Құрақ құрау
Сабақтың мазмұны
Тақырыбы
Құрақ құрау
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Аралас сабақ (ойын сабақ)
Әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Көрсету
- Тест
- Сарамандық жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды құрақтың шығу тарихымен және қажеттілігімен таныстыру, құрақ құрау технологияларын меңгерту.
Тәрбиелік
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру; ұқыптылыққа, төзімділікке, ынталы болуға, көзбен жобалауға және ұлттық өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Құрақты заманауи талапқа сай жаңғыртып құрауға үйрету; жұмыс барысында ой-өрісті, логикалық ойлауды және шеберлікті дамыту.
Материалдар мен байланыстар
Көрнекілігі
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары
- Құрақ түрлерінің үлгілері
- Нұсқау карталар
- Даналардан қалған нақыл сөздер
Қажетті құрал-жабдықтар
Пәнаралық байланыс
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
- Құрал-жабдықтарды тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын пысықтау (сұрақ-жауап)
- Үйді жиһаздау ұғымын қалай түсінесің?
- Жиһаз сатып алмас бұрын нелерге мән беруіміз керек?
- Жалпы пәтер бөлмелері нешеге бөлінеді?
- Қонақ бөлмені қалай жабдықтаған дұрыс?
- Ас үй қандай жиһаздармен жабдықталуы керек?
- Пәтердегі түстер үйлесімділігінің маңызы қандай?
- Сары, қызғылт сары және қызыл қандай түстер тобына жатады?
- Пәтерді жарықтандыру мәселесін шешудің неше жолы бар?
III. Жаңа түсінік беру
Халықтың ұлт екенін айқындайтын үш негізгі арна бар:
-
Арна 1
Тіл өнері
-
Арна 2
Саз өнері
-
Арна 3
Қолөнері
Қолөнер деп халық тұрмысында кең қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық іс-әрекеттердің жиынтығын айтамыз.
Бүгін солардың ішіндегі көнеден келе жатқан, апаларымыз тігетін өнердің бірі — құрақ құрау туралы танысамыз. Құрақ түрлі-түсті және сан алуан пішіндегі мата қиындыларын құрастырып, біртұтас бұйым жасау арқылы орындалады.
Әлем тілдеріндегі атауы
Қазақша
Құрақ
Орысша
Лоскутное шитьё
Ағылшынша
Patchwork
Құрақ құраудың мақсаты
- Мата қиындыларын кәдеге жаратып, әртүрлі пішіндерді дәл қиюластыра отырып, бір бұйым жасап шығару.
- Шеберлікті, ұқыптылықты және түстер үйлесімін сезінуді дамыту.
Құрақ бұйымдарының салыстырмасы
Көрпе құрақ
Шыдамды, тозбайтын матадан құралады. Көбіне бөліктері ірілеу болып келеді.
Жастық құрақ
Көздері майда, өте нәзік әрі әсем түстермен құралады. Ұсақ бөлшектердің дәлдігі маңызды.
IV. Іс-әрекет тәсілін қалыптастыру
Сөздікпен жұмыс
- Квилт (Quilt)
- Үстіңгі қабаты құрақтан тігіліп, аралық қабаты инешаншымдармен бекітіліп, астыңғы қабатымен тұтасқан бұйым.
- Инешаншым
- Матаның қабаттарын жіптердің айқасуы арқылы біртұтас етіп бекіту процесі.
- Пэчворк (Patchwork)
- Бұйымның нақышы мен колоритін айқындайтын, құрақ арқылы орындалатын жұмыс түрі.
- Колорит
- Бояулар мен түстердің өзара үйлесіп, композицияда құбылып көрінуі.
V. Жаңа түсінікті тексеру
- Колорит дегеніміз не?
- Құрақ түрлерін ата.
- Құрақтан қандай бұйымдар жасалады?
- Құрақ орыс тілінде қалай аталады?
- Құрақ құрауда бөлшектердің қай қырын ескеру қажет?
- Қазақ халқында құрақ құрау өнері қай кезден бастап дамыды?
- Ағылшын тілінде құрақ қалай аталады?
- Инешаншым дегеніміз не?
VI. Сабақты бекіту: «Ақ сандығым ашылды...»
Оқушылар сандықты ашып, конверт ішінде берілген қиындылардан құрақ құрап шығады. Мысалы:
VII. Сабақты қорытындылау (тест)
1) Халықтың ұлт екенін айқындайтын үш негізгі арнаны атаңыз.
- а) сәулет өнері, саз өнері, мүсін өнері
- ә) тіл өнері, мүсін өнері, сәулет өнері
- б) тіл өнері, саз өнері, қолөнері
2) Қай нұсқа дұрыс?
- а) құрақ құрау өнері — ертеден келе жатқан өнер
- ә) құрақ құрау өнері — ұмыт болған өнер түрі
- б) құрақ құрау өнері — жаңадан пайда болған өнер
3) Құрақты не үшін құраймыз?
- а) көрпе тігу
- ә) киім тігу
- б) алаша тоқу
4) Құрақты қандай матадан құраймыз?
- а) капрон
- ә) велюр
- б) сәтен
5) Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?
- а) ою-өрнекке
- ә) аспан әлеміне
- б) табиғатқа
6) Құрақ құраудың неше мақсаты бар?
- а) 1
- ә) 2
- б) 3
VIII. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының толықтығы және сарамандық жұмыстағы ұқыптылығы бойынша бағаланады.
IX. Үйге тапсырма
- Құрақ құрау.
- Құрақ туралы апа-әжелеріміз айтқан аңыз-әңгімелерді жазып келу.
- Өз бетімен шағын көрпеше құрап келу.