Исатайға арналған өлеңдері

Өткізген
Даулова Ақынсара
Сабақтың тақырыбы
«Тарланым»
Сабақтың түрі
Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі
Интерактивті әдістер
Көрнекілігі
Оқулық, интерактивті тақта, қосымша материалдар
Сабақтың мақсаты
  • Махамбет шығармаларындағы негізгі идеяны анықтау, білімді жүйелеу.
  • Өлеңдердің мәні мен мазмұнын ұғындыру, танымдық көкжиекті кеңейту.
  • Отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу.

Топқа бөлу тәсілі

«Бағдаршам» түстері бойынша: қызыл, жасыл, сары.

II. Психологиялық дайындық

Әр топ бір-біріне бүгінгі сабаққа қатысты жылы тілек айтады.

III. Үй тапсырмасын сұрау

Әр топтан 3 оқушы шығып, «Мені жалғастыр» әдісімен жаттағанын айтады және сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар
  1. Аягөз кімнің жері еді?
  2. «Жезден қарғы тағынды: майырға болды жағымды» деген жолдарды қалай түсінесіңдер?
  3. «Датыңды айтсаң майырға, Сібірге кеттің айдалып» деген жолдардың мағынасы қандай?
  4. «Зар заман» ақындары кімдер? Олар неліктен зарланып өлең шығарды?

Сұрақтар жалпылама қойылып, үй тапсырмасы пысықталады.

IV. Жаңа сабақ: М. Өтемісұлы — «Тарланым»

Тақырып өзегі

Махамбеттің «Тарланым» өлеңі арқылы идеяны тану, тарихи-әдеби мәнін ашу.

Махамбет кім?
  • ақын
  • батыр
  • күйші
Оқу әрекеті

Оқушылар жауап бергеннен кейін мұғалім қосымша деректермен толықтырады.

Қысқаша мәлімет

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген. Әкесі Өтеміс — сөзі мірдің оғындай шешен, қайратты, батыр адам болған.

Ақынның өзі жырлағандай: «Өтемістен туған он едік, онымыз атқа қонғанда жер қайысқан қол едік». Махамбеттің бауырларының көбі кескілескен майданда немесе көтерілістен кейінгі қуғын-сүргінде қаза тапқан.

Тумысынан өжет мінезді Махамбет әуелі мұсылманша оқып, кейін орысша сауат ашады. Шешендігі мен ақындығы ерте танылады. Оның өршіл рухтағы өлеңдері — ақындығына, ел үшін атқа қонып, қарумен де, қаламмен де күрескені — батырлығына айқын дәлел.

Көтерілісшіл ақынның шығармаларынан батырлық пен ақындық қабаттаса көрінеді. Мысалы: «Соғыс», «Ереуіл атқа ер салмай» және т.б.

Махамбет — жыршы, күйші. «Қырымның қырық батыры» секілді жырларды жатқа айтқан. Күйлерінен: «Жұмыр қылыш», «Өкініш», «Шілтерлі терезе», «Жайық», «Асу», «Қайран Нарын».

Тыңдалым

Сабақ барысында Махамбеттің бір күйін тыңдату ұсынылады.

«Тарланым» туралы

«Тарланым» — ақынның досы, батыр Исатай Таймановқа арналған өлеңдерінің бірі. Бұл — Исатайдың ерлік істерін, қаһармандық тұлғасын танытатын, жоқтау сарыны басым шығарма.

Исатайға арналған өлеңдер
  • «Мінкен ер»
  • «Тайманның ұлы Исатай»
  • «Исатайдың сөзі»
  • «Исатай деген ағам бар»
  • «Ей, Махамбет, жолдасым»

V. Өлеңмен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу, жатқа айтқызу. Одан кейін топтық жұмыс жүргізіледі.

1-топ

Ақынның өкініші өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?

2-топ

Исатайдың сыртқы бейнесі жырдың қай жолдарынан көрінеді?

3-топ

Исатай бейнесін батырлар жырындағы Алпамыс бейнесімен салыстыр.

VI. Өлеңді құрылысына қарай талдау

1-топ мәтіні
Үзінді

Таудан мұнартып ұшқан, тарланым, Саған ұсынсам қолым жете ме? Арызым айтсам өтер ме? Арыстаным көп болды-ау, Саған да менің арманым! Кермиығым, кербезім, Керіскедей шаңдозым, Құландай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім! Қырмызыдай ажарлым! Хиуадай базарлым! Теңіздей терең ақылдым, Тебіренбес ауыр мінездім!

2-топ мәтіні
Үзінді

Садағыма сары жебені салдырған, Садағының кірісін сары алтынға малдырған. Тереңнен көзін ойдырған, Сұр жебелі оғына Тауықтың жөнін қойдырған. Маңдайын сары сусар бөрік басқан, Жауырынына көшіген жөнді оқ шанышқан.

3-топ мәтіні
Үзінді

Айғайласа белдік байлаған, Астана жұртын айналған, Атына тұрман болсам деп, Жұртына құрбан болсам деп Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен. Атқан оғы Еділ-Жайық тең өткен. Атқанын қардай боратқан, Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан. Арыстан еді-ау Исатай, Бұл фәнидің жүзінде Арыстан одан кім өткен?!

VII. Оқушылардың шығармашылық жалғасы

Бүгінгі ұрпақтың Махамбет сияқты өршіл, азамат ақынға жыр арнауы — заңды құбылыс.

Арнау өлеңдер

10-сынып оқушылары Нұртуған мен Ақтілектің арнау өлеңдерінен кезек беріледі.

VIII. Қорытынды және үй тапсырмасы

1-топ

Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табу.

2-топ

Исатай туралы қосымша мәлімет жинау.

3-топ

Шығармашылық жұмыс: «Махамбетше жырлаймын».

IX. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарының сапасына қарай бағалау жүргізіледі.