Қонақ деген кім. Сабақтың мақсаты

Пәні: Ана тілі (4-сынып)

Сабақтың тақырыбы

«Ара мен Шыбын» (Оспанхан Әубәкіров)

Әдісі

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Іздену

Көрнекілігі

  • Суреттер
  • Тірек сызба

Сабақтың мақсаты

  • Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
  • Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық ойлауын дамыту.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Адамның күлкісі — әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Күлкі арқылы адам таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс сезіміміздің сарайының ашылуына жол ашады.

Тапсырма:

Күлкі арқылы көңіл күйіңді білдіріп көр. Бір-біріңе жымиып, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

II. Жаңа сабақ

Кіріспе: автор туралы

Оспанхан Әубәкіров (1934–1986) — Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы өнер институтының театр факультетін бітірген.

Шығармалары:

«Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба» және басқа да жинақтары бар.

Негізгі ұғым: сатира

Оспанхан Әубәкіров — талантты сатирик. Сатирик — адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқыл арқылы суреттейтін жазушы.

Сабақ әрекеттері:

  1. 1. Үнтаспадан «Ара мен Шыбын» диалогін тыңдау.
  2. 2. Тірек сызба бойынша мысалды талдау.
  3. 3. Сурет бойынша Ара мен Шыбынға мінездеме, сипаттама беру.

Сабақты бекіту: «Кім мықты?» сайысы

Төмендегі үзінді бойынша тапсырмалар орындалады. Жұмысты тез әрі дұрыс орындаған оқушыларға ұпай беріледі.

Үзінді:

Келді араға Шыбын,

Жиып жатқан шырын,

Шақырды Шыбын қонаққа.

Ара келсе кешігіп,

Жатып қапты шешініп.

Қонақты дұрыс күтпепті,

Шыбынға ақыл жетпепті.

Талқылау сұрақтары

  • «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?
  • Қонақ деген кім?
  • Қонақтың қандай түрлері бар?
  • Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?

Шығармашылық тапсырма

Мысалдың мазмұнына сай мақал-мәтел тауып, дәптеріңе жаз.

Үлгілер:

  1. 1.Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.
  2. 2.Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза.
  3. 3.Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Қорытынды

  • Шыбын Араға не деді?
  • Ара оған неге олай жауап берді?

Үй тапсырмасы

  • «Ара мен Шыбын» мысалын мәнерлеп оқу.
  • Кестені толтыру (кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінезін салыстыру).

Бағалау

Оқушылардың тыңдалым, талдау және шығармашылық тапсырмалардағы белсенділігі мен жауаптарының дәлдігі негізінде бағаланады.