Еліктің лағының суретін салу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Ана тілі (2-сынып)
Тақырып
«Еліктің лағы»
Сабақ түрі
Жаңа сабақты түсіндіру
Әдіс-тәсілдер
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, тізбек әдісі
Жұмыс формасы
Жеке, жұптық, ұжымдық
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Еліктің суреті
- Торсық
- Мылтық
- Дүрбі
- Тымақ
- Түсіндірме сөздік
Сабақтың мақсаттары
Оқыту мақсаты
Мәтінді шапшаң оқып, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру; ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты
Балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты
Шығармашылық қабілетін дамыту; логикалық ойлауын арттыру; өз сөзімен әңгімелеуге және ой қорытындысын жасауға дағдыландыру.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру және үй тапсырмасы
- Үй тапсырмасын сұрау.
- «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысал-өлеңін мәнерлеп оқыту.
- Үй тапсырмасын қорытындылау.
2) Жаңа сабаққа кіріспе
Үнтаспадан тыңдату
Тақырыпқа назар аударту, мазмұнды қабылдауға дайындау.
Жаңылтпаш (жаттығу)
Жабайы маралдар бар,
Араларында жаралы маралдар бар.
Еліктер керіктерге еліктеді ме?
Керіктер, еліктерге еліктеме.
Тыйым сөздер
Киікті атқанды киесі ұрады,
Елікті атқанды егесі ұрады.
Осы тұста керік, елік, марал суреттері көрсетіледі.
3) Автор туралы мәлімет
Мамытбек Қалдыбаевтың өмірі мен қызметі туралы қысқаша әңгімелеу (оқушының жас ерекшелігіне сай, негізгі деректерді ғана қамту).
4) Мәтінмен жұмыс
Тізбек әдісімен оқу
Оқушылар мәтінді кезектесіп оқиды. Мұғалім оқу қарқынына, дыбыстау мен кідірісіне назар аударады.
Сурет бойынша әңгімелеу
Тақтадағы суретке сүйене отырып, әр азат жолдың мағынасын талдау және мазмұнын өз сөзімен айту.
5) Тақырып өзегі: «Елік» туралы қысқаша мәлімет
Сипаттамасы
Жабайы жануар
Тұқымдасы
Бұғы тұқымдас
Қимылы
Тез жүреді
Тілдік дерек
Якут тілінде «елік» — «тез, шапшаң, епті» деген мағына береді.
«Еліктің лағындай» деген теңеу әдемілікті, сұлулықты білдіреді.
6) Сөздік жұмысы
- Шоқы
- Тік, биік төбе.
- Нысана
- Көздеп ататын жер.
- Қарауыл
- Күзет.
- Мылтық
- Дәрімен ататын, ұзын ұңғылы қол қаруы.
- Тымақ
- Аң терісінен тігілген, суықта киетін баскиім.
- Дүрбі
- Алыстағыны жақындатып көрсететін оптикалық құрал.
- Жанторсық
- Ішіне сусын құйып, ердің қанжығасына байлап жүретін ыдыс.
7) Оқулықтағы суретпен жұмыс (сұрақ-жауап)
- Суретте не бейнеленген?
- Бойы қандай?
- Өзі қандай?
- Көзі қандай?
Шығармашылық тапсырма
Суретке қарап, шағын өлең құрастыру.
Ботақаным — лағым, Сылдырап аққан бұлағым. Су ішші ғой, кәнеки, Күтіп сені тұрамын.
Секең-секең — лағым, Сарқырап аққан бұлағым. Су ішші ғой, кәнеки, Күтіп сені тұрамын.
8) Сабақты қорытындылау
Қорытынды сұрақтар
- Бүгінгі өткен мәтіннің атауы қандай?
- Мәтін несімен ұнады?
- Аңшы қандай адам?
- Аңды неге атпады?
Бағалау және үй тапсырмасы
- Бағалау: оқушының оқу мәнері, түсінуі және қатысу белсенділігі ескеріледі.
- Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу.
- Үйге тапсырма: еліктің лағының суретін салу.
Мәлімет
Мектеп
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернат
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі: Егенбергенова Салима