Ортасында ілгегі, Ілгегінде ілгені

Балаларға арналған «Жұмбақтар» жинағы

Төмендегі жұмбақтар балалардың ойлауын, тіл байлығын және байқампаздығын дамытуға арналған. Әр жұмбақтан кейін жақша ішінде жауабы берілген.

Көкөністер мен жемістер

Жуа туралы

Ызақор бұғып жатыр, сақалы шығып жатыр.

Жауабы: жуа

Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады.

Жауабы: жуа

Орамжапырақ

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім. Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.

Жауабы: орамжапырақ

Қызылша

Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр.

Жауабы: қызылша

Қарбыз

Сырты жасыл қатты, іші қызыл тәтті.

Жауабы: қарбыз

Көк лағым көгенде жатып семіреді.

Жауабы: қарбыз

Жасыл ала дөңгелек, бақшада жатыр дөңгелеп.

Жауабы: қарбыз

Қауын

Жерде жатып желінеді, күз түскенше желінбейді.

Жауабы: қауын

Қияр

Әр желінің асты толған көк қоян, жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.

Жауабы: қияр

Алма

Бұтағында азығы, ортасында азығы.

Жауабы: алма

Қауын мен қарбыз (қос жұмбақ)

Сары қозы, көк қозы, қарындары тоқ қозы. Күздігүні көп қозы, қыстыгүні жоқ қозы.

Жауабы: қауын – қарбыз

Асқабақ

Қауын, қарбыз дей алмайсың: піскенмен жей алмайсың. Жарғаныңмен қап-қатты, ал асқанда тәп-тәтті.

Жауабы: асқабақ

Құстар мен табиғат

Аққу

Ақ құман жүр жүзіп, су бетін сүзіп.

Жауабы: аққу

Бүркіт

Бес қаруы белінде, самғап жүреді көгімде.

Жауабы: бүркіт

Көкек

Бір-ақ сөз біледі — өз аты сол. Соны айтып жүреді, әрі өз қонысы жоқ.

Жауабы: көкек

Құс ұясы

Талдың басында, жемі қасында. Там тұр саялы, достары аялы.

Жауабы: құс ұясы

Көгершін

Бейбітшілік құсы деп атайды оны барша жұрт.

Жауабы: көгершін

Жапырақтар

Ағайынды бәрі: шықса — көк, түссе — сары.

Жауабы: жапырақтар

Ағаш

Қыста киімін тастайды, көктемде киіне бастайды.

Жауабы: ағаш

Ақша бұлт

Аспанға жайып қойған, ақ мақтам ғайып болған.

Жауабы: ақша бұлт

Мектеп, білім және жазу белгілері

Ұстаз

Шәкіртке жанашыр, мейірімді, жаны асыл.

Жауабы: ұстаз

Кітап

Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.

Жауабы: кітап

Қарындаш

Жіп-жіңішке денесі, ортасында шегесі.

Жауабы: қарындаш

Алуан түрлі із салғанның өзі еді, өзінен де пайдалысы — өзегі.

Жауабы: қарындаш

Бор

Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған.

Жауабы: бор

Мектеп

Білімнен мол сый-асы, балғындардың ұясы.

Жауабы: мектеп

Сөз

Тілден ұшып, құлаққа қонады.

Жауабы: сөз

Тыныс белгілері

Ойдың аяқталуын күтпейді, оны қойсаң, сөйлем бітпейді.

Жауабы: үтір

Сырғалы құлақ бір, үн-түнсіз сұрап тұр.

Жауабы: сұрақ белгісі

Қадалды бір ине нүктедей түймеге.

Жауабы: леп белгісі

Тұрмыс, техника және заттар

Құмырсқа

Қиналып көтеріп, өзінен ауырды. Жорғалап кетеді, жүкшідей кәдімгі.

Жауабы: құмырсқа

Көйлек

Қолы бар, саусағы жоқ. Мойны бар, басы жоқ.

Жауабы: көйлек

Зымыран

Ұшады қанатсыз, зырлайды аяқсыз.

Жауабы: зымыран

Таба нан

Беттескен қос табақ, ортасында бас тамақ. Киізбен шоққа ораса, дәм піседі тамаша.

Жауабы: таба нан

Нан

Үсті тас, асты тас, ортасында піскен ас.

Жауабы: нан

Циркуль мен қарындаш

Темір аяқты, ағаш таяқты.

Жауабы: циркуль мен қарындаш

Мосы мен шәугім

От ішінде — үш таяқ, үшеуі де күшті аяқ. Ортасында ілгегі, ілгегінде ілгені.

Жауабы: мосы мен шәугім

Таға

Торы тай, табанында төрт ай.

Жауабы: таға

Қамшы

Бір жыланды таяққа іліп алдым, ерге қона, пайдасын біліп алдым.

Жауабы: қамшы

Дөңгелектер

Бірінің ізін бірі басады, біріне жеткізбей бірі қашады.

Жауабы: дөңгелектер

Шайнек

Тақиясы бар, мұрны бар, бір құлағы бар. Самауыр қасында тұрағы бар.

Жауабы: шайнек

Құлып пен кілт

Бірі үй күзетіп қалса да, бірі жүрер қалтада.

Жауабы: құлып пен кілт

Жайтартқыш

Оқ жыландай аспаннан төніп келген, ұзын найзам жер қазбай көміп берген.

Жауабы: жайтартқыш

Есік

Ашылып-жабылады, әр үйден табылады.

Жауабы: есік

Қоңырау

Қауаққа да ұқсайды, алмұртқа да ұқсайды. Аузы бар, тілі бар — көріп, ұстаған білер.

Жауабы: қоңырау

Трамвай

Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді, есіркеп ешбір адам жемдемейді. Жүк емес — жүз адам да міне алады. Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді.

Жауабы: трамвай

Қол (1)

Бір мақұлық жұмыста сорлайды, «мисыз» деп оны жұрт ойлайды. Саумайды, соғымға соймайды, бірақ мінуін қоймайды.

Жауабы: қол

Қол (2)

Егіз қайың, бой-бастары тең өскен. Іске дайын, бұтақтары бес-бестен.

Жауабы: қол

Түйенің өркеші

Бір малға екі бала мінгеседі, айлап-жылдап түспестен күн кешеді.

Жауабы: түйенің өркеші

Ас бұршақ

Бір қалтаның ішінде бірнеше шар, әрбір шардың өзіндік ұясы бар.

Жауабы: ас бұршақ

Күндізгі сәулелі шам

Көлденең ілген ақ таяқ, тұтанар отпен жақпай-ақ.

Жауабы: күндізгі сәулелі шам

Электр шамы

Мұздай мөлдір жұмыртқа, жарық берер ымыртта.

Жауабы: электр шамы

Қосымша

  • Жұмбақтар жинағы — жүктеу.
  • Әріптік жұмбақтар — қарау.