Астанаға саяхат
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Амирина Ляйля Бауыржанқызы
Сабақтың тақырыбы
Астанаға саяхат. Сын есім
Сабақтың мақсаты
Астанаға саяхат жасау арқылы оқушыларды еліміздің бас қаласымен тереңірек таныстыру.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Кәртішкелер
- Слайдтар
Сабақтың міндеттері
- Әртүрлі тапсырмалар арқылы грамматиканы қайталап, сөздерді мағынасына қарай дұрыс қолдануға үйрету.
- Оқушылардың сөздік қорын дамыту.
- Отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Дайындық- Амандасу.
- Сыныпты түгендеу.
- Психологиялық дайындық.
2) Жаңа сабақ
Қызығушылықты оятуОқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.
Ойын: «Адасқан әріптер»
Слайдта «ТАНАСА» сөзі беріледі. Оқушылар әріптерді дұрыс орналастырып, «Астана» сөзін шығарады.
3) Жаңа сабақты түсіндіру
Саяхат форматыМұғалім өзін экскурсовод ретінде таныстырады. Слайдта пойыздың суреті көрсетіліп, оқушылар «ғажайып пойызға» отырып, сабақ-саяхатты бастайды.
1) «Сөз сарайы» бекеті
- Сөздік жұмысы: жаңа сөздер суреттер арқылы ұсынылады.
- Оқушылар сөздерді суреттермен сәйкестендіріп, мағынасын меңгереді.
- Жаңа сөздермен сөз тіркестері құрастырылады.
Талап
Сөз тіркесі зат есім + сын есім түрінде болуы керек.
Мысал: әдемі гүлзар.
2) Топтық жұмыс
1-топ
Сұрақ: Астана қандай қала?
Үлгі жауаптар: әдемі, керемет, таңғажайып, т.б.
2-топ
Сұрақ: Астанада қандай адамдар тұрады?
Үлгі жауаптар: сыйлы, әдепті, ақылды, т.б.
Сын есімнің түрлері (Венн диаграммасы арқылы)
Негізгі сын есім
Түбір күйінде қолданылады.
Туынды сын есім
Жұрнақ арқылы жасалады.
4) Жаңа сабақты бекіту
ТәжірибеМәтінмен жұмыс
Оқушылар мәтіндегі суреттерді атап, негізгі мазмұнын түсінеді.
Мәтін
Астана — Қазақстанның басты қаласы. Қазақстан тарихында төрт астана болған. Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан. Қалада әдемі, ғажайып, биік, зәулім ғимараттар көп. Орталық алаңда әртүрлі нысандар орналасқан. Сонымен қатар мұнда атақты адамдардың есімдерімен байланысты орындар да бар. Қаланың дәл ортасында көгілдір аспанды тіреп тұрған еңселі монумент бой көтерген. Астана — заманауи қала.
Жазбаша жұмыс
- Мәтіннен сын есімдерді теріп жазады.
- Сөз тұлғасына талдау жасайды.
- «Балық сүйегі» стратегиясы арқылы қорытындылайды.
Мысал
әдемі — негізгі сын есім
Мысал
атақты — туынды сын есім
Ауызша тіл дамыту
Диалог құрастыру: «Пойыздан қарсы алу» және «Анықтама бюросы» жағдаяттары бойынша сөйлесу.
5) Сабақты қорыту
ЖүйелеуСабақ кластер әдісі арқылы қорытындыланады:
- «Астана қандай қала?» сұрағына сын есімдер арқылы жауап беру.
- Сын есімнің негізгі белгілерін қайталау.
6) Рефлексия
Кері байланысОқушыларға алдын ала дайындалған рефлексия парақтары таратылады. Сонымен қатар әр оқушы өзін-өзі бағалау парағына өз бағасын қояды.
7) Бағалау
НәтижеОқушылардың жұмысы тапсырмаларға қатысуы, жазбаша талдауы және топтық жұмыстағы белсенділігі бойынша бағаланады.
8) Үй тапсырмасы
Жалғастыру- «Астана» тақырыбында сөзжұмбақ құрастыру.
- Грамматикалық тақырыпты түсініп оқу.