Ертегіні оқу

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Мәтіндегі негізгі ойды ашып, идеясын ұғындыру; жақсы қасиеттерді қалыптастыру; Оспанхан Әубәкіров туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік

Жаман әдеттерден жирендіру, тазалыққа баулу; кейіпкер әрекетіне көзқарас білдіруге үйрету; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Сыни ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды ұштау; танымдық белсенділікті арттыру; дүниетанымды кеңейту.

Жаңа сабақ: «Сүт қалай ұйықтады?»

Логикалық ойын: санды ретімен қойып, тақырыпты ашу.

Автор туралы

Оспанхан Әубәкіров (1934–1986) — Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Әзіл-сықақ жанрының шебері. «Қоңырау», «Бөдене» сияқты жинақтары бар.

Жаман әдеттер: себеп пен салдар

Жаман әдеттердің үлгілері

тәкаппарлық еріншектік мақтаншақтық салақтық өсек жалқаулық тәртіпсіздік ұйқышылдық

Ұйқышылдықтың салдары

  • Сабаққа кешігу
  • Жігердің бәсеңдеуі
  • Талаптың төмендеуі
  • Істің өнбеуі

Жаңылтпаш

Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

Ой тастайтын жолдар

Ұйқы деген дұшпан бар,
Тұла бойды талдырар,
Жолдан, істен қалдырар.

Мағынаны тану: ертегімен жұмыс

Ертегіні оқу, мазмұнын талдау және негізгі ойды анықтау арқылы мәтінді терең түсінуге бағытталған тапсырмалар.

Талдау сұрақтары

  1. Автор ертегіде қандай әрекетті суреттейді?
  2. Бір күні сүтке не болды?
  3. Ел-жұрт неге таңғалды?
  4. «Ұйықтаймын» деген ниет сүтті қандай күйге түсірді?
  5. Ертегідегі сүт пен айранның әрекетін білдіретін сөздер мен тіркестерді тауып, сипатта.
  6. «Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты» деген жолдың мағынасын қалай түсінесің?
  7. Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолдарды тап.
  8. Ертегіге қатысты мақал-мәтелді анықта.
  9. Ертегідегі ел сөзін тауып, әуеніне сай оқы.
  10. Ертегілердің қандай түрлері бар?

Топтық жұмыс

I топ

«Ұйықтады» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

II топ

Есепті шығар: бірінші ыдыста 16 литр сүт бар, екінші ыдыста 6 литрге кем. Екі ыдыста барлығы неше литр сүт бар?

Сергіту сәті

Берілген буындардан сөз құрау.

Қай  рім  сүз  шұ  мыз  кө  і  ай  шік  же  бат  ран  ран  мақ  бе  ай  қы  май

Тапсырма: буындарды дұрыс біріктіріп, мағыналы сөздер құрастыр.

Қорытынды

Негізгі түйін

Ертегідегі «Көп ұйықтаған — зиян» деген ойдан әркім өзіне сабақ алады: уақытты қадірлеу, еңбекке ұмтылу, тәртіп сақтау — нәтижеге бастайтын дағдылар.

Талқылау сұрақтары

  • Сүттің бойында қандай қасиет бар?
  • Ертегі нені ескертеді, нені үйретеді?

Тыйым сөз

Кісі есінегенде бетіне қарап күлме. Егер өзің есінесең, аузыңды қолыңмен қалқала.