Сын есімнің жасалу жолдарын қайталау
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, академик О.А. Жәутіков атындағы жалпы білім беретін №1 қазақ орта мектебі.
Пән мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі — Асанова Индира Мукаевна.
Сабақтың тақырыбы
Тіл ұстарту. Сын есімді қайталау.
Сабақтың мақсаты
Жалпы мақсат
Лексикалық тақырыптарды бекіту, оқушылардың білімін тексеру және сауаттылығын арттыру.
1) Білімділік
Негізгі, туынды, дара, күрделі сын есімдер туралы түсінік беру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін дамытуға, шығармашылық қабілетін арттыруға ықпал ету.
3) Тәрбиелік
Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, тіл мәдениетін қалыптастыру.
Ұйымдастыру және ресурстар
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, ой қозғау.
Көрнекілігі
Таратпа қағаздар, слайдтар.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Кезекшімен жұмыс
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үй тапсырмасы: өткен тақырыптарды қайталап оқу.
Қайталау сұрақтары
- Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Сын есімнің қандай мағыналық белгілері бар?
- Сын есімнің жасалу жолдарын еске түсіру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Сын есімнің жасалу жолдары (мысалдар)
Негізгі сын есім
Ешбір жұрнақсыз, түбір күйінде айтылатын сын есім негізгі сын есім деп аталады.
Туынды сын есім
Жұрнақ арқылы жасалған сын есім туынды сын есім деп аталады.
Жұрнақтар туралы ескерту
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар үлкен екі топқа бөлінеді. (Келесі бөлімде нақты топтастыру жалғасады.)