Жануарлардың топтарын атап жазыңдар
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Сарықамыс негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Есболаева Алмагүл Олжаевна
2-сынып тақырыбы
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
3-сынып тақырыбы
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Оқушыларға адам, жануар және өсімдіктің бір-бірімен тығыз байланысы туралы түсінік беру.
Дамытушылық
Танымдық әрекетті, шығармашылық және ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік
Табиғатты қорғауға, жануарлар мен өсімдіктерді аялап, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Дамыта оқыту.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Өзіндік жұмыс
- Ойын элементтері
Көрнекіліктер
- Суреттер, сызбалар
- Слайд
- Кеспе қағаздар
Сабақтың барысы
I. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау – мотивациялық кезеңПсихологиялық тренинг (таныстыру)
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Қызығушылықты ояту (жұмбақтар)
-
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.
Жауабы: аю
-
Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат,
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді.
Жауабы: қасқыр
-
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Жауабы: түйе
-
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар.
Бір шыбыртқысы бар.
Жауабы: сиыр
Мұғалімнің түсіндірмесі
Слайд арқылы суреттер көрсетіледі. Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі.
II. Сараланған бөлім
Операциялық – орындаушылық кезең1-тапсырма
Бағалау парағы2-сынып: оқулықпен жұмыс
- Мәтінді оқып шығу.
- Кеспе қағаздармен жұмыс:
- Өсімдіктер өсу үшін не қажет?
- Жануарларға қажетті жағдайларды ата.
- Адамға өмір сүру үшін не қажет?
- Үй жануарларын ата.
3-сынып: өзіндік жұмыс (карточкалар)
- Жануарлардың топтарын атап жазыңдар.
- Адамдарға қандай жануарлар пайдалы?
- Төрт түлік туралы мақал-мәтел жазыңдар.
- Қорғауға алынған қандай жануарларды білесіңдер?
2-тапсырма
3-сынып«Сурет әлеміне саяхат»
Әр оқушы өз қалауы бойынша өсімдік немесе жануардың суретін салады.
Бағалау: бағалау парағы арқылы
3-тапсырма
Ойын2-сынып
Ойын: «Жануарлардың төлін тап»
Бағалау: бағалау парағы
3-сынып
Ойын: «Жануарлар қайда мекендейді?»
Бағалау: бағалау парағы
4-тапсырма
2-сынып: өзіндік жұмыс
Суретті кеспелермен жұмыс.
3-сынып: «Зымыран сұрақтар»
- Қоршаған дүние дегеніміз не?
- Бір жылда неше ай бар?
- Өсімдіктердің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады?
- Қандай өсімдіктер қыста жап-жасыл болып тұрады?
- Балықтың мекені қайда?
- Өрмек тоқитын бунақденеліні ата.
- Қай жануар үйін өзімен бірге алып жүреді?
- Қай жануар жер астында тіршілік етеді?
- Жазда сұрғылт, қыста аппақ болатын жануар?
Бағалау: бағалау парағы
III. Кіріктірілген бөлім
Рефлексиялық – бағалау кезең5-тапсырма
2-сынып: топтық жұмыс
«Жануарлардың қорегін тап»
3-сынып: шығармашылық жұмыс
Өз бетінше жұмбақ құрастыру.
6-тапсырма: тест
Қорытынды бақылау2-сынып
-
Адам өміріне не қажет?
A) су, тамақ, жарық, ауа, жылу
Ә) су, қыс, жел, аспан, ауа
-
Үй жануарларын тап.
A) түлкі, қасқыр, аю
Ә) түйе, сиыр, ешкі
-
Өсімдік неше топқа бөлінеді?
A) 2
Ә) 3
-
Жануарлар, өсімдік, адам қандай табиғатқа жатады?
A) тірі табиғат
Ә) өлі табиғат
-
Бұзау қай малдың төлі?
A) ешкі
Ә) сиыр
3-сынып
-
Адам өміріне не қажет?
A) су, тамақ, жарық, ауа, жылу
Ә) су, қыс, жел, аспан, ауа
-
Адам суды, жарықты, тағамды қайдан алады?
A) аспаннан
Ә) табиғаттан
-
Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ, жұмсақ қабат қалай аталады?
A) құм
Ә) топырақ
-
Ауаны ластайтын жайттар:
A) түтіндер, газдар
Ә) ағаштар
-
Сүтқоректілерге қайсысы жатады?
A) балық, құс
Ә) сиыр, бұғы
-
Жыртқыш аңдарды тап.
A) арқар, құлан, түйе
Ә) қасқыр, түлкі, аю
Тест жауаптары (2–3-сынып)
1) A, 2) Ә, 3) Ә, 4) A, 5) Ә, 6) Ә
Бағалау критерийі: 2-сынып
- 20–24 ұпай «5»
- 16–19 ұпай «4»
- 10–15 ұпай «3»
Бағалау критерийі: 3-сынып
- 30–33 ұпай «5»
- 26–29 ұпай «4»
- 21–25 ұпай «3»
Ән
«Қошақаным»
Үй тапсырмасы
- 2-сынып: мәтінді мазмұндау.
- 3-сынып: мәнжазба жазу.