Токтың магниттік әрекеті

Сабақтың тақырыбы

Тоқ күші. Амперметр.

Жалпы мақсаты

  • Электр тогының күші және амперметр туралы негізгі мәлімет беру.
  • Амперметрді күнделікті өмірде, өндірісте және есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.
  • Топта бірін-бірі бағалай білуге баулу.

Күтілетін нәтиже

  • Электр тогының күші және амперметр туралы мағлұмат алады.
  • Амперметрді күнделікті өмірде, өндірісте және есептер шығаруда қолдануды үйренеді.

І. Ұйымдастыру (2 минут)

Сабақтың басталуы

  1. 1. Сәлемдесу.
  2. 2. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
  3. 3. Оқушыларды түгендеу.

Топқа бөлу

Оқушыларды формула арқылы топтарға бөлу. Сабақ бөлімдері көрсетілген карта арқылы құрылымымен таныстыру.

Ынталандыру сөзі

Болашақ — сіздердің қолдарыңызда. Отанымыз жаңа даму кезеңіне аяқ басты, ал ауқымды жаңғырту міндеттерін іске асыруда жас қазақстандықтардың рөлі ерекше. Сіздер — ел ертеңін қалыптастыратын буынсыздар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

Үй тапсырмасы сәйкестендіру тесті арқылы сұралады.

Сұрақтар

  1. 1.Электр тогы дегеніміз не?
  2. 2.Электр тогының пайда болуы және ұзақ сақталуы үшін қажетті әрі жеткілікті шарттарды атаңдар.
  3. 3.«Электр қозғаушы күші» дегеніміз не?
  4. 4.Зарядтардың бөлінуі дегеніміз не?
  5. 5.«Электр тогы» түсінігін алғаш рет кім енгізді?

Жауап нұсқалары

  • Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы.
  • Тоқтың әсерлері: жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық.
  • Бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасына тең шама.
  • Бөгде күштердің кулондық күштерге қарсы атқаратын жұмыс процесі.
  • Ампер.

ІІІ. Талқылау сұрақтары (2 минут)

  1. 1. Электр тогын қалай түсінесіңдер?
  2. 2. Ток көздері деген не?

ІV. Топтық жұмыс (15 минут)

«Жұптас — Ойлан — Бөліс» әдісі

  1. 1. Әр оқушы жеке ойланып, жауабын жазады.
  2. 2. Оқушылар жұптарға бөлініп, ең үздік ойларын біріктіреді.
  3. 3. Жаңартылған жауаптарын постерге түсіріп, сыныппен бөліседі.

V. Есептер шығару (13 минут)

1-есеп

Мөлшері 2000 мА, 100 мА, 55 мкА, 3 кА болатын ток күшін ампермен өрнектеп көрсетіңдер.

Жауабы

  • 2000 мА = 2 А
  • 100 мА = 0,1 А
  • 55 мкА = 55 · 10-6 А
  • 3 кА = 3000 А

2-есеп

Қыздыру шамы арқылы 0,4 А ток өтеді. Бір секундта шамның көлденең қимасы арқылы еркін зарядтардың қандай мөлшері өтеді?

Ескерту

Бұл есепте Q = I·t байланысын қолдануға болады (t = 1 с).