Сайыс әділ билерді тағайындалсын депті

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай

Тақырыбы

Тапқыр достар

Сабақ форматы

Түрі: сайыс сабақ
Типі: ертегі желісі, сұрақ-жауап, жұмбақ, мақал-мәтел, тапсырмалар

Мақсаты

  • Оқушылардың білімін, жан-жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын дамыту және тексеру.
  • Еңбекке баулу пәні бойынша алған білімдерін бекіту, шығармашылыққа баулу.
  • Өз ойын еркін, жүйелі жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар

Фотоаппарат Видеокамера Интерактивті тақта Шар

Сабақтағы тапсырмалар визуалды материалдармен және топтық жұмыс арқылы орындалады.

Әділқазылар

  1. 1 Ж. Қалиева
  2. 2 А. Кәдірбай
  3. 3 Ғ. Жұмахаметова

Сабақ барысы: ертегі желісіндегі сайыс

Жүргізуші сөзі

Баяғы өткен заманда Білім деген ауылда Еңбек атты патша өмір сүріпті. Оның сұлу да ақылды жалғыз қызы болыпты. Күндердің күнінде қызын ұзататын уақыт та келіпті.

Бір күні патша: «Халықты жинаңдар. Жарлығымды айтыңдар. Кім менің жеті шартымды орындаса, патшалығымды да, айдай сұлу қызымды да соған беремін», — депті. Сайыс әділ өтуі үшін әділқазылар тағайындалыпты.

Көрерменге үндеу

Уа, көрермендер жиналған, әр ауылдан келіпті: сұлу қызды көруге, хан тағына мінуге, бақ сынасып білуге. Ендеше, сайыстырып көрейік — білімдерін білейік.

Топтар

  • I топ: «Зергер» ауылынан келгендер
  • II топ: «Шебер» ауылынан келгендер
  • III топ: «Өнер» ауылынан келгендер

Әр топ таныстырылым жасап, бір-бір мақалдан айтады.

Сайыс шарттары (7 кезең)

1) Ақыл — азбас байлық

Сұрақ-жауап арқылы ұғымдарды анықтау.

2) Өрнегі көптің — ермегі көп

Ою-өрнектің атауы беріледі, сол өрнектің суреті салынады.

3) Оймен қане өсейік

Ойлы жұмбақтарды шешу.

4) Күшіңе сенбе, ісіңе сен

Суретке қарап композиция құрастыру (жедел жұмыс).

5) Тауып сөйлесең — күміссің

Анаграмма шешу, артық сөзді табу.

6) Жүйелі сөз — жүйесін табар

Сөз құрау тапсырмасы.

7) Білімді мыңды жығар

Мақал-мәтелдің жалғасын табу және орыс тіліне аудару.

1-кезең: «Ақыл — азбас байлық» (сұрақ-жауап)

I топ

  1. Гүл композициясын құрастыру өнері: икебана
  2. Сурет, портретті салып, іліп қоятын бұйым: жақтау
  3. Орындалатын бұйымның сызықтық бейнесі: сызба
  4. Жан-жануардың немесе адамның бейнеленген пішіні: мүсін
  5. Қағазды бүктеу арқылы фигуралар жасау тәсілі: оригами

II топ

  1. Жеке бөліктерден құралған туынды: композиция
  2. Ыдыс-аяқ қоятын жиһаз: асадал
  3. Мата бетіне түрлі-түсті жіппен тігілген өрнек: кесте
  4. Қағазды төрт бүктеп қиғанда шығатын өрнек түрі: тұтас өрнек
  5. Көркем бейнелі қатты қағаз бұйым: ашық хат

III топ

  1. Кесте тігуге арналған түрлі-түсті жіптер: мулине
  2. Қағаз массасынан жасалған қатты бұйым: папье-маше
  3. Үй бұйымы, мүлік: жиһаз
  4. Заттарға жылтыр түс беретін сұйықтық: лак
  5. Сәндік үшін жасалған түрлі-түсті әшекей: шашақ

2-кезең: «Өрнегі көптің — ермегі көп»

Бұл кезеңде қатысушылар шарды жарып, ішіндегі қағаздан ою-өрнек атауын оқиды да, сол өрнектің суретін салады.

Ботамойын Құс қанаты Қошқар мүйіз

3-кезең: «Оймен қане өсейік, ойлы жұмбақ шешейік»

Басқаны киіндіреді, ал өзі киінбейді.

Жауабы: ине

Қос құлақты, жүзі тісті, жүзінен бір із түсті.

Жауабы: ара

Жартысы ағаш, жартысы темір.

Жауабы: пышақ

Жүргізуші

Бес саусағым — бес өнер,
Он саусағым — он өнер.
Досым болсаң сен егер,
Өнерімді көре бер.

4-кезең: «Күшіңе сенбе, ісіңе сен»

Суретке қарап қыс композициясын құрастыру.

5-кезең: «Тауып сөйлесең — күміссің» (анаграмма)

Берілген сөздерден анаграмманы шешіп, артық сөзді анықтайды. Қалғандарын бір сөзбен атайды.

I топ

  • ашқый — қайшы
  • ілжем — желім
  • ғазақ — қағаз
  • шақып — пышақ
  • марлұт — алмұрт

II топ

  • сайқа — айқас
  • мелік — ілмек
  • ағшиқ — қиғаш
  • сетек — кесте
  • дықсан — сандық

III топ

  • қағжаң — жаңғақ
  • табұт — бұтақ
  • недәрд — дәндер
  • қарапыж — жапырақ
  • ашаинм — машина

6-кезең: «Жүйелі сөз — жүйесін табар» (сөз құрау)

Берілген сөз

Құмырсқа

7-кезең: «Білімді мыңды жығар» (мақал-мәтел)

Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, орыс тіліне аударады.

Қанша жуан болса да,
жалғыз ағаш — үй болмас.

Аудармасы: дерево

Өнерлінің қолы алтын,
өлеңшінің сөзі — алтын.

Аудармасы: слово

Жігітке жеті өнер де аз,
жетпіс өнер көп емес.

Аудармасы: искусство

Қорытынды

Әділқазылар шешімі

Сайысты қорытындылау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жүргізушінің жабылу сөзі

«Өткірдің жүзі, кестенің бізі —
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан, білмеске арзан —
Надандар баға ала алмас.»

— Абай