Сабақтың тақырыбы. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Туындыны табу ережелері
- Сабақ типі
- Жаңа материалды меңгерту сабағы
- Сабақ әдісі
- Түсіндірме-көрнекілік
- Білім беру технологиясы
- Ж. Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» оқыту технологиясы
- Пәнаралық байланыс
- Физика
Көрнекіліктер
- «Туындыны табу ережелері» кестесі
- Деңгейлік үлестірмелер
Бұл сабақта оқушылар туындыны табу ережелерін және дәрежелі функцияның туындысын табу формуласын меңгеріп, оларды есеп шығаруда қолдануды үйренеді.
Мақсаттар
Мақсаты
Туындыны табу ережелерімен және дәрежелі функцияның туындысын табу формуласымен таныстыру; оларды есептер шығаруда қолдануға үйрету.
Дамытушылығы
Туынды ұғымы бойынша білімін тереңдету және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі
Ізденімпаздыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру және оқу жұмысына бағыттау.
-
II. Сабақтың мақсатын ашу
Туынды туралы білімімізді тереңдете отырып, туындыны табу ережелерімен және дәрежелі функцияның туындысын табу формуласымен танысамыз. Сонымен қатар оларды есеп шығаруда қолдануды үйренеміз.
-
III. Жаңа сабақты түсіндіру
1) Туындыны есептеудің үш ережесі және олардың дәлелдеулері
1-ереже (қосу ережесі)
Егер u және v функцияларының x нүктесінде u′, v′ туындылары бар болса, онда u + v функциясының да сол нүктеде туындысы бар және ол мына формуламен анықталады:
(u + v)′ = u′ + v′