Табиғаттың ғажайыптары

Кіріспе

  • Сәлемдесу: оқушылармен амандасып, шараның маңызын түсіндіру, назарларын аудару.
  • Тақырып пен мақсат: тәрбиелік шараның тақырыбын таныстырып, негізгі міндеттерін айқындау.
  • Топқа бөлу: оқушыларды үш топқа бөлу.

І топ: Жер

Ұраны: «Жерден — нәр»

ІІ топ: Су

Ұраны: «Судан — күш»

ІІІ топ: Күн

Ұраны: «Күннен — нұр»

Тәрбиешінің сөзі

Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған, күттірмейтін киелі де күрделі міндеттердің бірі — ыстық ұя, алтын бесік Жер-ананың табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын ұқыпты пайдалану.

«Тәрбие бесіктен басталады» дегендей, болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасынан, ошақ қасынан бастаған дұрыс. Табиғаттың жасыл желегі мен аң-құсын аялау — көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың борышы.

Бүгінгі шарамызда табиғат туралы білімімізді ортаға саламыз. Шара сайыс түрінде ұйымдастырылады.

Сайыс кезеңдері

1) Мақал-мәтелдер: слайдтарға байланысты

Экранда көрсетілген слайдтар бойынша оқушылар төмендегі тақырыптарға қатысты мақал-мәтелдер айтады:

Отан Туған жер Жан-жануарлар Құстар Гүлдер

2) Ой толғаныс: «Табиғат менің көзіммен»

Тіл дамыту мақсатында оқушылар табиғат туралы өз ойларын ортаға салады: нені байқағанын, нені бағалайтынын, табиғатты қалай қорғауға болатынын айтады.

3) Нақыл сөздер бойынша тапсырма

Әр топқа нақыл сөз беріледі. Топ мүшелері оның мәнін талдап, өз ойларын айтады.

  • 1 Жер тобы: «Табиғат — асыл қазынам»
  • 2 Күн тобы: «Қанатты дос — табиғаттың тартуы»
  • 3 Су тобы: «Жасыл желек — жанға сая»

4) Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін шоғырландырып, белсенділігін арттыру.

5) Сөзжұмбақ: адасқан әріптерден құс атауларын табу

Тапсырма: берілген әріптерді дұрыс орналастыру арқылы құстардың атауларын табу.

Қ А Б К І Д К Л Р Ү Р Т Е І Ы Ғ Қ А Е Г Л Ш А И З Л К І Қ О Қ К Е Е К

6) Тірек сөздерден қанатты сөз құрастыру

Әр топқа туған жер тақырыбына қатысты тірек сөздер беріледі. Топ мүшелері қанатты сөз құрап, тақтаға іледі.

І топ

«Туған жерді сүю — парыз»

ІІ топ

«Сүю үшін білу — парыз»

ІІІ топ

«Табиғатты ұғу — парыз»

Ойын бөлімі: «Кел, ойнайық»

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау және жылдамдыққа баулу. Оқушыларға сөздер оқылады, олар сол сөздерді қағазға жазады. Қай топ көп сөзді жазып үлгерсе, сол топ жеңімпаз атанады.

Оқылатын сөздер тізімі

Аю, терек, раушан, қарға, түлкі, шағала, кесе, қасқыр, қасық, роза, қарағай, тарелка, емен, орман, маймыл, қайың, үйрек, ағаш, қаз, шырша, жолбарыс, ожау, арыстан, қарлығаш, қоян, аққу, бүркіт, күркетауық, тауық, қалақ, керік, стақан.

Қорытынды кезең: «Табиғат біздің қолымызда»

Ойынның мақсаты: қоршаған ортаны гүлдендіруге үлес қосу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, экологиялық зардаптардың алдын алу.

Барысы

Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Нәтижесінде барлығы бірігіп гүл отырғызады:

  1. 1 Жер тобы: ыдысқа топырақ салады.
  2. 2 Күн тобы: гүлді топыраққа отырғызады.
  3. 3 Су тобы: гүлге су құяды.

Сабақ соңында барлығы хормен «Атамекен» әнін орындайды.