеді. Тұлғаға бағытталған білім — оқушылардың жеке ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту ортасы. Әр оқушының дамытушылық және шығармашылық ойлауы, өз бетінше шешім қабылдау қабілеті қалыптасуы тиіс.
Ғылыми ізденіс пен шығармашылық: «Жас өркен» қоғамы
Мектепте оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту, шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында «Жас өркен» оқушылар ғылыми қоғамы жұмыс істейді.
-
10А сынып — Әлішерова Ақерке«Ұлытау жер-су аттарының қойылу ерекшеліктері»
-
6А сынып — Есенғалиева Гүлім«Фразеологизмы русского языка»
-
9В сынып — Сейтбатталова Назира«Стиль РЕТРО»
Жетістіктер: олимпиадалар, өнер, спорт және пікірсайыс
- «Русский медвежонок» — 13 оқушы жүлделі I–II орындарға ие болды.
- Қалалық пән олимпиадасы — 5 оқушы жүлделі I–II орын алды.
- Жас музыканттардың 45-облыстық конкурсы — 3Б сынып оқушысы (скрипка) Мурзатова Лейла I орын.
- ІІ облыстық Махамбет оқулары — 9А сынып оқушысы Тоқтамысова Қуаныш «Ұлы арман» номинациясы бойынша II орын.
- «Батырлар жырын жатқа айтам…» (Дидар телеарнасы) — 5Б сынып оқушысы Зейнел Нұрсұлтан жыл бойы қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
- Дебат-2010 аймақтық сайысы — «Шағын қалаларды қолдауға мемлекет арнайы саясат қолдануы қажет» тақырыбында «Ақиқат» тобы II орын.
- «Көшбасшы заңгер» зияткерлік ойыны (Қарағанды) — 11А сынып оқушысы Жаңабай Айдана II дәрежелі диплом.
- Халықаралық таэквондо (Болгария, Түркия) — 5А сынып оқушысы Қалжанов Ораз I орын.
Мектеп ұжымының нәтижелері тұлғаға бағытталған оқытудың нақты көрінісі: оқушының қабілетін ашу, дербестігін дамыту, ғылыми ізденіс пен шығармашылыққа жетелеу. Бұл — жаңартылған білім берудің басты өзегі.