Біржасушалы қарапайымдардың негізгі қорегі
"Биология пәнінен дидактикалық тапсырмалар жинағы"
(сөзжұмбақтар мен тест тапсырмалары)
Биология 7сынып
Алғысөз
Әдістемелік құралды құрастырған кезде Қайым, Р. Сәтімбеков, Ә. Әметов, Ж. Қожантаева " Биология" пәніне арналған 7 сынып оқулық материалдары пайдаланылды. Биология пәнінің 7 сыныбына арналған сөзжұмбақтар мен тақырыптық тест материалдары жауаптарымен берілген. Тест тапсырмаларының мазмұны оқу бағдарламасы көлемінен аспайды. Тест тапсырмалары жабық түрде беріліп, 5 жауап нұсқасынан дұрыс бір ғана жауапты таңдауды ұсынады.
Бұл тапсырмаларды орындау арқылы мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеттері жетіледі және функционалдық сауаттылығын дамытады.
Бұл әдістемелік құрал қазақ тілінде жүретін сыныптардағы биология пәні мұғалімдері мен оқушыларына арналған.
I - бөлім. Тақырыптық сөзжұмбақтар
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Біржасушалылар".
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1. Біржасушалы қарапайымдардың негізгі қорегі? (Бактерия)
2. Біржасушалылардың көбею жолы? (Бөліну)
3. Денесінен жарық бөліп, түнге қарай теңізді нұрға бөлейтін талшықтылар өкілі? (Түншырақ)
4. Амебаның қозғалу мүшесі? (Жалғанаяқ)
5. Пішіні тұрақсыз біржасушалы қарапайым? (Амеба)
6. Біржасушалылардың қолайсыз жағдай туғанда қорғану үшін түзетін заты? (Циста)
7. Кірпікшелі кебісшенің ядро саны? (Екеу)
8. Эвгленаның қозғалу мүшесі? (Талшық)
9. Бақа ішегінің артқы ұшында тіршілік ететін көп ядролы, біржасушалы қарапайым? (Опалина)
10. Шоғыр болып, тіршілік етуге бейімделген қарапайым ағза? (Вольвокс)
11. Кокцидоз ауруын таратын қарапайым ағза? (Құртамыш)
12. Амеба цитоплазмасының ішкі қабатының атауы? (Энтоплазма)
13. Көптеген қарапайымдардың денесін сыртынан қаптайтын өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабат? (Пеликулла)
14. Қарапайымдыларды зерттейтін ғылым саласы? (Протозология)
Сөзжұмбақ: "Ішекқуыстылар"
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1. Гидраның жыныссыз жолмен көбею түрі? (Бүршіктену)
2. Гидра жемін не арқылы аузына апарып, жұтады? (Қармалауыштар)
3. Пішіні қолшатыр немесе қоңырауға ұқсас еркін жүзе алатын ішекқуыстыны ата? (Медуза)
4. "Теңіз гүлі" деп аталатын ішекқуыстылар? (Актиния)
5. Ішекқуыстыларда атпа жасушалар қорегін аулаудан басқа қандай қызмет атқарады? (Қорғаныш)
6. Ұрықтанған жұмыртқадан түзілген денесі кірпікшелермен қапталған дернәсілі қалай аталады? (Планула)
7. Медузалардың дыбыс тербелісін сезгіштігін зерттеу арқасында теңіз дауылын алдын ала болжайтын қандай аспапты ойлап шығарды? (Медуза құлағы)
8. Табақшатәрізділер класының басқаша аталуы? (Сцифоидтар)
9. Отырықшы ішекқуыстылардың белгілі бір затқа төменгі жағымен бекінетін бөлігі қалай аталады? (Табан)
10. Гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар қалай аталады? (Аралық)
11. Көп және аяқ сөздерінің қосындысын білдіретін термин сөз? (Полип)
12. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі қалай аталады? (Регенерация)
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Гидратәріздестер класы".
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1. Бірде табанымен, бірде қармалауыштарымен бір жерден екінші жерге адымдап, "тоңқаңдай" қозғалатын ішекқуыстылар типінің өкілі? (Гидра)
2. Гидраның зақымданған бөлігіндегі жойылып кеткен жасушалардың аралық жасушалардан қайтадан пайда болу құбылысы қалай аталады? (Регенерация)
3. Гидра денесінің сыртын қаптап жауып жататын қабат? (Эктодерма)
4. Гидраның ауыз тесігінің айналасында орналасқан қорегін ұстауға қатысатын өсінділерді ата? (Қармалауыш)
5. Гидра денесінің затқа бекінетін жағының атауы? (Табан)
6. Гидраның қорғануға, қорегін аулауға қолданылатын жасушаларының аты? (Атпа)
7. Гидраның денесі қандай симметриялы жәндіктерге жатады? (Сәулелі)
8. Гидраны ең алғаш тауып сипаттаған ғалым? (Трамбле)
9. Гидраның жыныссыз көбею жолы? (Бүршіктену)
10. Гидраның сыртқы және ішкі қабаттарының арасындағы қуысты толтырып тұратын желім тәрізді іркілдек зат? ( Мезоглея)
11. Гидраның асқорыту қуысын астарлап жатқан қабаты? (Энтодерма)
12. Гидраны алғаш туысқа жатқызған ғалым? (Линней)
13. Гидраның дене пішіні сақталатын орта? (Су)
II - бөлім. Тест тапсырмалары
Біржасушалы жануарлар
1. Белгілі дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер:
А) кірпікшелілер
В) плазмалылар ++
С) талшықтар
Д) бунақденелілер
Е) ішекқуыстылар
2. Біржасушалы қарапайым жәндіктерде зәршығару мүшесі:
А) жасыл без
В) жабынды қабықша
С) жиырылғыш вакуольдер++
Д) несепағар
Е) бүйрек
3. Вольвокс шоғырының пішіні:
А) үтір В) таяқша С) шар++
Д) спираль Е) оралма
4. Денесі кірпікшелермен қапталған, цитоплазмасында бір үлкен және бір кішкене - екі ядросы болатын:
А) безгек паразиті
В) қантышқақ амеба
С) жасыл эвглена
Д) кірпікшелі кебісше++
Е) кәдімгі амеба
5. Арцелланың қозғалу мүшесі:
А) қылауатқышы
В) кірпікшелері
С) жалғанаяқтары++
Д) табанымен
Е) талшықтары
6. Өсімдік пен жануарлардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік:
А) арцелла В) домалаңғы
С) амеба Д) жасыл эвглена++
Е) кірпішелі кебісше
7. Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі:
А) безгек паразиті В) лейшмания++
С) қантышқақ Д) кірпікшелер
Е) талшық
8. Амебаның пішіні:
А) шар тәрізді В) дөңгелек
С) тұрақсыз++ Д) сопақша
Е) таяқша
9. Жасушасында хлоропластары бар қарапайым жәндік:
А) арцелла
В) амеба
С) дизентерия амебасы++
Д) вольвокс
Е) кірпікшелі кебісше
10. Адам мен жануарлардың ішінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайтын біржасушалы қарапайым жәндік:
А) амеба В) дизентерия амебасы++
С) эвглена Д) лейшмания Е) арцелла
11. Қарапайымдылар түрлерін алғаш ашқан ғалым:
А) Роберт Гук
В) К. А. Тимирязев
С) Әкелі - балалы Янсендер
Д) С. Г. Навашин
Е) Антони Ван Левенгук++
12. Денесінде бақалшағы бар бір жасушалы қарапайым жәндік:
А) амеба В) кірпікшелі кебісше
С) арцелла++ Д) эвглена Е) лямблия
13. Қазіргі кезде қарапайымдылардың... мыңға жуық түрі белгілі.
А) 80 мың В) 70 мың++ С) 50 мың
Д) 40 мың Е) 60 мың
14. Паразитті тіршілік ететін амебаның түрі:
А) бақалшақты В) бақалшақсыз
С) кәдімгі Д) сәулелі
Е) қантышқақ++
15. Құм шіркейлері арқылы таралатын тері ауруының түрі:
А) безгек ауруы В) лейшманиоз++
С) дизентерия Д) гоммоз
Е) қышыма ауруы
16. Ұйқы ауруын қоздырғышы:
А) лямблия В) трипаносома++
С) опалина Д) лейшмания
Е) инфузория
17. Аш ішекте және өт жолында тіршілік ететін паразит қарапайым жәндік:
А) лямблия++
В) қантышқақ амебасы
С) құртамыш
Д) безгек паразиті
Е) трипоносома
18. Жасыл эвгленаның кірпікшелі кебісшеден айырмашылығы....
А) кірпікшелердің болуы
В) жарықсезгіш көздің болуы++
С) ядросының болуы
Д) қылауатқышының болуы
Е) гетеротрофты жолмен қоректенуі
19. Кірпікшел кебісшенің сезімталдық қызметін атқарады:
А) тері жабыны
В) дендрит
С) арнайы талшықтар++
Д) аксон
Е) мұртшалар
20. Біржасушалылардың түр саны:
А) 50 мың В) 40 мың С) 70 мың++
Д) 80 мың Е) 60 мың
Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі
Биология пәнінің мұғалімі:
Смайлова Рсалды Кадиржановна
Биология пәнінен дидактикалық тапсырмалар жинағы (сөзжұмбақтар мен тест тапсырмалары). жүктеу
Жануар ағзасының ерекшеліктері
Қарапайымдылар
Бір клеткалы жәндіктердің тіршілік ортасы
ҚАРАПАЙЫМ АМЕБА ЖАЙЛЫ
Қарапайымдылардың клетка құрылысын, көбею жолдарын, систематикасын табиғаттағы маңызын зерттеу
Қарапайым амеба
Биологиядан ҰБТ-ға арналған шпаргалка
Биология сабақтарында тірі табиғат бұрышында пайдалану
Тірі табиғат бұрышында омыртқасыз жануарларды орналастыру және күту
Жануарлар
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Негізгі қорларды қйта жандандыру тәсілі – күрделі қаржыны жұмсау
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі
Туризмді экономиканың саласы ретінде дамытудың негізгі бағыттары. Оңтүстік Қазақстан облысы
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары
Бүгінгі күндегі ата ұрпақтары қордың негізгі 4 түрлі мақсаты бар деп есептеледі
Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдар
Басқару есептерінің қойылымы Технологиялық урдістерді оперативті басқарудың негізгі есебі