Өзендері мен көлдері

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қызылжар елді мекені, №81 орта мектебі

География пәні мұғалімі: Акбергенова Салтанат Асылбаевна

Сабақ түрі: саяхат сабақ • Тақырып: Сарыарқа (слайд)

Серпілу сәті: қысқа сұрақ-жауап

Төмендегі сұрақтар бұрынғы тақырыптарды қайталауға арналған. Жауаптары жақша ішінде берілген.

  1. 1. Қазақстанда қанша ландшафтық аймақ бар? (9)
  2. 2. Қазақстанда қанша табиғат зонасы бар? (4)
  3. 3. Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығындағы үстірт қалай аталады? (Орал алды)
  4. 4. Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде 60 000 км² жерді алып жатқан құмды аймақ? (Қарақұм)
  5. 5. Жем өзенінің ұзындығы қанша? (712 км)
  6. 6. Көлдердің ең үлкені? (Каспий)
  7. 7. Құм төбелерді қалай атайды? (Бэр төбешіктері)
  8. 8. Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы қандай?
  9. 9. Шығыс Еуропа жазығының климаты қандай? (құрғақ, континенттік)
  10. 10. Қысқы ең төменгі температура (min t) қаншаға дейін түседі? (-40°C)
  11. 11. Жауын-шашын мөлшері қанша? (солтүстікте 350 мм, оңтүстікте 140 мм)
  12. 12. Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде қандай зона таралған? (шөл зонасы)
  13. 13. Шығыс Еуропа жазығының өзендері? (Жайық, Ойыл, Жем)
  14. 14. Каспий теңізінің қай бөлігі Қазақстан аумағына кіреді? (солтүстігі мен солтүстік-шығысы)
  15. 15. «Фауна» нені білдіреді? (жануарлар әлемі)
  16. 16. «Флора» нені білдіреді? (өсімдіктер әлемі)
  17. 17. Шығыс Еуропа жазығында тіршілік үшін қандай қолайсыз жағдайлар басым? (жел эрозиясы, су тапшылығы, аңызақ желдер және т.б.)
  18. 18. Каспийде сирек кездесетін, бағалы аң? (итбалық)
  19. 19. Топырақтану ғылымының негізін салған ғалым? (Докучаев)
  20. 20. Қазақстан аумағы негізінен неше топырақ зонасына бөлінеді? (3)

Жаңа сабақ: Сарыарқа

Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық әрі табиғи-тарихи аймақтарының бірі. «Сарыарқа» — халықтық атау. Аймаққа Қарағанды және Астана облыстарының жері толықтай, сондай-ақ Торғай, Семей, Павлодар облыстарының бір бөліктері кіреді. Қарағанды облысының аумағы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан жергілікті халық бұл өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған.

Атаудың мәні

«Сарыарқа» атауы кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқаларға тән көріністі білдіреді: өсімдіктері күйіп, сарғайып жататын кең алқап ұғымын береді.

Сарыарқа — қазақтың байлығының көзі ғана емес, өнердің, мәдениеттің және тарихтың да кеніші. Бұл өңірден Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С. Сейфуллин, ақын Қ. Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н. Әбдіров, ғалымдар А. Чижевский мен Е. Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров сияқты тұлғалар шыққан. Көмірлі өңірдің халқы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Назарбаевты да өз өңірінің перзенті деп есептейді, өйткені ол еңбек жолын Теміртаудағы Қазақстан Магниткасында горновой болып бастаған.

Географиялық ауқымы

  • Батыс бөлігінің ені: 900 км-ден астам
  • Шығыс бөлігінің ені: шамамен 400 км
  • Батыстан шығысқа созылуы: 1200 км

Жер бедерінің сипаты

Сарыарқа — аласа таулы, төбелі, қырқалы, шоқылы, бұйратты жазық. Аймақта тегіс және ойыс жерлер көп.

Пайдалы қазбалар және өндіріс ошақтары

Кен орындары

  • Жезқазған, Қоңырат, Саяқ — мыс, темір, марганец кендеріне бай
  • Қарағанды мен Екібастұз — көмір өндірудің ірі ошақтары
  • Ақсу — ас тұзы өндіріледі

Ерекше табиғи нысан

Бұл бөліктегі ең биік тау — Қызыларай, оның ең биік нүктесі — Ақсораң (1565 м). Қызыларай тауы Қазақстандағы арқар көптеп мекендейтін өңірлердің бірі.

Таулар жүйесі және қорғалатын аумақтар

Негізгі тау жоталары

  • Қарқаралы — ең биік нүктесі Жиренсақал (1403 м)
  • Кент — ең биік нүктесі Шаңкөз (1460 м)
  • Баянауыл — шамамен 950 м
  • Шыңғыстау — шамамен 1300 м
  • Ұлытау — 1134 м

Бұл таулар жүйесі негізінен гранит жыныстарынан тұрады.

Атаулар мен саябақтар

Қарқаралы аумағында Қарқаралы ұлттық саябағы бар. Аңыз-әңгімелерге сүйенсек, «Қарқаралы» атауы ертедегі қазақ қыздарының қарқара деп аталатын бас киіміне байланысты шыққан.

Баянауыл аумағында Баянауыл ұлттық саябағы орналасқан.

Сарыарқадағы ірі ойыс — Теңіз–Қорғалжын қазаншұңқыры. Ол аймақтың батыс бөлігін екіге бөліп жатады.

Өсімдіктері мен жануарлар әлемі

Орманды-далалы өңір

  • Кеміргіштер: түрлі тышқандар
  • Жыртқыштар: сілеусін, түлкі, қасқыр
  • Қояндар: ақ қоян, сұр қоян
  • Тұяқтылар: елік, бұлан

Далалық өлке

  • Кеміргіштер: суыр, саршұнақ
  • Жыртқыштар: дала күзені
  • Құстар: бозторғай
  • Жыртқыш құстар: дала бүркіті, тұрымтай

Оңтүстікке қарай (шөлейт–шөл)

  • Құм тышқаны, қосаяқ
  • Шөлейт қасқыры, шөлейт ақкісі
  • Рептилиялар: сұр геккон, дала агамасы, жүйрік кесіртке

Өзен-көлдердегі тіршілік

Өзендер мен көлдерде шортан, аққайран, табан және басқа да көптеген балық түрлері кездеседі.

Геологиясы

Сарыарқа каледон (батыс бөлігі) және герцин (шығыс бөлігі) қатпарлану кезеңдерінде қалыптасқан. Неотектоникалық қозғалыстармен қатар, жел мүжілу үдерістері қазіргі жер бедерін айқындады. Аймақ негізінен метаморфтық және магмалық тау жыныстарынан түзілген.

Климаты

Температура

  • Қаңтар: солтүстікте -22°C, оңтүстікте -15°C
  • Шілде: солтүстікте 20°C, оңтүстікте 25°C
  • Қысқы минимум: -40°C дейін
  • Жазғы максимум: 40°C-тан асады
  • Жылдық амплитуда: 35°C-тен жоғары

Жауын-шашын

  • Солтүстікте: 300–350 мм
  • Оңтүстікте: 150–200 мм

Өзендері мен көлдері

Басты өзендер

Есіл, Нұра, Сарысу, Тоқырауын және т.б.

Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді: көктемде тасып, жазда суы азайып, кей жерлері құрғап кетеді.

Көлдер

Негізгі көлдерінің бірі — Бурабай.

Табиғат зоналары және қорық

Табиғат зоналары

Сарыарқа аумағы дала, шөлейт, шөл зоналарына кіреді.

Қорғалатын аумақ

Қорғалжын қорығы 1968 жылы ұйымдастырылған.

Графикалық диктант

Егер тұжырым дұрыс болса, оқушылар __ белгісін қояды; дұрыс болмаса белгісін қояды.

  1. 1. Сарыарқаның ең биік тауы — Қызыларай.
  2. 2. Сарыарқа мынадай аудандармен шектеседі: оңтүстігінде Қаз. ж., Тұр., Тор., Сауыр.
  3. 3. Сарыарқа өлкесі мына таулардан тұрады: Қызыларай, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Ұлытау.
  4. 4. Қарқаралы атауының шығу төркіні — «қарқара» (қазақ қыздарының бас киімі).
  5. 5. Сарыарқадағы пайдалы қазбалар: тас көмір, мыс, темір, марганец.
  6. 6. Сарыарқаның негізгі өзендері: Есіл, Нұра, Сарысу.
  7. 7. Сарыарқада мекендейтін жануарлар: қасқыр, түлкі, киік, дала тышқаны.
  8. 8. Сарыарқада 1963 жылы құрылған қорық — Қорғалжын.

Бекіту сұрақтары

Сұрақ 1

Англияда «сапа эталоны» ретінде қолданылатын пайдалы қазба қайсы?

  • A)Көмір
  • B)Темір
  • C)Мыс
  • D)Ас тұзы

Сұрақ 2

Ең биік нүкте қайсы?

  • A)Ақсораң
  • B)Шыңғыстау
  • C)Кент
  • D)Қарқаралы

Қосымша материал: слайдты жүктеу.