Бейнелеу өнерінің жанрларын ата

Ашық сабақ: «Сәулет өнері» (4-сынып)

Сабақ тақырыбы

Сәулет өнері

4-сынып

Мақсаты

  • Оқушыларды сәулет өнерімен, Қазақстан сәулет өнерінің даму ерекшеліктері мен жаңа мазмұнымен таныстыру.
  • Сәулет өнерінің әлеуметтік ортадағы орны туралы түсінік қалыптастыру.
  • Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы белсенділігін арттыру.

Көрнекіліктер

Слайдтар

  • Сәулет өнерінің дамуы
  • Ежелгі Қазақстан
  • Қазіргі Қазақстан: Алматы, Астана, Орал, Орда

Көрмелер

  • Сәулетшілер мен суретшілер туындылары
  • Мектеп оқушыларының сурет көрмесі
  • Кітаптар мен журналдар

Қолданылатын технологиялар

Н. Оразақынова: сатылай кешенді талдау

Стратегиялар: ой шақыру, түртіп алу, топтастыру.

В. Шаталов: тірек-сызбалар арқылы түсіндіру

Тақырыпты құрылымдап, негізгі ұғымдарды визуалды тірек арқылы бекіту.

Ж. Қараев: деңгейлеп-саралап оқыту

Оқушылардың мүмкіндігіне қарай тапсырмаларды деңгейлеп орындау.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.

Мұғалім сөзі: Бейнелеу өнері сабағында біз сурет салу дағдыларын дамытамыз, айнала қоршаған ортаны және оның әсем құбылыстарын бақылап, көре білуге машықтанамыз. Сонымен қатар, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын танып, өнер әлемі туралы білімімізді кеңейтеміз.

II. «Ой шақыру» стратегиясы

Өткен сабақтарда алған білімімізді еске түсіреміз.

Сұрақ 1

Бейнелеу өнерінің түрлерін ата.

Графика, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, сәулет, дизайн.

Сұрақ 2

Оларды талда.

Графика
Қарындашпен, бір түсті бояумен, көмірмен, пастельмен және басқа құралдармен орындалатын суреттер.
Кескіндеме
Түрлі түсті бояулармен (майлы бояу, акварель және т.б.) салынатын көркем шығарма.
Мүсін
Көлемі барлық қырынан көрінетін туынды; саз, ағаш, пластилин, мәрмәр, керамика және т.б. материалдардан жасалады.
Сәндік-қолданбалы өнер
Мата, қағаз сияқты материалдардан қайшы, ине-жіп, желім және т.б. құралдар арқылы жапсыру, құрастыру әдістерімен жасалатын бұйымдар.

Ескерту: Сәулет және дизайн тақырыптарын біз бүгінгі және келесі сабақтарда қарастырамыз.

Сұрақ 3

Бейнелеу өнерінің жанрларын ата.

Портрет, пейзаж, натюрморт, анималистік жанр, батальдық жанр, тұрмыстық жанр және т.б.