Біріккен сөздермен таныстыру
Сабақтың тақырыбы
Біріккен сөз
Білімділік
Біріккен сөздермен таныстыру.
Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін, топпен жұмыс істеуін, қиялын дамыту; іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Әдемі, таза, сауатты жазуға үйрету; бірлескен жұмысты ұйымдастыра отырып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Ребус
- Слайд
- Кесте
Әдістер
- Сұрақ–жауап
- Топтау
- Ойын
- Интерактивті тақта
- Эссе
- Ассоциация
- Бес жол өлең
- Семантикалық карта
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныптың дайындығын тексеру, оқу құралдарын түгендеу, сабаққа назар аударту.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен тақырып бойынша қысқаша қайталау және сұрақтар арқылы тексеру.
III. Қызығушылықты ояту (слайд)
Талқылау сұрақтары
- Сөз дегеніміз не?
- Сөз неден құралады?
- Сөз нені білдіреді?
Мысал сөздер
Бұл сөздер қандай сөздер?
Күрделі сөз дегеніміз не?
Күрделі сөздер қалай жасалады?
IV. Мағынаны тану (жаңа сабақ)
Күннің жадын жазу
Қ, С, Т әріптерін алып тастасақ, бүгінгі өтетін тақырыптың атауы шығады.
Б қ і с р қ і т к қ с т к с е н т с қ ө қ з с
Ребус шешу (слайд)
Ребустардың шешімін біріктіріп айтамыз.
Мысал: Айгүл
- Бұл сөз қалай жасалып тұр?
- «Айгүл» сөзін сөз құрамына талдайық: Ай + гүл.
- Біріккен сөз қалай жасалады? Қорытындыны кім айтады?
Ережемен таныстыру
Біріккен сөз — екі не одан да көп түбірдің бірігіп, бір ұғымды білдіретін бір сөзге айналуы.
V. Оқулықпен жұмыс
32-жаттығуды ауызша орындату.
VI. Дәптермен жұмыс
- а) Көркем жазу
- ә) Жатқа жазу
- 34-жаттығу
VII. Сергіту сәті
«Сыңарын тап» ойыны (біріккен сөз құрастыру).
Жұп 1
ден… , … тау
Жұп 2
ақ… , … табан
Жұп 3
бура… , … көл
Нәтиже
Оқушылар берілген бөліктерден мағыналы біріккен сөздер құрастырады.
VIII. Шығармашылық жұмыс
Тақырып: «Аққу»
Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі әуен ретінде қосылады.
I топ
«Аққу» туралы ассоциация құрау.
II топ
Эссе жазу.
III топ
Бес жол өлең құрастыру.
IX. Семантикалық карта
Берілген сөздерді тиісті бағанға орналастыру.
| Сөздер | Қос сөз | Біріккен сөз | Қысқарған сөз | Сөз тіркесі |
|---|---|---|---|---|
| ҚР | — | — | ✓ | — |
| Ата-ана | ✓ | — | — | — |
| Ақтөс | — | ✓ | — | — |
| Қосаяқ | — | ✓ | — | — |
| Темір жол | — | — | — | ✓ |
| Алатау | — | ✓ | — | — |
| Дүние жүзі | — | — | — | ✓ |
| Ар-ұят | ✓ | — | — | — |
| Көксерке | — | ✓ | — | — |
X. Сабақты қорытындылау
Ойын: «Кім жылдам?»
Біріккен сөздер арқылы берілген тақырыптарға мысалдар келтіру.
I топ
Жер-су атаулары
II топ
Құстар
III топ
Өсімдіктер
XI. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және топтық жұмыс нәтижелері бойынша бағалау.