Тілім барда ашылар сыр ойдағы

Тақырып: «Сүйемін туған тілім — ана тілім»

Бұл материал тіл мерекесіне арналған салтанатты кештің мазмұнын жүйелеп, ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.

Мақсаты (білімділік)

Жас ұрпақтың ана тілі туралы білімін тереңдету, ата-бабамыз ғасырлар бойы қалыптастырған тіл мұрасын әлемдегі бай тілдердің қатарында таныта отырып, оқушылардың тілге, халқына деген сүйіспеншілігін нығайту.

Мақсаты (дамытушылық)

Туған тіліміздің тұғырын бекіткен аға буын өкілдерінің еңбектерін танып-білу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты әрі жүйелі жеткізуге, еркін сөйлеуге баулу.

Мақсаты (тәрбиелік)

Егемен елдің жас ұрпағын ұлттық мәртебені биік ұстауға, ана тілінде таза сөйлеуге, баба рухынан, тілінен нәр алып, рухани бай болып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекілік

  • Тіл туралы нақыл сөздер топтамасы
  • Кітап көрмесі
  • Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би портреттері

Салтанатты кештің ашылуы

Жүргізушілер қонақтарды үш тілде қарсы алып, тіл мерекесінің мәнін айқындайды.

Жүргізуші 1

Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар!

Жүргізуші 2

Добрый день, дорогие учителя и гости!

Жүргізуші 3

Good day, dear teachers and guests!

Жүргізуші 4

Құрметті қонақтар! Бүгінгі тіл мерекесіне арналған салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші 1
Сүйемін туған тілім — ана тілім,
Бесігімде жатқанда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Жүргізуші 2
Туған тілім — тірлігімнің айғағы!
Тілім барда айтылар сыр ойдағы!
Өссе тілім — мен де бірге өсемін!
Өшсе тілім — мен де бірге өшемін!
Жүргізуші 3
Туған тілім — бабам тілі, өз тілім!
Туған тілім — анам тілі, өз тілім!
Туған тілім — далам тілі, өз тілім!
Туған тілім — адам тілі, өз тілім!
Жүргізуші 4
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім бар, менің сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Әнұран

«Елім менің»

Үш тілдің құндылығы туралы

Жүргізуші 3

Every year on the twenty-first of September our country celebrates the Day of Languages. We should speak three languages: Kazakh, Russian, and English, because knowledge of languages is our treasure. The President of our state, Nursultan Nazarbayev, supports multilingualism. Today our generation studies Kazakh, Russian, and English. Now let’s listen to our children; they prepared short performances in three languages.

Арина

Ана тілім — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Ангелина

Ана тілің — ертегің,
Ана тілің — өркенің.
Ана тілің — ертеңің,
Қадірле ана тіліңді.

Жасұлан

Осень, осень, в гости просим!
Осень, осень, погости недель восемь.

Айболат

Yellow, red, and green and brown,
Dancing, dancing in the breeze.
Falling, falling from the trees —
The leaves are falling.

Каусар

I am so happy today.
It’s a wonderful day.
The sun is yellow,
The sky is blue.

Мурат

The leaves are falling one by one.
Summer’s over.
School began.

Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар

Жүргізуші 4

Тілден биік асқар жоқ. Тілден асқан байлық жоқ. Тілден терең теңіз жоқ. Қазақ тілін зерттеушілердің көпшілігі бұл тілді ең бай әрі ең таза түркі тілдерінің бірі деп таниды. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің үш тілде дайындаған мақал-мәтелдері мен жұмбақтарын тыңдап көрейік.

Марина

Тіл тас жарады,
Тас жармаса — бас жарады.

Сарвиноз

Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.

Максим

Қазақтың ақылы — көзінде,
Қасиеті — сөзінде.

Жүргізушілер (жұмбақтар)

  • Всегда во рту, а не проглотишь — язык.
  • Красная лисица из своей норки не выходит — язык.
  • Если бы не было его — не сказал бы ничего — язык.
  • Острый как бритва, сладок как мед: и друга отыщет, и врага обретет — язык.

Санжар

All that glitters is not gold.

Айару

An Englishman’s home is his castle.

Жүргізуші 3

Each people should know their language, culture, and traditions.

Жүргізуші 2

Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бірлігі жарасқан бір отбасыдай «қазақстандықтар» деген ортақ атпен аталады.

Музыкалық нөмір

Вокалдық топ үш тілде «Пусть всегда будет солнце» әнін орындайды.

Қорытынды бөлім

Жүргізуші 4

Ана тілінің тағдыры туралы жырлаған ақындар аз емес. Солардың ішінде ақиық ақын Т. Молдағалиевтің:

Туған тілім — тірлігімнің айғағы.
Тілім барда ашылар сыр ойдағы.
Өссе тілім — мен де бірге өсемін.
Өшсе тілім — мен де бірге өшемін.

Орындау

№57 «Хадиша» бөбекжай-балабақшасының саз жетекшісі Жолдасова Ақмаралдың орындауында: «Құстар қайтып барады».

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Беркинбаева Ұлайша Ерболқызы.