Процестерді электрондық кестелерде модельдеу
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
2-тоқсан, 3-бөлім: Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу
Сынып
7-сынып
Сабақ тақырыбы
Процестерді электрондық кестелерде модельдеу
Оқу мақсаттары
- 7.2.2.2 — электронды кесте элементтерін пішімдеу (форматтау)
- 7.3.3.1 — деректер типтерін жіктеу
- 7.2.2.4 — электронды кестеде шартты пішімдеуді қолдану
- 7.2.2.3 — электронды кестеде диаграммалар құру
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар
Компьютерлік модельдеу теориясын түсінеді және модельдеу кезеңдерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі
Үлгіні пайдаланып, компьютерде қарапайым модельдер құрады.
Кейбір оқушылар
Берілген үлгілерге сүйене отырып, модельдеу кезеңдерін жоспарлайды және компьютерде өз бетінше модельдер құрады.
Бағалау критерийлері
- Электронды кестеде пішімдеуді (форматтауды) қолданады.
- Шартты пішімдеудің түрін таңдайды және қолданады.
- Диаграмма типін таңдайды және электронды кестеде құрады.
- Үйренген білімдерін пайдаланып, тапсырмаларды орындай алады.
Тілдік мақсаттар
Лексика және терминология
Модель, модельдеу, адрес, абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестер.
Айтылым (диалог)
№1 тапсырмада орындалған компьютерлік модельдеу жұмысына талдау жасау.
Жазылым
Модельдеу кезеңдерін және үлгілерін жұмыс дәптеріне жазу.
Құндылықтарға баулу
Зайырлы қоғам және жоғары руханият: өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.
Пәнаралық байланыс
Математика
Формулалармен жұмыс жасау, есептеу және талдау дағдыларын қолдану.
Бейнелеу өнері
Сандық ақпаратты көрнекі (графикалық) түрде ұсыну үшін диаграмма түрлерін таңдау.
Алдыңғы білім
Ұяшықтарды форматтау, шартты форматтау және диаграммалар құру.
Сабақтың барысы
Сабақтың басы: ұйымдастыру және қызығушылықты ояту
Көңіл күй тренингі: «Шаттық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, есімінің алғашқы әрпіне сәйкес өз бойындағы бір жақсы қасиетін атайды.
Топқа бөлу: «Мозаика» әдісі
- 1-топ — «Математикалық модель»
- 2-топ — «Ақпараттық модель»
- 3-топ — «Компьютерлік модель»
Қалыптастырушы бағалау
«Бас бармақ» әдісі арқылы жедел кері байланыс.
«Кубизм» әдісі арқылы тексеріледі. Мақсат — ойландыру, бірнеше жауап нұсқасын алу және диалог жүргізу.
- Мәтіндік процессордағы кесте мен электронды кестенің айырмашылығы қандай?
- Қандай жағдайларда бірдей немесе әртүрлі деректер типтерін қолдануға болады?
- Кестедегі мәліметтерді есептеу мен талдауға арналған Excel-дің арнайы құралы қандай?
- Формула қандай белгіден басталады?
- Абсолюттік және салыстырмалы адрестердің айырмашылығы қандай?
- Шартты форматтау қандай мақсатта қолданылады?
Дескриптор
Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.
Саралау
Диалог және қолдау көрсету: алдын ала дайындалған нақты сұрақтар арқылы ойландыру және жауап алу.
Компьютерлік модельдеуде электронды кестелерді қалай тиімді қолдануға болады?
Тірі табиғат өкілдерінің техникадағы қандай модельдерін атай аласыздар?
Дескриптор
Әр топ өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап береді.
Саралау және бағалау
Жіктеу тәсілі: жеке ойлау → топта пікір алмасу → ортақ тұжырым. Өзара бағалау — стикер арқылы.
Сабақтың ортасы: жаңа тақырыпты меңгеру
Жаңа ақпаратты түсіну үшін топтар бір-бірін үйретеді. Әдіс: «Өкіл». Оқушылар оқулық мәтінімен танысып, негізгі ойларын постерге түсіреді.
1-топ — «Математикалық модель»
Компьютерлік модельдеу теориясы
2-топ — «Ақпараттық модель»
Компьютерлік модельдеу кезеңдері
3-топ — «Компьютерлік модель»
Қарапайым есептерді электронды кестелерде модельдеу
Дескриптор
- Мәтін бойынша өз көзқарасын білдіреді.
- «Модель» және «модельдеу» ұғымдарын түсіндіреді.
- Модельдеу кезеңдерін көрсетеді.
Саралау
Дереккөздер тәсілі: баспа және электронды дереккөздерді қатар пайдалану.
Постерлерді алмастыру арқылы әр топ келесі топтың жұмысымен «Өкіл» әдісі арқылы танысады.
Қалыптастырушы бағалау
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.
Мектеп және мұғалім туралы мәлімет
Мектеп
Қалдығайты ЖОББМ
Мұғалім
Жубаниязова Нургуль Маликовна