Презентацияны сақтау

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы: MS PowerPoint бағдарламасында жаңа құжат құру. Слайдтарды қою, өшіру және қосу. Презентацияны сақтау.

Сынып: 11

Сабақ типі: презентациялық сабақ

Сабақ әдісі: жарыс сабақ

Сабақтың мақсаты

А) Білімдік

PowerPoint-та жаңа құжат құруды және негізгі элементтерін түсіндіру; презентацияға мәтін мен сурет кірістіруді; объектілерге анимация жасау кезеңдерін үйрету.

Ә) Дамытушылық

Оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін кеңейту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Б) Тәрбиелік

Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру; ұжымшылдыққа тәрбиелеу; уақытты тиімді пайдалануға баулу.

Сабақ барысы

  1. I

    Білім

    Тест (қайталау)

  2. II

    Білік

    Дайын презентацияны талдау

  3. III

    Ақыл

    Шығармашылық тапсырма

  4. IV

    Іскерлік

    Құттықтау әзірлеу

  5. V

    Қорытынды

    Үй тапсырмасы, бағалау

I кезең: Тест

Төмендегі сұрақтар арқылы PowerPoint бойынша базалық білім тексеріледі.

Ескерту: “*” — дұрыс жауап

1) PowerPoint бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?

  • А) слайдтар құру
  • Ә) презентация көрсетілуін автоматты түрде программалық тілге аудару
  • Б) дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны экранда көрсету *

2) PowerPoint бағдарламасында презентация құрудың қандай тәсілі бар? (қате жауабын көрсетіңіз)

  • А) автомазмұн шебері, презентация шаблоны көмегімен
  • Ә) бос презентация
  • Б) программалық тілде жазу арқылы *

3) Презентация деген не?

  • А) суреттер мен мәтіндер
  • Ә) белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар *
  • Б) беттерге ескертпе жазу

4) Слайд көрсетудің неше әдісі бар?

  • А) 3 *
  • Ә) 4
  • Б) 5

5) Слайдқа енгізілген суреттердің түрлерін өзгертуге бола ма?

  • А) болады *
  • Ә) болмайды
  • Б) дұрыс жауап жоқ

6) Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?

  • А) файлда сақталған суреттерден көшірме және бір мезгілде бірнеше дыбыстық объектілер *
  • Ә) енгізуге болмайды
  • Б) тек қана мәтін

7) Слайдты баспаға қалай шығарамыз?

  • А) Файл — Құру
  • Ә) Файл — Басып шығарғыш *
  • Б) Түзету — Басып шығарғыш

8) Жаңа слайд құру үшін:

  • А) Файл — Құру
  • Ә) Файл — Ашу
  • Б) Кірістіру — Слайд құру *

9) Слайдтарды сұрыптау режимі қандай мүмкіндік береді?

  • А) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы
  • Ә) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады *
  • Б) беттерге ескертпе және қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді

10) Презентацияны қарастырудың неше режимі бар?

  • А) 5
  • Ә) 4 *
  • Б) 6

Келесі кезеңге өтпес бұрын: топ басшыларына тапсырма

Сыныптың топ басшыларына қысқа шығармашылық тапсырмалар ұсынылады.

  • 1) ҚР-ның рәміздері

    Негізгі рәміздер туралы ақпаратты жинақтау және ұсыну.

  • 2) Тәуелсіздік күні

    Тарихи деректер мен маңызын қысқа әрі көрнекі баяндау.

II кезең: Білік

Презентацияны дайындау кезеңдері көрсетіледі: дыбыс қосу, файлдан сурет енгізу, сондай-ақ объектілерге эффектілер мен анимациялар қолдану.

Назар аударатын дағдылар

  • Слайд құрылымын дұрыс таңдау
  • Мәтін мен суретті үйлесімді орналастыру
  • Анимацияны орынсыз көбейтпей, мәніне сай қолдану

III кезең: Ақыл

Екі оқушының дайындаған презентациясы көрсетіледі. Оқушылар өз жұмыстарын қорғап, шешімдері мен қолданған тәсілдерін түсіндіреді.

Бағалау фокусы

  • Мазмұнның нақтылығы және логикалық құрылымы
  • Көрнекілік және оқылымдылық
  • Анимация/эффектілердің орынды қолданылуы

IV кезең: Іскерлік (құттықтау)

Алдағы келе жатқан Ұстаздар күніне орай №32 мектеп-гимназия ұжымына құттықтау хат әзірленеді. Жақсы жазылған құттықтаулар экраннан көрсетіліп, желі арқылы принтерден басып шығарылады.

Нәтиже

Оқушылар мәтінді рәсімдеу, шрифт пен түстерді үйлестіру, сондай-ақ дайын материалды баспаға дайындау дағдыларын бекітеді.

Командалық жұмыс

Уақытты жоспарлау, міндеттерді бөлу және бірлесіп нәтижеге жету дағдылары дамиды.

V кезең: Қорытынды

Бүгін біз MS PowerPoint бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерін қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріп, теориялық білімімізді бекіттік. Слайдтар құрып, анимациялық эффектілер қосу арқылы презентация жасауды және оны түсіндіруді тәжірибе жүзінде орындадық.

Сонымен қатар алдағы Жаңа жыл мерекесіне орай құттықтау мәтіндерін дайындап, жақсы тілектерімізді жеткіздік.

Үй тапсырмасы

Еркін тақырыпқа презентация дайындаңыз: баспасөз материалдарын және суреттерді пайдаланыңыз, мәтін енгізіңіз, слайдтарды безендіріңіз.

Талаптар тізімі

  • Кемінде 6–8 слайд
  • Мәтін + сурет комбинациясы
  • 1–2 орынды анимация/өту эффектісі
  • Файлды дұрыс атау және сақтау