Сан есімдер қай сөзбен байланысып тұрғанын анықта

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Сан есімнің грамматикалық тұрғыдан сөз табы екенін түсіндіру.
  • Сөйлемдегі сөздермен байланысын анықтай білуге үйрету.
  • Сұрақ қою арқылы сөйлем ішіндегі сан есімдерді тез тауып, ажыратуға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Танымдық тапсырмалар мен сұрақтар арқылы дүниетанымды кеңейту.
  • Шығармашылық қабілеттерді дамыту.

Тәрбиелік

  • Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  • Таза әрі сауатты жазуға баулу.
  • Адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, назарын шоғырландыру, жұмыс ырғағын қалыптастыру.

II. Өткен сабақты бекіту (қайталау)

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма беріледі. Жауаптарды тыңдау арқылы бұрын өткен сөз таптары қайталанады.

I топ

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

II топ

  • Етістік дегеніміз не?
  • Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

III топ

  • Сын есім дегеніміз не?
  • Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

Жаттығу: сөйлем құрау

Сөйлем ойлап, сұрақ қою арқылы берілген сөз таптарын табыңдар.

«Өтірік өлең»

Елу метр есіктен

Еңкеюмен шақ кірдім.

Жүз қасқырды өшіккен

Бір қозыға бақтырдым.

  • Қалың қаріппен берілген сөздерге сұрақ қойыңдар.
  • Олар қай сөз табына жатады?

Оқушылардың жауаптарын қорытындылай отырып, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты тұжырымдалады: сан есім.

III. Жаңа сабақ

Сан есімнің ережесі еске түсіріледі, сөйлемдегі қызметі мен басқа сөздермен байланысы талданады.

Кітаппен жұмыс

2-жаттығу

Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшіріңдер. Сан есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтаңдар: (12 ай, 30 күн, 4 апта, 7 тәулік, 24 сағат, 60 минут).

3-жаттығу (ауызша)

Мәтінді оқып, сан есімдердің қай сөзге қатысты екенін анықтаңдар. Мақсат — терең ойлауға дағдылану.

4-жаттығу (шығармашылық)

  • Сан есімдердің қасына тиісті зат есімдерді қойып жазыңдар.
  • Жазған сан есімдер мен зат есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

5-жаттығу (ақпараттық ізденіс)

Жұмбақты жатқа жазыңдар, шешуін табыңдар:

Алтын терек, он екі бұтақ,

Үш жүз алпыс бес жапырақ.

Қосымша тапсырмалар

Жұмбақ 1

Екі таяқ, төрт сылдырмақ, бір сыпыртқы. Шешуі: сиыр.

Жұмбақ 2

Бір үйге көзсіз болып басыңды сұғасың, Бұл үйден көреген болып шығасың. Шешуі: мектеп.

Талдау тапсырмасы

  • Сан есімдерді табыңдар, сұрақ қойыңдар.
  • Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айтыңдар.

Сергіту және ой қозғау

Бала қиялын жетілдіру және көңіл сергітуге арналған тапсырмалар: ойнаймыз, күлеміз, шешуін табамыз.

Санау сұрағы

Бір сиырдың аяғы, құйрығы және мүйізін бірге санағанда барлығы нешеу?

Логикалық сұрақ

Мен, сен және біз екеуіміз — сонда біз қаншамыз?

Жұмбақ-есеп

Біреуі сөйлейді, екеуі тыңдайды, екеуі көреді. Ол не?

Тапсырма: сан есімдерді анықтаңдар.

Сабақты бекіту (қорытынды сұрақтар)

  1. 1 Сан есім дегеніміз не?
  2. 2 Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  3. 3 Сан есім қай сөз табымен жиі байланысады?
  4. 4 Сан есімдер қатысқан бір мақал айтыңдар.
  5. 5 Сан есімдер қатысқан бір жұмбақ айтыңдар.

Үй тапсырмасы

Өтілген тақырып бойынша сан есімдерді қатыстырып мысал сөйлемдер құрап келу.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}