Қиып алынған объектіні кірістіру

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, «Қызыл таң» жалпы орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі: Әсілбек Әмірхан Сахыұлы

Сабақтың тақырыбы: Кеңейтілген алмастыру буфері

Бұл жоспар Windows ортасында объектілерді көшіру, жылжыту және алмасу буферін тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Объектілерді кеңейтілген алмасу буферінің көмегімен жылжыту және көшіру ережелерімен таныстыру.

Тәрбиелілік

Оқушыларды алмасу буферін дұрыс пайдалануға, ұқыптылыққа және тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі ойлауын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қолданылатын құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы

Кезеңдер

  1. Оқушыларды ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Компьютермен жұмыс
  5. Сабақты бекіту
  6. Оқушыларды бағалау
  7. Үй тапсырмасын беру

Уақыты

  • Ұйымдастыру1 мин
  • Үй тапсырмасы3 мин
  • Түсіндіру12 мин
  • Практика20 мин
  • Бекіту5 мин
  • Бағалау3 мин
  • Үй тапсырмасы1 мин

Өткен материалды қайталау

Сұрақтар

  1. Стильдер дегеніміз не?
  2. Стильдерді қалай өзгертеміз?
  3. Жаңа стильдерді қалай құрамыз?

Жауап 1

Стиль — қаріптердің түрі, өлшемі, абзацаралық арақашықтық сияқты пішімдеу параметрлерінің үйлесімін анықтайды.

Жауап 2

Стильдерді «Пішімдеу» құралдары арқылы өзгертуге болады: қаріп, өлшем, қалың (Bold), курсив (Italic), асты сызу (Underline) сияқты пәрмендер қолданылады.

Жауап 3

Жаңа стиль жасау үшін үлгі ретінде безендірілген кез келген абзацты алып, соның параметрлері негізінде жаңа стиль құруға болады.

Жаңа тақырып: Кеңейтілген алмастыру буфері

Windows-та объектілермен жұмыс істегенде қапшықтарды (бумаларды), файлдарды және таңбашаларды (жарлықтарды) жиі көшіру немесе жылжыту қажет болады.

Көшіру

Объект бастапқы орнында қалады, ал оның көшірмесі жаңа орынға орналастырылады. Қажет болса, бірнеше көшірме жасауға болады.

Жылжыту

Объект жаңа орынға ауыстырылады да, бастапқы орнынан жойылады.

Объектілерді көшіру және жылжыту тәсілдері

1) Оң жақ батырма арқылы

Қапшық терезесінде объектінің үстіне курсорды қойып, тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып жаңа орынға сүйреңіз, кейін батырманы жіберіңіз. Ашылған мәзірден қажетті әрекетті таңдаңыз:

  • Копировать — көшіру
  • Переместить — жылжыту
  • Создать ярлык — таңбаша (жарлық) жасау

2) Сол жақ батырма + пернелер

Тышқанның сол жақ батырмасымен сүйрегенде пернетақта пернелері арқылы әрекетті нақтылауға болады:

Ctrl басулы болса — таңдалған объектілер көшіріледі.

Shift басулы болса — объект жылжытылады.

3) Жабық қапшыққа тасымалдау

Басқа қапшықты ашпай-ақ көшіру/жылжытуға болады: файл белгішесін ұстап алып, мақсатты қапшықтың белгішесіне апарып, тышқан батырмасын босатыңыз.

Мәзір командалары арқылы көшіру және жылжыту

«Алып барып қою» (drag-and-drop) әдісі әрдайым қолайлы бола бермейді. Мұндай жағдайда Главная мәзіріндегі Копировать (көшіру) және Вырезать (қиып алу) командаларын қолдануға болады. Бұл кезде ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады.

Алмасу буфері дегеніміз не?

Алмасу буфері — көшіруге немесе жылжытуға арналған ақпаратты уақытша сақтайтын жадтың арнайы бөлігі. Ондағы мәлімет жаңа ақпарат келіп түскенге дейін сақталады, кейін алдыңғысы ауыстырылады. Алмасу буфері арқылы әр түрлі құжаттар мен қолданбалар арасында деректер алмасуға болады.

Көшіру

Белгіленген ақпарат алмасу буферіне көшірме түрінде жіберіледі.

Қиып алу

Белгіленген ақпарат құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылады.

Кірістіру

Алмасу буферіндегі ақпарат құжаттың қажетті орнына енгізіледі.

Пернетақта жарлықтары

Көшіру: Ctrl + C

Қиып алу: Ctrl + X

Кірістіру: Ctrl + V

Алмасу буферіндегі ақпарат компьютер өшірілгенше немесе оның орнына басқа ақпарат жіберілгенше сақталады. Бір ақпаратты бірнеше рет кірістіруге болады.

Компьютермен практикалық жұмыс

  1. Құжаттарды ашу.
  2. Қажетті абзацты белгілеу.
  3. Белгіленген объектіні көшіру.
  4. Белгіленген объектіні қиып алу.
  5. Көшірілген объектіні кірістіру.
  6. Қиып алынған объектіні кірістіру.

Қосымша тапсырма: алгоритмдерді көрсетуге арналған блок-схемаларды атауларымен сәйкестендіріңіз.

Сабақты бекіту (сұрақ-жауап)

Оқушылардың түсіну деңгейін тексеру үшін жаңа тақырып бойынша қысқа сұрақтар қойылады:

  • Алмасу буфері дегеніміз не?
  • Көшіру деп нені айтамыз?
  • Қиып алу деп нені айтамыз?
  • Кірістіру деп нені айтамыз?

Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытындылау

Жаңа материал пысықталып, оқушылардың меңгерген білімдері талданады.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы жауаптарының толықтығына және практикалық тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

«Кеңейтілген алмастыру буфері» тақырыбын оқу және негізгі командалар мен пернетақта жарлықтарын қайталау.