Мұғалімнің сұрақтары
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Microsoft Word 2010 бағдарламасында кесте құру технологиясымен оқушыларды таныстыру.
Дамытушылық
Оқушыларды ақпараттық мәдениетке баулу және информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Оқушылардың материалды саналы түрде меңгеруіне ықпал ету және техникаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары
Оқу үдерісі кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
-
1-кезең Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық
-
2-кезең Білу
Алдыңғы білімді еске түсіру
-
3-кезең Түсіну
Тақырыпты мағыналық ұғыну
-
4-кезең Қолдану
Практикалық орындау
-
5-кезең Талдау
Бөліктерге жіктеу және салыстыру
-
6-кезең Синтез
Жинақтау және қорытындылау
-
7-кезең Бағалау
Нәтижені тексеру және кері байланыс
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін таныстыру. Оқушыларды топқа бөліп, қысқа жаттығу орындату.
II. Сабақтың өзектілігі (білу)
Мұғалімнің сұрақтары
-
1. Кестені қайда және қандай мақсатта қолданады?
-
2. Кестенің қандай элементтері саған таныс?
-
3. Барлық кестені, жолды және бағанды бірдей бөліп алуға болады деп ойлайсың ба? Оны қалай жасауға болады?
-
4. 6 жол мен 4 бағаннан тұратын кестеде қанша ұяшық болады?