Паскаль тілінің программасын ата
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Паскаль тілінің шығу тарихын, алфавитін, тіл объектілерін және арифметикалық өрнектерді жазу ережелерін меңгерту; тақырып бойынша дербес жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылық пен жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, логиканы және оқу мәдениетін дамыту.
Сабақ әдістері
- Топтық жұмыс
- Ақпараттық диктант
- Тест тапсырмалары
- «Сиқырлы өрнектер» ойыны
- АКТ (мультимедиа)
- Жас ерекшеліктеріне сай практикалық тапсырмалар
- Диалогтік оқыту (мұғалім–оқушы)
Күтілетін нәтиже
Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша толық мәлімет алады.
Паскаль программалау тіліндегі өрнектермен жұмыс жасай алады.
Қызығушылығы артып, сабаққа белсенді қатысады.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық: оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып, сәттілік тілейді.
Топқа бөлу: оқушылар 4 топқа бөлінеді.
Бағалау: бағалау критерийлері таныстырылып, бағалау парақшалары топ басшыларына таратылады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ақпараттық диктант арқылы сұрақтар қойылады. Оқушылар жауаптарын өзара тексеріп, талқылайды.
Сұрақтар
- 1. Паскаль программалау тілін кім жасады?
- 2. Паскаль тілінің алфавиті неше топқа бөлінеді?
- 3. Паскаль тіліндегі программаның құрылымдық бөліктерін атаңыз.
- 4. Тұрақты (константа) деп нені айтамыз?
- 5. Айнымалылар қандай түйінді сөзбен белгіленеді?
- 6. Сандар нешеге бөлінеді және қандай түрлері бар?
- 7. Өрнектердің типтерін атаңыз.
III. Оқушы әрекеті
«Галерея» әдісі (постер қорғау)
Түрткі сұрақтар арқылы оқушыларға өткен тақырыптарды еске түсіруге мүмкіндік беріледі. Әр топ өз ойларын постерге түсіріп, топ болып қорғайды. Топтар стикер арқылы мадақталады.
1) Паскаль тілінің шығу тарихы, алфавиті
2) Паскаль тілінің негізгі элементтері
3) Паскаль тілінің объектілері
4) Паскаль тілінің өрнектері
Сергіту сәті: «Бес саусақ»
Ақ қағазға алақанның суреті салынады. Әр оқушы саусақтарға сыныптастарының аттарын жазып, олармен қалай амандасатынын көрсетеді.
Ойын: «Сиқырлы өрнектер»
Оқушылар арифметикалық өрнектер бойынша карточкалармен жұмыс жасап, өрнектерді дұрыс жазу және оқу ережелерін бекітеді.
Тест тапсырмалары
-
1. Паскаль тілі қай жылдары пайда болды?
- А) 1968–1970
- Б) 1968–1971
- В) 1969–1971
- Г) 1969–1970
- Д) 1967–1971
-
2. Әріптер, сандар, айыру белгілері және арнайы символдар нені құрайды?
- А) Алфавит
- Б) Программа
- В) Объектілер
- Г) Өрнектер
- Д) Негізгі элементтер
-
3. Program сөзі нені білдіреді?
- А) Сипаттау бөлімін
- Б) Оператор бөлімін
- В) Тақырыпты
- Г) Айнымалыларды
- Д) Өрнекті
-
4. Міндетті түрде әріптен басталатын әріптер мен сандар тізбегі қалай аталады?
- А) Идентификатор
- Б) Айнымалылар
- В) Тұрақтылар
- Г) Сандар
- Д) Өрнек
-
5. Арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылар, тұрақтылар және функциялар жиынтығы қалай аталады?
- А) Өрнек
- Б) Алфавит
- В) Айнымалылар
- Г) Объектілер
- Д) Негізгі элементтер
IV. Сабақты бекіту
«Ыстық орындық» ойыны: оқушылар кезекпен орындыққа шақырылып, сұрақтарға жауап береді. Жауаптар сыныппен бірге талқыланып, қорытындыланады.
V. Бағалау
Әр топтың топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалау парақшасы бойынша бағалайды. Қойылған бағаның себебі қысқаша түсіндіріліп, кері байланыс беріледі.
VI. Үй тапсырмасы
- 1. «Паскаль — программалау тілі» тақырыбында мәнжазба жазу.
- 2. Тарау бойынша сөзжұмбақ құрастыру.