Жақыпбектің оқушысы

Сабақ тақырыбы

Жұбан Молдағалиевтің «Мен — қазақпын» поэмасы.

Сабақ мақсаты

  • Ж. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығымен танысу.
  • «Мен — қазақпын» поэмасына көркемдік және идеялық тұрғыдан талдау жасау.
  • Ақынның қаламгерлік дарыны мен шеберлігін таныту, поэзия туралы түсінікті дамыту.
  • Елді, жерді сүюге тәрбиелеу; Отанға сүйіспеншілік сезімді күшейту; халықты қастерлеуге және патриоттыққа баулу.

Күтілетін нәтиже

Нәтиже 1

Поэманың тақырыбы мен идеясын ашады, мазмұнын толық меңгереді.

Нәтиже 2

Зерттеу жұмысын жүргізіп, поэманың өзекті ойларын қазіргі заманмен байланыстырады.

Құрал-жабдықтар және ресурстар

Көрнекіліктер

  • Әдебиет оқулығы, қосымша кітаптар
  • Слайдтар, бейнероликтер
  • Интерактивті тақта
  • Маркерлер, портрет, қима және үлестірмелі материалдар

Әдіс-тәсілдер

  • Қ. Бітібаеваның конструкторлық технологиясы
  • СТО бағдарламасы
  • АКТ
  • Сұрақ-жауап, интервью
  • Блум таксономиясы (мұғалімге тірек)

Пәнаралық байланыс

Тарих Өзін-өзі тану Қазақ тілі География Музыка

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ және тұрақты сөз тіркестері арқылы топқа бөлінеді.

Жағымды атмосфера

ҚР Әнұранын орындау арқылы бірлік пен жауапкершілікке негізделген орта қалыптастырылады. Сабақ ұраны: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін».

Бағалау критерийлері

  • Топпен бірлесе тиімді жұмыс істей біледі.
  • Тақырыпты ашып, негізгі ойды дәл жеткізеді.
  • Топпен талқылауда тың идея ұсына алады.
  • Жеке тапсырмаларда белсенділік танытады.
  • Көшбасшылық қабілетін көрсетеді.
  • Ұжымда өз ойын еркін әрі терең жеткізе біледі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (қызығушылықты ояту)

1) «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» (Kahoot)

Өткен тақырып бойынша жедел сұрақтар қойылып, білім тексеріледі.

Сұрақтар мен жауаптар

  • Мұқан Иманжановтың өмір сүрген жылдары: 1916–1958 жж.
  • Қайда дүниеге келді: Қарағанды облысы
  • «Алғашқы айлар» повесі жарық көрген жыл: 1950 ж.
  • Бас кейіпкері және мамандығы: Жақыпбек Әділбеков — мұғалім
  • Жақыпбек өз ортасына әсер ете алды ма: иә
  • Жазушының жинағы: «Таныс қыз»
  • Пейзаж дегеніміз: табиғатты бейнелеу
  • Повестегі Бектай: Жақыпбектің оқушысы
  • Повес үшін алған жүлдесі: Жамбыл атындағы жүлде
  • Кімдердің шығармасын аударды: Л. Н. Толстой, М. Горький

2) Шығармашылық стратегиялар

  • «Тумалы бейне» стратегиясы

    Білім алушылар «Алғашқы айлар» повесіндегі Жақыпбек пен Бектай арасындағы қарым-қатынасты сахналап, жан бітіре орындайды.

  • «Еркін ой» стратегиясы

    «Ұстаз туралы» тақырыбында эссе жазу тапсырылады.

ІІІ. Жаңа сабақ (мағынаны тану)

Ой шақыру

Оқушылар картадан Қазақстанның орнын көрсетеді.

  • Бұл жерде қазақ жері қандай?
  • Қазақ деген қандай халық?

Әр топ өз ойымен бөліседі.

Негізгі тірек

Сабақ бойы оқушылар жауаптарын дәлелдеу үшін мәтіннен дәйексөз келтіреді, поэманың идеясы мен көркемдік ерекшелігін байланыстыра талдайды.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

«Қазақ деген қандай халық?» деген сұраққа Жұбан Молдағалиевтің «Мен — қазақпын» поэмасы (1964) толық жауап бере алады. Ақын шығармашылығынан ұлттық поэзияның айқын тынысын көреміз: қазақтың жері мен суынан, желі мен көгінен нәр алған кең тынысты, пәрменді жырды танимыз.

Дәйексөз: М. Базарбаев

Бейнематериал

Бейнеролик арқылы поэмадан үзінді тыңдалып, алғашқы әсер мен негізгі ойлар талқыланады.

Оқулықпен жұмыс: «Тереңнен маржан терейік»

Ж. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы бойынша мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Қ. Бітібаеваның конструкторлық технологиясы негізінде білім алушыларға жаңа тақырыпты түсініп оқуға уақыт беріледі.

Автор туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Оқытушы

Баялиева Айжан Жанатбаевна

Тақырып

Жұбан Молдағалиев — «Мен — қазақпын» поэмасы