Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға атмосфералық қысым туралы нақты мәлімет беру арқылы білімін тереңдетіп, біліктілігін арттыру.
Дамытушылық
Ой-өрісін, логикалық ойлауын және танымдық белсенділігін дамыту; өздігінен ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, сауаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу; табиғатты және Отанды сүюге баулу.
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі: жаңа сабақ
- Әдіс-тәсіл: сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары, сұрақ-жауап
- Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
II. Үй тапсырмасын сұрау
§29. Ауа температурасы тақырыбы бойынша сұрақ-жауап.
- Ауа деген не?
- Ауа температурасын өлшейтін құрал қалай аталады?
- Амплитуда деген не?
III. Жаңа сабақ: Атмосфералық қысым
Негізгі ұғым
Бүкіл ауа қабаты Жер бетінің әр шаршы сантиметріне шамамен 1 кг 33 г салмақ түсіреді. Орта бойлы адамның денесіне орта есеппен 15 000 см² аудан арқылы әсер етеді.
Біз бұл қысымды күнделікті сезбейміз, себебі ағзаның ішкі қысымы сыртқы атмосфералық қысыммен тепе-тең.
Ауаның Жер бетіне түсіретін салмағы атмосфералық қысым (немесе ауа қысымы) деп аталады.
Биіктік пен адам ағзасына әсері
Биіктік артқан сайын атмосфералық қысым азаяды, бұл адам ағзасына елеулі әсер етеді. Адам шамамен 4–5 км биіктікке дейін өмір сүре алады. Одан жоғары биіктікте оттегімен тыныс алуға арналған арнайы құралдар қолданылады (әсіресе ұшақтарда маңызды).
- 3000 м: биіктік ауруы байқалады — тез шаршау, бас айналу, жүрек айну.
- 4000 м: қан тамырлары жарылып, мұрыннан қан кетуі, есінен тану мүмкін.
Себебі жалпы қысым азайған сайын ауаның құрамындағы оттегінің парциалдық қысымы да төмендейді.
Қысымды өлшеу: барометр
Атмосфералық қысым барометр арқылы өлшенеді (грекше: baros — «салмақ», metreo — «өлшеймін»). Атмосфералық қысымды алғаш рет өлшеген итальян ғалымы Эванджелиста Торричелли (1608–1647).
Торричелли тәжірибесі (қысқаша)
- Бір ұшы жабық, ұзындығы 1 м құбырға сынап құяды.
- Құбырдың ашық ұшын төмен қаратып, сынап құйылған ыдысқа батырады.
- Сынаптың бір бөлігі төгіледі де, белгілі бір деңгейде тоқтайды.
Сынап бағанының биіктігі 760 мм болды. Бұл көрсеткіш қазіргі күнге дейін орташа (қалыпты) атмосфералық қысым ретінде қабылданған.
Сынаптың толық төгілмей қалу себебі: құбыр ішіндегі және ыдыстағы сынапқа әсер ететін күштер теңескен сәтте, яғни атмосфералық қысым мен сынап бағанының қысымы тең болғанда бағана тұрақтанады.
Паскальдың дәлелдеуі
Блез Паскаль бұл құбылысты зерттей отырып, Торричелли барометрін алдымен биік ғимаратқа, кейін биік таудың шыңына көтеріп, сынап бағанының төмендейтінін байқады.
Теңіз деңгейінен шамамен әрбір 120 м көтерілген сайын, сынап бағаны 1 см-ге төмендейді.
Сонымен қатар атмосфералық қысымның тек биіктікке емес, ауа райына да байланысты өзгеретіні дәлелденді.
Барометр түрлері және өлшем бірліктері
Сынап барометрі
Қысымды тұрақты жағдайда дәл өлшеуге қолданылады. Алайда бір жерден екінші жерге алып жүруге қолайсыз.
Анероид барометр
Экспедицияда, топсеруенде, туристік жорықтарда қолдануға ыңғайлы (грекше: aneroid — «ылғалсыз»).
Миллибар (мб) және мм сынап бағаны
Ауа райын бақылау мекемелерінде атмосфералық қысым көбіне миллибармен (мб) өлшенеді. 1 мб ≈ 0,75 мм сынап бағаны биіктігіне тең.
Түсіну және талқылау
Оқушы әрекеті
Әр оқушы өз түсінгені бойынша сабақ мазмұнын қысқаша баяндайды.
Топтық сұрақтар
- Қысым деген не?
- Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал қалай аталады?
- Барометрлік қысым деген не?
- Атмосфералық қысым неліктен өзгеріп отырады?
IV. Тәжірибе жасау
Атмосфералық қысым тақырыбы бойынша тәжірибелер жүргізіліп, бақылаулар мен қорытындылар талқыланады.
V. Сөзжұмбақ шешу
Тақырыпты бекіту үшін «Атмосфералық қысым» бойынша сөзжұмбақ орындалады.
VI. Сабақты бекіту (тест)
1) Ауаның Жер бетіне түсірген салмағы қалай аталады?
- a) Атмосфералық қысымДұрыс
- ә) Ауа температурасы
- б) Сынап барометрі
2) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал:
- a) Термометр
- ә) БарометрДұрыс
- б) Сынап барометрі
3) Барометрдің неше түрі бар?
- a) 2Дұрыс
- ә) 3
- б) 5
4) Бір дене екінші дене бетіне әсер еткендегі қалыпты күштің қатынасы қалай аталады?
- a) ҚысымДұрыс
- ә) Атмосфералық қысым
- б) Ауа қысымы
5) Биіктік артқан сайын қысым қалай өзгереді?
- a) АзаядыДұрыс
- ә) Көбейеді
- б) Өзгермейді
6) Атмосфералық қысымды алғаш өлшеген ғалым:
- a) Х. Колумб
- ә) Э. ТорричеллиДұрыс
- б) Ф. Магеллан
7) Туристік жорықтарға шыққанда қай барометр қолайлы?
- a) Анероид барометрДұрыс
- ә) Сынап барометр
- б) Барометр
8) Жаз айларында атмосфералық қысым жоғарыласа, ауа райы қандай болады?
- a) ЖылыДұрыс
- ә) Суық
- б) Жауын-шашынды
9) Сынап бағаны 760 мм-ге тең қысым қалай аталады?
- a) Атмосфералық қысым
- ә) Қалыпты атмосфералық қысымДұрыс
- б) Қысым
10) Атмосфера қандай қабат?
- a) Ауа қабатыДұрыс
- ә) Су қабаты
- б) Тас қабаты
VII. Үй тапсырмасы
§28. Атмосфералық қысым.
VIII. Бағалау
Оқушылардың жауаптары, топтық жұмысқа қатысуы, тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.