Дос іздеген бота ертегісінің сахналық көрінісі
«Дос іздеген бота» ертегісінің сахналық көрінісі
Бұл сахналық көрініс балаларды таныс ертегі кейіпкерлерінің рөліне еніп, диалог пен монологты дыбыс ырғағын сақтай отырып мәнерлі айтуға үйретуге бағытталған. Ертегіге деген қызығушылықты арттыру арқылы балаға сахнада өзін еркін ұстау дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Автор
Ж. Қалжанова
Көрнекілік
Жайлау көрінісі, аңдардың киімдері
Мақсат
Рөлге кіру, мәнерлеп сөйлеу, сахна мәдениеті және достық құндылықтарын түсіндіру
Қатысушылар
Кейіпкерлер құрамы көп болғандықтан, қойылымды топпен ойнауға ыңғайлы. Әр рөл қысқа әрі есте сақтауға жеңіл репликалармен берілген.
- Боталы түйе
- Бота
- Мысық
- Ит
- Әтеш
- Бақа
- Лақ
- Қозы
- Ара
- Жүргізуші
Сахналық мәтін
Жүргізуші
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе өмір сүріпті. Ол өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділік пен адалдықты үйретіп өсіріпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып жетіледі.
Анасы
— Боташым, мен саған жақсы достан басқа бәрін бердім. Енді өзіңе лайық дос тап. Доссыз өмір қызық емес.
Бота (әндетіп)
— Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым.
Тостақандай көзім бар,
Әдемімін өзім-ақ.
Бота
— Бө-ө-ө… Мен дос іздеп жүрмін, — дейді бота боздап.
Мысық
— Мяу-мяу! Мияулаған мысықпын,
Өзім тым пысықпын.
Кел, екеуміз дос болайық.
Бота: — Жоқ-жоқ, сен сияқты дос емес.
Ит
— Аф-аф! Атым менің Саққұлақ,
Жүремін ылғи шапқылап.
Кел, екеуміз дос болайық.
Бота: — Жоқ-жоқ, сен сияқты дос емес.
Әтеш
— Ку-ка-ре-ку!
Алқызыл менің айдарым.
Таңмен ерте тұрамын.
Кел, екеуміз дос болайық.
Бота: — Жоқ-жоқ, сен сияқты дос емес.
Бақа
— Бақылдаған бақамын,
Қызыққа күнде батамын.
Кел, екеуміз дос болайық.
Бота: — Жоқ-жоқ, сен сияқты дос емес.
Лақ
— Мен ақпын,
Секеңдеген лақпын.
Кел, екеуміз дос болайық.
Бота: — Жоқ-жоқ, сен сияқты дос емес.
Қозы
— Мен қозымын,
Момақанның өзімін.
Кел, екеуміз дос болайық.
Бота: — Жоқ-жоқ, сен сияқты дос емес.
Ара
— З-з-з… Кел, екеуміз дос болайық!
Гүл терейік, бал жинайық.
Бота: — Жоқ-жоқ, сен сияқты дос емес.
Ара ашуланып, ботаны қуа жөнеледі. Бота әрең қашып құтылады.
Анасы мен ботаның әңгімесі
Анасы: — Дос таптың ба, ботам?
Бота: — Жоқ, анашым. Сенбесеңіз, көктегі күннен сұраңыз: тура мен сияқты ешкім жоқ екен.
Анасы: — «Өзің сияқты» дегенім — түрің емес, адалдығың, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.
Бота қуанып, шынайы достарын шақырып алады.
Негізгі ой
Достық өлшемі
Дос таңдауда сыртқы ұқсастыққа емес, адалдық пен жан тазалығына мән беру керек.
Сахналық дағды
Қысқа репликалар мен қайталанатын құрылым балаларға ырғағы мен дикциясын дамытуға көмектеседі.