Балапандар биі

Білім беру саласы және бөлім

Білім беру саласы

Коммуникация

Бөлімі

Сөйлеуді дамыту

Мақсат-міндеттер

Білімділік міндеті

Балалардың үй құстары туралы білімін кеңейту, тауық және оның пайдасы туралы түсінігін тереңдету.

Дамытушылық міндеті

Түсініктерді қалыптастыра отырып, балалардың ой-өрісін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік міндеті

Үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Қажетті ресурстар

Көрнекіліктер

  • Үй құстарының суреттері
  • Дидактикалық материалдар
  • Слайд көрсету

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелесу

Қостілділік компоненті

тауық
курица
әтеш
петух
шөже
цыпленок

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Шаттық шеңбері: Алақанды ашайық, күннің нұрын салайық. Таза ауаны жұтайық. Жүрек жылуымызды қонақтарға сыйлайық.

Балалар, енді орындарыңа жайғаса қойыңдар.

Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Сұрақтар арқылы әңгімелесу: Біз қандай құстарды білеміз? Құстар қалай бөлінеді?

Үй құстары

қаз, үйрек, тауық, қораз

Дала құстары

торғай, қарлығаш, қарға, тоқылдақ, көкек

Негізгі айырмашылық: үй құстары үйде бағылады және адамның көмегін қажет етеді. Ал дала құстары өз бетінше өмір сүріп, қорегін өздері тауып жейді.

Дидактикалық ойын: құстардың үнін тыңдап, қай құстың дауысы екенін табу.

Бір-бірімізбен үй құстары сияқты амандасып көрейік: дыбыстарын салып, бастарыңды изеп амандасыңдар.

Құстың дене мүшелері: денесі, басы, тұмсығы, қанаты, аяғы.

Тұмсығымен шоқиды, қанатын қағып ұшады.

Ғажайып сәт

Топқа балапандарын жоғалтып алған тауық келеді. Балалар оны қуана қарсы алады. Тауық мұңайып, шөжелерін табуға көмектесуді сұрайды.

Тәрбиеші: «Балалар, тауыққа балапандарын табуға көмектесеміз бе?» Балалар: «Әрине, көмектесеміз!»

Сергіту сәті

«Балапандар биі»: тауықпен бірге балалар билейді.

Жұмбақтар

Күн бата қонақтап қалғыған,
Таң ата жерден жем аңдыған.
Жауабы: тауық
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.
Жауабы: балапан

Практикалық жұмыс

Балалар тауыққа шөжелерін табуға көмектеседі: табылған балапандарды тауықтың қасына орналастырады.

Ыдыста араласып жатқан тары мен бұршақты бір-бірінен ажыратып, шөжелерге тарыны беру.

Рефлексиялық-түзетушілік кезең

Бүгін қандай тақырыппен таныстық? Үй құстары.

Үй құстарына қандай құстар жатады? Тауық, үйрек, қораз, қаз.

Дала құстарына қандай құстар жатады? Қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, торғай.

Біз неге көмектестік? Тауыққа балапандарын тауып беруге көмектестік.

Күтілетін нәтиже

Біледі

Үй құстары мен дала құстарын ажырата білуді.

Игереді

Үй құстарының атауларын және олардың қалай дыбыстайтынын.

Меңгереді

Құстарға қамқор болу дағдысын.