Қандай геометриялық пішіндер

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Пәндер

  • Тіл дамыту
  • Математика
  • Сурет
  • Қол өнер
  • Қоршаған ортамен таныстыру, экология

Білім беру салалары

  • Қатынас
  • Таным
  • Шығармашылық
  • Денсаулық
  • Әлеуметтік

Тақырыбы

Бізді қоршаған орта (кіріктірілген)

Мақсаты

Білімділік

  • Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптастыру.
  • Табиғи құбылыстарды танып, терең сезіне білуге баулу.
  • Математикалық ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылық

  • Логикалық ойлау әрекетін ойын арқылы дамыту.
  • Қиялын, ой-өрісін және есте сақтау қабілетін жетілдіру.
  • Сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

  • Табиғаттың төрт құдіреті туралы түсінік қалыптастыру.
  • Қоршаған ортаны қадірлеуге және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері, көрнекілігі және құралдар

Әдіс-тәсілдері

Көрсету Түсіндіру Жұмбақ жасыру Көмек беру

Көрнекілігі

  • Бейнетаспа
  • Үлгі материалдар

Керекті құралдар

  • Қайшы
  • Ақ қағаз
  • Дидактикалық ойындар
  • Сиқырлы қорапша
  • Төрт түрлі геометриялық пішін

Таңғы жиын

Шеңберге тұру

Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.

Сәлем саған, Жер-ана!
Сәлем саған, нұрлы күн!

Әңгімелесу

Балалар, таңертең көзімізді ашып, терезеге қарасақ, нені көреміз?

Сұрақ:

Егер күн жарқырап тұрса, қалай қуанамыз?

Жауап үлгісі: «Алақай!» деп, қол шапалақтаймыз.

Ендеше, бүгінгі күнге және табиғатқа жылы лебізімізді білдірейік.

Жылы лебіз

Армысың, ардақты Аспан ата!
Армысың, мейірімді Жер-ана!
Армысың, шұғылалы Алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін.

Психологиялық сәт: «Саяхат»

Нұсқау

Әуен қосылады. Орындықта отырып, бізді қоршаған ортаға «саяхат» жасаймыз. Көз алдарыңа туған жерімізді және оның әсем табиғатын елестетіңдер: құстардың үні естіледі, гүлдер жайқалып өсіп тұр, өзен-көлдер сылдырлап ағып жатыр.

Бейнелі ой

Табиғатты тамашалап келе жатып, алдымыздан мөлдір бұлақ кездеседі — сол бұлақтан су ішеміз.

Одан әрі алма ағашы кездеседі — алмасын үзіп жейміз.

Соңында раушан гүліне жолығамыз.

  • Бұлақ — денсаулық.
  • Алма — рухани байлық.
  • Гүл — бақыт сыйлайды.

Негізгі ой

Мұның барлығы — бізді қоршаған орта, яғни әсем де сұлу табиғат. Табиғат адамның бойына қуат береді, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат ұялатады. Ол — адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.

Сұрақ

Табиғатқа нелер жатады?

Жауап үлгілері: адамдар, гүлдер, құстар, ағаштар, күн, жануарлар, биік таулар, өзен-көлдер.

Таңғажайып сәт: «Сиқырлы қорапша»

Оқиға желісі

Есік қағылып, хат тасушы келеді. Қолында әсемделген үлкен сиқырлы қорапша бар. Ол қорапшаны «Табиғат патшалығынан» жіберілгенін айтады. Ішінде ойын-тапсырмалар және орындағандарға арналған сыйлық бар.

Ереже

Қорапшадан тапсырма алынады. Әр тапсырма — табиғат құбылыстарын, түстерді, жыл мезгілдерін және геометриялық пішіндерді байланыстыра отырып ойлануға үйретеді.

1-ойын: «Сиқырлы пішіндер»

Түстерді атаңдар және олардың қай жыл мезгілін білдіретінін айтыңдар. Сонымен қатар, пішіндерді анықтаңдар.

1-бала

Көк түс — төртбұрышқыс.

2-бала

Жасыл түс — үшбұрышкөктем.

3-бала

Сары түс — тік төртбұрышкүз.

4-бала

Қызыл түс — дөңгелекжаз.

2-ойын: «Жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары»

Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарын атаңдар және айларын еске түсіріңдер.

1-бала — Қыс (көк түс)

  • Суық болады, қар жауады, аяз түседі.
  • Қыс үш айдан тұрады: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

2-бала — Көктем (жасыл түс)

  • Күн жылынады, жаңбыр жауады.
  • Күн күркіреп, кемпірқосақ пайда болады.
  • Қар еріп, су сай-салаға ағады.
  • Құстар ұшып келеді, ағаштар гүлдейді.
  • Көктем айлары: Наурыз, Сәуір, Мамыр.