Өткен сабақта кім туралы оқыдық

Сабақ тақырыбы мен бағыты

Тақырыбы

Қазақстан. Қасым Аманжолов

Сабақ форматы

  • Типі: аралас сабақ
  • Түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту
  • Әдіс-тәсілдері: интерактив, сұрақ-жауап, топтастыру
  • Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
  • Көрнекілігі: графпроектор, магнитті тақта, фломастер, оқулық, дәптер

Мақсаты

Білімдік

  • Туғанына 100 жыл толып отырған ақын өмірі туралы мағлұмат беру.
  • Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын аша білуге үйрету.
  • Өлеңді теориялық тұрғыдан талдай білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетін дамытуға, тіл байлығын арттыруға ықпал ету.

Тәрбиелік

Отансүйгіштікке, сөз өнерін қадірлеуге, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ жоспары

  1. 1) Психологиялық дайындық

    Ынтымақ, назар, жылы қарым-қатынас орнату.

  2. 2) «Жұлдызым жоғары»

    Үй тапсырмасын тексеру және бекіту.

  3. 3) «Ол ақын еді»

    Поэзиялық сәт, үзінді оқу.

  4. 4) «Ұлы тұлға»

    Жаңа тақырыпқа кіріспе.

  5. 5) «Жаңа толқында»

    Өлеңмен жұмыс, сөздік, талдау.

  6. 6) Сұхбат

    Мәтін бойынша сұрақ-жауап.

  7. 7) «Бірге ойланайық!»

    Тақырыпты бекіту, тіркес құрау.

  8. 8) Тілек және рефлексия

    Қорытынды, «тілек» формуласы.

Сабақ барысы

1) Психологиялық дайындық

Мұғалім оқушылармен және қонақтармен амандасып, сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастырады.

Сәлемдесу өлеңі

Сабағымызға келгендер,

Сәлем бердік бәріңе.

Ізгілікке сенгендер,

Сәлем бердік бәріңе!

Өз бақытын өзгемен

Тең бөлісе білгендер,

Сәлем бердік бәріңе!

Оқушылар бір-біріне қарап, ортақ тілек айтады:

Сәтті өтсін сабағымыз,

Ашық болсын қабағымыз!

Ұйымдастыру сұрақтары

  • Сыныпта кім жоқ?
  • Үйге қандай тапсырма берілді?

2) «Жұлдызым жоғары» — үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру үшін «Жұлдызым жоғары» ойыны ойналады: әр дұрыс жауап сайын оқушылар өз «жұлдызын» жарқырата түседі. Тәртіп сақталып, жауап тек қол көтеру арқылы беріледі.

Сұрақтар

  • Өткен сабақта кім туралы оқыдық?
  • Қайрат кім? Ол қандай адам?
  • «Қорқу», «сескену» сөздерін Қайрат қалай түсіндіреді?
  • «Қорқақтық» дегенді қалай түсіндіреді?
  • Ізденіс: Қайрат туралы тағы не білеміз?
  • Желтоқсан құрбандарынан тағы кімдерді атай аласыңдар?

Топтастыру: Қайраттың қасиеттері

Тақтадағы «жұлдыздың» бес тармағына Қайраттың бес қасиеті жазылады:

батыр халық қаһарманы Отан сүйгіш қайсар рухты ақын

3) «Ол ақын еді» — поэзиялық минут

Қайраттың түрмеде жүріп, қорықпай, алда тұрған асыл міндеттерге үндейтін жігерлі өлеңдерінен үзінді тыңдалады. Бұл сәтте «Желтоқсан желі» әнінің әуені қойылып, оқушылар өлең жолдарын мәнерлеп оқиды.

4) «Ұлы тұлға» — жаңа тақырыпқа кіріспе

Бүгін оқушылар отансүйгіш ақын, халқымыз «Қыран қанатты» деп бағалаған Қасым Аманжоловпен танысады. Биыл — ақынның туғанына 100 жыл толған мерейтойлы жыл.

Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ол мұғалімдік мамандықты таңдаған, сонымен бірге өзге тілдерден қазақ тіліне көркем аудармалар жасаған аудармашы. 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын. 1955 жылдың 18 қаңтарында ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болған.

Негізгі акцент

  • Тұлға: Қасым Аманжолов
  • Мерейтой: 100 жыл
  • Құндылық: отансүйгіштік, рух, сөз өнері

5) «Жаңа толқында» — өлеңмен жұмыс

Тыңдалым және алғашқы әсер

Қасым Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңінен үзінді магнитофоннан тыңдалады. Оқушыларға: «Өлең ұнады ма? Қандай ой түйдіңдер? Не туралы?» деген сұрақтар қойылады.

Іштей оқу және белгілеу

Оқушылар өлеңді іштей оқиды. Карандашпен түсініксіз сөздердің астын сызып отырады.

Сөздік жұмысы

Балқаш
Балқаш көлі маңындағы өндірісті қала (картадан көрсету).
«Қас тағдырдың қиқаны»
Қиындықтың ауыртпалығы.
Т.б.
Оқушылар түсініксіз деп тапқан өзге сөздермен жұмыс.

Кітап және дәптермен жұмыс

Мәнерлеп оқу

Әр шумақты оқушылар кезекпен дауыстап оқиды.

Өлеңді талдау (дәптерге)

  • Тақырыбы
  • Авторы
  • Жанры
  • Азат жол (негізгі ой/еркін пікір)
  • Жаңа сөз

6) Сұхбат — мәтін бойынша сұрақ-жауап

Талдау барысында оқушылар өлеңнің идеясын ашуға бағытталған сұрақтарға жауап береді.

Талқылау сұрақтары

  • Ақын бұл өлеңде нені айтқысы келді?
  • «Бақытты қазақ баласы» деп қай шумақты атауға болады?
  • Ақынның қуанышын білдіретін жолдарды мәтіннен тауып оқы.
  • Ақын неге шаттанады деп ойлайсың?

Бағдар

Оқушылардың жауаптары Қазақстан жерінің кеңдігі, еңбектің қайнауы, туған жердің қасиеті, халықтың кеңпейілдігі мен еркіндігі сияқты негізгі ұғымдарға тоғысады.

7) «Бірге ойланайық!» — бекіту

Сөз тіркестерін құрау (98-бет, 5-жаттығу)

«Жеріміз»

қасиетті жеріміз, киелі жеріміз

«Қазақпыз»

кең далалы қазақпыз, кеңпейілді қазақпыз

«Намыс»

ел намысы

«Азат»

азат жігіт, азат қыз

«Құл»

құл емеспіз

«Жанбыз»

еркін жанбыз

Сөйлем құрау және балама сөздер

Сөйлем құрау

  • Қазақстан — біздің қасиетті жеріміз.
  • Қазақстан — кең далалы мекен.

«Қазақстан» сөзінің баламалары

Отан, туған жер, атамекен.

Тренинг: «Сіз білесіз бе?»

Әр оқушы көршісіне «Сіз білесіз бе?» деп бастап, бүгінгі сабақтан үйренген бір жаңалығын айтады. Тізбек осылайша жалғасып, Қазақстан, Қасым Аманжолов, Қайрат Рысқұлбеков туралы білім бекітіледі.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

Қасым Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңін жаттау.

8) Рефлексия — «Тілек»

Оқушылар тақтадағы өлең жолдарын тиісті сөздермен толықтырып оқиды.

Өлең жолдары

... болғым келеді, жер байлығын ақтарған.

... болғым келеді, гүл жасайтын тастардан.

Асқақтаған ... болып, шалқып тұрғым келеді.

Жарқыраған ... болып, балқып тұрғым келеді.

Керекті сөздер

ғалым жалын күй күн

Мұғалімнің тілегі

  • ғалымның ізденімпаздығы
  • жалынның күштілігі
  • күйдің шабыт-оты
  • күннің жылуы