Курсордың сол жағындағы символды жоятын перне
Сабақтың тақырыбы
Суреттермен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға Word бағдарламасының графикалық мүмкіндіктерін таныстыру. Мәтіндік құжатқа графикалық бейнені кірістіруді үйрету; басқа бағдарламалардан, сканерден және файлдардан сурет алып, мәтінге енгізу жолдарын түсіндіру; құжат бөліктерін көшіру және жылжыту дағдыларын қалыптастыру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігін арттыру, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін жетілдіру және алған білімін өмірде қолдана білуіне ықпал ету, пәнге қызығушылығын күшейту.
3) Тәрбиелік
Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, нәтижеге ұмтылуға, ұйымшылдыққа, жан-жақтылыққа, компьютерлік сауаттылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақтың типі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың түрі
- Панорамалық сабақ
- Көрнекілігі
- Буклеттер, карточкалар, кеспе қағаздар, интерактивті тақтаға дайындалған слайдтар.
- Құрал-жабдықтары
- Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік слайдтар, оқулық, Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы.
Сабақ жоспары
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
(1 минут)- Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- Оқушыларды топқа бөлу.
-
II. Үй тапсырмасын сұрау
(8 минут)Жазбаша тест жұмысын алу.
-
III. Жаңа сабақты түсіндіру
(12 минут) -
IV. Сабақты бекіту
(17 минут)- Деңгейлік тапсырмалар: компьютерде практикалық жұмыс.
- Информатикалық диктант.
- «Ғажайып алаң» сұрақтары.
-
V. Сабақты қорытындылау
(5 минут)Электронды оқулық арқылы тапсырмаларды орындау.
-
VI. Үй тапсырмасын беру
(1 минут) -
VII. Бағалау
(1 минут)
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Саламатсыздар ма, балалар! Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорындағы жұмысымызды жалғастырамыз. Сабақты бастамас бұрын, бүгінгі тақырыпқа байланысты сіздерді екі топқа бөлемін:
- I топ: Сурет
- II топ: Автофигуралар
II. Үй тапсырмасын тексеру
Жазбаша тест тапсырмалары.
1) MS Word мәтіндік процессорын қалай іске қосамыз?
- A) Пуск батырмасы арқылы
- B) Пуск → Все программы → Microsoft Office → Microsoft Office Word
- C) Пуск → Стандартные → Microsoft Office Word
2) Курсордың сол жағындағы символды жоятын перне:
- A) Shift
- B) Alt
- C) Backspace
3) Курсордың оң жағындағы символды жоятын перне:
- A) Ctrl
- B) Delete
- C) Home
4) Бас әріппен жазуға арналған перне:
- A) Shift
- B) Backspace
- C) Alt
5) Құжатты редакциялау дегеніміз не?
- A) Мәтіндік құжатқа сурет енгізу
- B) Мәтін қаріптерін өзгерту
- C) Өңдеу: енгізу, өшіру, көшіру, орын ауыстыру және құжат мазмұнын түзету