Оқушылардың ықыласы мен белсенділігін арттыру
Сабақтың тақырыбы
Оксидтердің жіктелуі, алынуы және химиялық қасиеттері.
Жалпы мақсаты
Оксидтердің жіктелуі, алынуы және химиялық қасиеттері туралы білім қалыптастыру.
Сілтеме
- Оқулық
- Менделеев кестесі
- Дидактикалық материалдар
Сабақтың міндеттері
Білімдік
Оқушыларға оксидтер ұғымын түсіндіру; оксидтерді атаулары бойынша ажыратуға және реакция теңдеулерін дұрыс теңестіруге үйрету.
Дамытушылық
Ықылас пен белсенділікті арттыру; тәжірибе жасау дағдыларын, танымдық қабілеттерді және пәнге қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік
Жұппен және топпен жұмыс істеуге баулу; өздігінен талпынып, жауапкершілікті сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
Оқытудың күтілетін нәтижелері
- Оксидтер және оксидтердің жіктелуі туралы біледі.
- Оксидтердің алыну жолдары мен химиялық қасиеттеріне қатысты реакция теңдеулерін жазып, теңестіруді меңгереді.
- Оксидтерді атап, оларды басқа қосылыстардан ажырата алады.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Негізгі құралдар
- Менделеев кестесі
- Оқулық
- Интерактивті тақта
- Ноутбук, камера
Тәжірибеге арналған
- Спиртшам
- Фарфор тостағанша
- Магний ұнтағы
- Түрлі түсті қағаздар, бояулар, желім, қайшы, ақ қағаз
Қамтылатын модульдер
1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс)
2-модуль: Сыни тұрғыда ойлау
3-модуль: Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық
4-модуль: Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану
5-модуль: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Сабақтың құрылымы (қадамдар)
- 1. Ұйымдастыру
- 2. Ой қозғау (үй тапсырмасын сұрау)
- 3. Қызығушылықты ояту
- 4. Мағынаны тану (оқулықпен жұмыс)
- 5. Ой толғаныс (топпен жұмыс)
- 6. Кері байланыс
- 7. Бағалау
- 8. Үй тапсырмасы
Мұғалімнің іс-әрекеті
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Топ ережелерімен және бағалау критерийлерімен таныстыру.
II. Ой қозғау (графикалық тест)
Алдыңғы тақырыптарды еске түсіруге арналған қысқа тапсырмалар:
III. Қызығушылықты ояту
1) Магнийдің жануын көрсету
Мұғалім тақтаға магнийдің жану теңдеуін жазады және тәжірибені орындайды: фарфор тостағаншаға магний ұнтағын салып, жағады. Оқушылардан қандай өзгеріс болғанын және қандай қосылыс түзілгенін сұрайды.
2) «Оттегі туралы ертегі» (реакция теңдеулері)
Ертегіні оқу барысында әр топтан оқушылар кезекпен шығып, төмендегі теңдеулерді тақтаға жазады және теңестіруді талдайды.