Етістіктің шақтары туралы түсінік

Сабақ тақырыбы

Сұлтан Қалиев. Етістіктің шақтары туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Етістіктің түрленуі туралы мәлімет беру.
  • Етістіктің шақ категориясын ажырата білуге үйрету.
  • Шақ түрлерінің бір-бірінен айырмашылығын таныту.
  • Сұлтан Қалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау дағдыларын қалыптастыру.
  • Сөздік қорын байытып, тіл байлығын дамыту.
  • Талдау және салыстыра білу машықтарын жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, адамгершілік пен ізгілікке баулу.
  • Ақындар салған өнегелі жолды үлгі ету, жан-жақты дамуға ынталандыру.
  • Табиғатты сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру, бірлікке үндей білу.

Сабақтың түрі

Сұрақ-жауап, топаралық жұмыс, Венн диаграммасы, ойын түрлері.

Көрнекіліктер

Магнитофон, слайд.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, назарды сабаққа бағыттау.

2) Үй жұмысын тексеру: тест

Төмендегі тапсырмалар арқылы етістік түрлерін (туынды етістік, тұйық етістік, күрделі баяндауыш т.б.) ажырату дағдылары бағаланады.

  1. 1. Туынды етістікті табыңдар:

    • А) сұра
    • Ә) бөл
    • Б) ойла
    • В) қал
  2. 2. Тұйық етістікті көрсетіңіз:

    • А) алтау
    • Ә) сұлу
    • Б) бау
    • В) отау
    • Е) дау
  3. 3. Етістіктен болған күрделі баяндауышты табыңыз:

    • А) Торғай жерге жақындай ұшты.
    • Ә) Қазақстан пайдалы қазбаға өте бай.
    • Б) Ол асықты.
    • В) Ол оған жауап бере алмады.
  4. 4. Тұйық етістікті тіркесті табыңыз:

    • А) келер еді
    • В) танысыпты
    • С) тапсырманы орындаймын
    • Д) барғым келеді
    • Е) адал еңбек ету
  5. 5. Күрделі етістіктен жасалған баяндауышты табыңыз:

    • А) Ол досына көмектеспеді.
    • В) Болат халыққа жар салды.
    • С) Сағатым жоғалды.
    • Д) Оның арманы – демалу.
    • Е) Сабақ оқығаннан басқа тірлігі жоқ.
  6. 6. Тұйық етістікті табыңыз:

    • А) қою тамақ
    • В) мал сою
    • С) жаяу жүр
    • Д) баяу айт
    • Е) ояу жатыр
  7. 7. Тұйық етістікті табыңыз:

    • А) оқып
    • В) көрген
    • С) айтпақ
    • Д) білгелі
    • Е) сарғаю
  8. 8. Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз:

    • А) Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет.
    • В) Денсаулықты сақтау керек.
    • С) Темекі шегу денсаулыққа зиян.
    • Д) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылады.
  9. 9. Туынды етістікті табыңыз:

    • А) жатырқа
    • В) жамыра
    • С) ойла
    • Д) айт
    • Е) көр
  10. 10. Бір сыңары зат есім болып келген күрделі етістікті тап:

    • А) жүре бер
    • В) жазып отыр
    • С) келе жатыр
    • Д) ән салды
    • Е) тыңдады
  11. 11. Сабақты етістікті табыңыз:

    • А) кетті
    • В) келді
    • С) ұйықтады
    • Д) оқыды
    • Е) жатты
  12. 12. Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз:

    • А) тасыу
    • В) кепу
    • С) жуу
    • Д) жайу
    • Е) суыу

3) Қорытынды және пысықтау

Өткен тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысы ретінде етістіктері бар сөздерді қатыстырып қысқа мәтін құрастыру ұсынылады.