Жануарлар әлемін қорғау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мұғалім

Құдабаева Анаргүл Какимханқызы, бастауыш сынып мұғалімі

Мектеп

Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кенті, қазақ орта мектеп-гимназиясы

Тақырып

Жануарлар әлемінің сан алуандығы

Мақсаттар

Білімділік

Жануарлар әлемінің сан алуандығымен, яғни жануарлар түрлерінің өте көп болатынымен таныстыру.

Дамытушылық

Оқушылардың белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыру; ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік

Жануарларға қамқорлық көзқарасын қалыптастыру, жануарлар әлемін қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру.

Көрнекіліктер

  • Интербелсенді тақта
  • Қазақстан Республикасының картасы
  • Кестелер мен плакаттар

Кіріспе: көңіл күй мен ынта

Армысың, ару Күн!
Армысың, жақсы дос!
Бос өтпей әрбір күн —
Білімге білім қос!

Бүгінгі сабақ өлкетану мұражайының “Жануарлар” бөліміне саяхат түрінде өтеді. Негізгі мақсат — жануарлар әлемінің алуан түрлі екенін түсіндіру және табиғатты қорғау идеяларын бекіту.

Мұражайға кіріспес бұрын: білімді пысықтау

“Жануарлар” бөліміне өтпес бұрын мұражайдағы келесі бөлімдерге шолу жасап, бұрынғы білімімізді еске түсіреміз:

I. Адам

Адам мүшелері мен жүйелері туралы қысқаша қайталау.

II. Пайдалы қазбалар

Табиғи ресурстар туралы жалпы түсінікті бекіту.

III. Өсімдіктер

Өсімдіктердің түрлі ортаға бейімделуі мен топтарын жүйелеу.

I бөлім: Адам

Сыртқы мүшелері

Бас, көз, ауыз, мұрын, мойын, қол, аяқ.

Ішкі мүшелері

Ми, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек, ішек, қарын, қуық.

Қаңқа

Бас сүйек, қабырға, қол сүйектері, омыртқа, жамбас сүйектері, аяқ сүйектері.

Ас қорыту мүшелері

Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, бауыр, қарын, ішек, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек.

Тыныс алу мүшелері

Мұрын қуысы, кеңірдек, өкпе, оң жақ өкпе, сол жақ өкпе, ауа тамырлары.

Сезім мүшелері

Көз — көру, мұрын — иіс сезу, тіл — дәм сезу, тері — сипап сезу.

Жүйке жүйесі

Ми, жұлын, жүйке тамырлары.

III бөлім: Өсімдіктердің топтары

Ылғалсүйгіш өсімдіктер

Иваншай, сәлбен, қияқ, өлеңшөп, беде, құртқашаш.

Құрғақшылыққа төзімді

Сексеуіл, жантақ, сүтіген.

Жарықсүйгіш

Күнбағыс, мақта, жүгері, жолжелкен, бақбақ, қоңыраугүл.

Көлеңкеге төзімді

Қарғакөз, қырлышөп, итмұрын, арша.

Жылусүйгіш

Жүгері, қияр, қызанақ, мақта, қауын, қарбыз.

Суыққа төзімді

Бидай, арпа, сұлы.

Жергілікті жермен байланыстыру

Біздің ауданда өсімдік шаруашылығының негізгі түрлері: қызылша, соя, жуа, қауын, қарбыз және т.б.

Негізгі бөлім: жануарлар әлемі

Көптеген жануарлар өсімдіктермен қоректенеді. Ендеше табиғаттың маңызды бөлігі — жануарлар әлемімен танысайық. Интербелсенді тақта арқылы жануарлар топтары көрсетіледі.

Сүтқоректілер

Құстар

Балықтар

Қосмекенділер

Бауырымен жорғалаушылар

Бунақденелілер

Ой қозғау

Жануарлардың тіршілігі үшін не қажет?

  • Жарық
  • Жылу
  • Ауа
  • Су

Оқулықпен жұмыс: “Сен білесің бе?”

Құстар туралы: ең үлкені — Африка түйеқұсы (биіктігі 3 м, салмағы 90 кг). Ең жақсы жүзетін құс — пингвин (сағатына 30 км). Ең қырағысы — сұңқар (1 км қашықтықтағы жәндікті көре алады).

Жануарлар туралы: ең ірісі — Африка пілі (салмағы 6 т, биіктігі 4 м). Одан кейінгі ірі жануарлар — бегемот пен мүйізтұмсық. Ең биік жануар — керік (биіктігі 6 м, ұзындығы 7,5 м, салмағы 500 кг).

Төзімділік рекордтары: ең аштыққа төзімді жануар — кірпі (236 тәулікке дейін, шамамен 8 ай ұйқыда жатып, ас ішпей шыдайды). Ең шөлге төзімді — түйе (40 күнге дейін су ішпей жүре алады).

Көру ерекшелігі: үкі мен қоянның көру аймағы 170°-қа дейін жетеді; арт жағындағы заттарды да көре алады. Кірпігі болмағандықтан қоянның, балықтың және жыланның көзі ұйықтағанда толық жұмылмайды.

“Құста сүт жоқ” дегенге қызық дерек: балапандарын “сүтке ұқсас қоректік затпен” асырайтын құс — көгершін. Ал табиғи сүттің ең майлысы — тюленьде (сүтінің 43%-ы май).

Есту ерекшелігі: жыланның құлағы болмайды, дыбысты тілі арқылы сезеді. Ал көк шегіртке алдыңғы аяғының жіліншігі арқылы естиді.

Бекіту тапсырмалары

Викторина: су жануарларын ата

Төмендегі тізімнен суға жақын, суда тіршілік ететін жануарларды іріктеп айту:

Бегемот, ақ аю, кит, акула, камшат, қаз, үйрек, аққу, көкқұтан, ләйлек, бірқазан, шағала, қасқалдақ, бекіре, жайын, шортан, алабұға, сазан, табан, нәлім, көксерке, бақа.

Сөзжұмбақ

“Қ” дыбысынан басталатын құстардың атауын тап.

Экологиялық есеп

Тоқылдақ — орман дәрігері. Бір тоқылдақ күніне ағаш қабығын зақымдайтын шамамен 700 жәндікті жейді. Бір тоқылдақ бір айда қанша жәндікті жейді? Жауабыңды дәлелде.

Сенің ойың: дәлелде

Халық ертегілерінде және кейбір ауыл адамдарының түсінігінде қасқырды “жауыз”, “ұры” деп жек көреді. Неліктен? Өз пікіріңді айт.

Аю адамнан, ал адам аюдан қорқады. Сонда бұл екеуін бір-біріне жау деп айтуға бола ма?

Жануарларды қорғау қалай жүзеге асады? Мысал келтір: Қызыл кітап, қорықтар.

Қорғау мәдениеті: Қызыл кітап және қорықтар

Қызыл кітапқа енгізілген аңдар мен құстарды аулауға және атуға болмайды. Олар мемлекет тарапынан арнайы заңмен қорғалады. Қорықтар — жануарлар мен өсімдіктерді табиғи ортасында сақтауға мүмкіндік беретін ерекше қорғалатын аумақтар.

Қорытынды, үй тапсырмасы және бағалау

Қорытынды

Жануарлар әлемі өте алуан түрлі. Әр түр табиғат тепе-теңдігін сақтауға үлес қосады, сондықтан оны қорғау — ортақ міндет.

Үй тапсырмасы

  • Оқулықтағы материалды оқу (89–91-беттер).
  • Жергілікті жердің жануарларын анықтап, мәлімет жинау.
  • Бір жануарға сипаттама жазу.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлелділігі, тапсырмаларды орындау сапасы ескеріледі.