Жарайды жақсы, барып серуендеп кел

Мақсаты

  • Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.
  • Мерекелік көңіл күй қалыптастыру.
  • Балаларды ән айтуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту және бейімділіктерін арттыру.
  • Шығармашылық ой-қиялдың дамуына ықпал ету.
  • Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату.

Мерекелік ертеңгілік

«Аяулы, алтын күз» — ортаңғы «Тамшылар» тобы бүлдіршіндерінің дайындаған мерекелік ертеңгілігі.

Жүргізуші

Қош келдіңіздер!

Жүргізуші сөзі

Сәлеметсіздер ме, ата-аналар және балабақша апайлары! Бүгін ортаңғы «Тамшылар» тобы бүлдіршіндерінің дайындаған «Аяулы, алтын күз» мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Күзге арнау

Кездескен соң күзбенен,

Бұтағынан үзілген

Ай жапырақ, сары алтын —

Айналаның бәрі алтын.

Қуантып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз!

Балалардың өлеңдері

Ралина

Берекесін сайлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Шахназ

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келді деп жар салып,

Күзгі суық басталды.

Ақмоншақ

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Хор

«Күз жомарт» әні

Келесі кезекте сіздерді күз туралы шағын қойылымды тамашалауға шақырамыз.

Қойылым: «Күз оқиғасы»

Оқиға басталуы

Бір үйде Маржан есімді қыз ата-анасымен бірге өмір сүріпті. Ол мейірімді, көңілді және өте тілалғыш еді. Маржан марғау болсын деп армандайтын. Бір күні ата-анасы оған марғауды сыйға тартады. Маржан марғауына Мурзик деп ат қояды. Мурзик өте әдемі әрі нәзік болғанымен, өте тентек еді.

Кейіпкерлер

  • Маржан
  • Марғау (Мурзик)
  • Кірпі
  • Көкөністер мен жемістер

Диалог

Маржан

Мурзик, сен тағы бәрін шаштың ба? Міне, менің ойыншықтарым… Әжемнің жіптері… Тіпті кітаптарды да жыртыпсың! Мурзик, Мурзик, қайда жүрсің?

Марғау (Мурзик)

Маған сенің кітабың керек емес. Мені далаға жіберші, серуендеп келейін.

Маржан

Жарайды, бара ғой. Тек орманға бармаймын деп уәде бер. Ол жақта адасып кетесің. Қазір күн суытты, себебі күз келді.

Марғау (Мурзик)

Күз келді дейсің бе? Ол қайда келді? Ол кім өзі?

Маржан

Далаға шық — сол жерде күзді де көресің.

Марғау (Мурзик)

Жақсы! Орманға бармаймын деп уәде беремін!

Күз көрінісі

Марғау есіктің сыртына шыға сала таңырқап қалады. Дала таңғажайып күйге енген: айналада түрлі түсті жапырақтар қалықтап, қызыл, сары, қызғылт реңктер самал желмен бірге ойнап жүр. «Бұл неткен керемет!» — деп ойлайды марғау. «Демек, күз келгеннің белгісі осы. Бірақ күздің өзі қайда? Онымен міндетті түрде кездесіп, алғыс айтқым келеді!»

Би

«Жапырақтар» биі — Жанна, Жанайым, Кәусар, Аянат, Анель, Іңкәр.

Аянат

Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егін орыпты.

Жанна

Алтын, сары, қызыл, көк —

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Кірпі және дәрумендер

Кірпі

Қысқа дайындық

Дәрумен

Денің сау, мықты болу үшін дәруменге бай жемістерді әрдайым жақсы көру керек. Дәрумендер — тірегің. Егер олардың бірі жетіспесе, ауырып қалуың мүмкін.

Кірпі өзімен бірге көкөністер мен жемістерді ала келеді — қыста балаларына азық қорын дайындап жүр.

Көкөністер мен жемістер таныстыруы

Ерасыл — Картоп

Мен ұялшақ картоппын, мақтануға жоқ шамам. Мені жақсы көреді үлкендер де, балалар да.

А. Ілияс — Алмұрт

Тіл үйірген алмұртпын, таңсығымын бар жұрттың. Қараса егер салғырт, жақсы өсіре алмайды ешкім.

Ризабек — Алма

Нарттай қызыл алмамын, мәз болады алғандар. Жазда әдемі киінем, тілді балдай үйірем.

Арсен — Қызанақ

Піскен кезде қызанақ көз тартады қызыл түсімен. Томат шырынын ішпеген жан бар ма сүйсінбей?

Мансур — Сәбіз

Кім бар сәбіз шырынын жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар күш-қуаттан кем болмайды ешқашан!

Қысқа диалог

Марғау: Сәлем! (Кірпіге таңданыспен қарап.)

Кірпі: Сәлем!

Марғау: Сен кімсің өзі?

Кірпі: Балалар, айтыңдаршы, мен кіммін?

Балалар: Кірпі!

Марғау: Қызық екен. Ал сен не істеп жүрсің?

Кірпі: Үйде кішкентай балаларым бар. Қысқа азық қорын дайындап жатырмын. Ал сен не істеп жүрсің?

Марғау: Мен күзді іздеп жүрмін. Оны ешқашан көрген емеспін. Жапырақтарды түрлі түске бояған — сол емес пе? Онымен кездесіп, алғысымды білдіргім келеді.

Ұйымдастырушылар

Тәрбиешілер

  • Қаракөз Қорабайқызы
  • Айнұр Нұрмұханова

Саз жетекшісі

Шұға Жантұрғанқызы

Би маманы

Алмара Жанатоллақызы

«Аяулы, алтын күз»

Күздің жомарттығын сезіндіретін мерекелік қойылым — ән, би, өлең және тәрбиелік әңгімемен өрілген жылы кездесу.

Жүктеу