Қашықтықты өрнек түрінде жазып көрсет

Тақырыбы: бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы

Мақсаты

  • Бір-біріне қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептерді шығару тәсілдерін меңгерту.
  • «Жақындау жылдамдығы» ұғымын қалыптастыру.
  • Қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдысын дамыту; ойлау, танымдық қабілет пен логикалық пайымдауды жетілдіру.
  • Пәнге қызығушылықты арттыру және өз ойын тұжырымдап, қорытынды жасай білуге баулу.
  • Тез әрі дұрыс жауап беруге, ұйымшылдыққа және белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Сабақ түрі
Топтық жарыс.
Әдістері
Түсіндіру, «Ой ашу» стратегиясы, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, логикалық тапсырма, көрнекілікпен жұмыс, жұптық жұмыс.
Көрнекілігі
Сызбалар, кестелер, тест тапсырмалары, қозғалысқа қатысты формулалар.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың дұрыс отыруын, оқу құралдарының толық болуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын. Сәлемдескеннен кейін сабақтың көңіл күйін ашатын шағын шумақ айтылады:

Бүгінгі күн терезеден,
Бізге, міне, тұр қарап.
Сондай жақсы көңіл күймен,
Басталады бұл сабақ.

Оқушылар математикалық шамалар арқылы топтарға бөлінеді. Сабақ жарыс түрінде өтетіндіктен, әр топ ұранымен таныстырылады.

I топ

Қозғалыс

Ұраны: «Қозғаламыз алға біз, кедергіге қарамай!»

II топ

Жылдамдық

Ұраны: «Жылдамдықты сақтаймыз, жарысуды бастаймыз!»

III топ

Уақыт

Ұраны: «Уақытты текке біз, өткізбейміз себепсіз!»

IV топ

Қашықтық

Ұраны: «Қашықтыққа қашпаймыз, сұрақтардан саспаймыз!»

Сабақ ерекше форматта, жарыс түрінде өтеді. Белсенді қатысып, білімімізді көрсетейік. Таңертеңгі жаттығу денені сергітсе, бүгін сабағымызды ой жаттығуынан бастаймыз.

II. «Ой ашу» стратегиясы

Төмендегі тапсырмалар арқылы жылдам есептеу дағдымызды және уақытпен жұмыс істеу шеберлігімізді тексереміз.

Ауызша есептеулер

  • 84264 : 2 =
  • 13042 × 2 =
  • 63297 + 19906 =
  • 31202 – 80090 =

Уақытпен жұмыс

  • 2 сағ 45 мин + 54 мин =
  • 1 сағ 12 мин – 47 мин =

№2 есеп

Берілгені: t — бірдей, u₁ = 310 км/сағ, u₂ = 275 км/сағ, s — ?

Шешуі: vжақындау = u₁ + u₂ = 310 + 275 = 585 (км/сағ)

Жауабы: екі ауылдың арақашықтығы 585 км.

№3 есеп

Берілгені: t — бірдей, u₁ = 27 км/сағ, u₂ = 7 км/сағ, s — ?

Шешуі: vжақындау = u₁ + u₂ = 27 + 7 = 34 (км/сағ)

Жауабы: екі бағыт қарама-қарсы қозғалғанда жақындау жылдамдығы 34 км/сағ болады.

№4 тапсырма

Қашықтықты өрнек түрінде жазып көрсетіңіз: бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс және жақындау жылдамдығы ұғымдарын қолданыңыз.