Көңілді жаттығулар
Сабақтың тақырыбы
Рационал сандарға амалдар қолдану.
Білімділік мақсаты
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жүйелеу. Таңбалары әртүрлі және таңбалары бірдей сандарды көбейту, бөлу, қосу, азайту ережелерін меңгерте отырып, есептердің шешімін таба білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін дамыту және шығармашылық белсенділігін арттыру.
Дамытушылық мақсаты
Ұжыммен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сайыс сабақ.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Таратпа қағаздар
Сабақтың барысы
Сабақты бастамас бұрын «Математикалық кафе» форматындағы ас мәзірімен танысамыз. Әр бөлім — тапсырмалар мен сайыстардың реті. Астарыңыз дәмді болсын!
Ас мәзірі
Салаттар
- Дәмді үй жұмысы
- Көңілді жаттығулар
Бірінші тағам
- Етті жаттығу
- Кафенің фирмалық тағамдары
Екінші тағам
- Жылдамдық
- Тамақ тарқату
Сусындар
Білімді коктейлі
Десерт
Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпты 2 топқа бөлу.
- Топ басшыларын тағайындау.
- Бағалау парақтарын тарату.
Сайыс тапсырмалары
1-сайыс: «Дәмді үй жұмысы»
Топ басшылары оқушылардың үй жұмысын тексереді.
2-сайыс: «Көңілді жаттығулар»
Схемалар бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.
Назар аударыңыз
Сабақ барысында рационал сандарға амалдар қолданудың негізгі ережелері жүйелі түрде қайталанып, тапсырмалар арқылы бекітіледі.