Қазақтың атақты палуаны кім

«Білгірлер мен тапқырлар» білім сайысы

Жарысқа әрқайсысы 5 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ана тілі — қазағымның қаймағы,
Тілің — сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
6-сыныптың білгірлері шығады.
Қошемет етіңіздер!

Құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Білгірлер мен тапқырлар» білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын — толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады аптығыста.

Ойын — толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Сайыскерлердің таныстыруы

Ендігі кезек — өз білімін сынауға, алғырлығы мен тапқырлығын шыңдауға келген оқушыларда. Әр сайыскер өзін таныстырады: аты-жөні, сыныбы, сүйіп оқитын пәні, ұнататын телебағдарламасы, сүйікті мерекесі, бос уақыты, арманы туралы айтады.

Топтар

«Жасұлан» тобы

Ұран

Тіл бар жердеөмір бар.

Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.

«Бәйтерек» тобы

Ұран

Сүйемін туған тілді — қазақ тілін.

Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі.
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.

Бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, биік шыңдарға қона беріңдер дегім келеді. Ал, жас қырандар, I кезеңді бастайық.

Сайыстың кезеңдері

I кезең: «Сөз тапқанға…»

Әр топтан 3 мүшеден әріп таңдап алады. Қойылған сұрақтарға жауапты тек сол әріптен басталатын сөздермен ғана береді.

I топ

Ш М Ә
  1. Сенің атың кім?
  2. Көңіл-күйің қалай?
  3. Әжең бауырсақ пісіре ме?
  4. Мектеп оқушылары не істейді?
  5. Сан есімді ата.
  6. Маржан шетелде тұра ма?
  7. Достарың көп пе?
  8. Жүз жасқа келгенде не істейсің?
  9. Кітапты кім жазады?
  10. Ақшаң көп болса, маған бересің бе?
  11. Қандай қалаларды білесің?
  12. Мұражайда нелерді көресің?
  13. Ақ бантик тағасың ба?
  14. Аспанда не бар?
  15. Қыста күн боранды бола ма?

II топ

С Ж А
  1. Сенің атың кім?
  2. Таңертең тамақ іштің бе?
  3. Ауа райы қандай?
  4. Әлияны қалай шақырасың?
  5. Қалтаңда не бар?
  6. Сенің мектебіңде қандай балалар оқиды?
  7. Сен қандай елде тұрасың?
  8. Нанды көп жейсің бе?
  9. Бір сын есімді ата.
  10. Қанша тіл білесің?
  11. Сен қандай адамсың?
  12. Мадина мектепке келді ме?
  13. Жандостың жан досын ата.
  14. Қымыз тәтті ме?
  15. Қыста күн боранды бола ма?

II кезең: «Ғажайып алаң»

Бұл турда әр сайыскер жеке-жеке сұрақ таңдап, өзі жауап береді.

Қазақ тілі

  • Көп тілді білетін адам кім?
  • Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп Ата Заңның қай бабында жазылған?
  • Сөз таптарын ата.

Мемлекеттік мерекелер

  • ҚР Тәуелсіздік күні қашан тойланады?
  • 30 тамызда қандай мереке тойланады?
  • Қазақстанда Бірінші Президент күні қашан аталып өтеді?
  • Наурызды тойлау қандай астрономиялық құбылысқа байланысты?

География

  • Ең үлкен көлді ата.
  • Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
  • Қазақстанда қанша облыс бар?
  • Қазақстанның ең биік тауы қайсы?

Сен білесің бе?

  • Қазақтың атақты палуаны кім?
  • Сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін ғылым қалай аталады?
  • ҚР Жоғарғы Бас қолбасшысы кім?
  • Шыңғыстауда (Семей өңірінде) қандай атақты адамдар туған?

III кезең: «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде сайыскерлер берілген сөз немесе сөз тіркесінің қай өлең шумағынан екенін және авторын табады. Содан кейін өлеңді мәнерлеп оқиды.

IV кезең: «Егер мен…»

Сайыскерлер карточкада жазылған іскер адам туралы «Егер мен бастық болсам…» үлгісінде өз ойын 1 минут ішінде айтады.

Карточкадағы мамандықтар:

  • Президент
  • Әкім
  • Кәсіпкер
  • Ақын

Бұл кезеңдегі ең жоғары ұпай — 10.

V кезең: «Кім жылдам?»

Көрерменмен жұмыс: топтар кезекпен сөз жасырады.

1-топ жасыратын сөздер

нан қалам қағаз гүл сатушы сағат орман шаш жазушы терезе

2-топ жасыратын сөздер

кітап домбыра қазақ тілі мысық әнші үй жаңбыр құс Жаңа жыл киіз үй

VI кезең: «Жекпе-жек» (капитандар сайысы)

Бұл кезеңде әр топтан 1 оқушы шығады. Әр ойыншыға 20 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

А нұсқасы (20 сұрақ)

  1. Бір жылда неше ай бар? (12)
  2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
  3. Қай септік үндестік заңына бағынбайды? (көмектес)
  4. ҚР-ның валютасы қандай? (теңге)
  5. ҚР-ның Ата Заңы күні қашан? (30 тамыз)
  6. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)
  7. Ақмола облысының орталығы қай қала? (Көкшетау)
  8. Жалғаудың неше түрі бар? (4)
  9. Сұраулы сөйлемге мысал келтір.
  10. «Кішкентай» сөзінің диалект нұсқасы қандай? (біттей)
  11. «Мұғалім» сөзінің синонимдерін ата. (оқытушы, ұстаз)
  12. «Сілесі қату» тұрақты тіркесінің мағынасы қандай? (шаршау)
  13. «Жиі» сөзінің антонимін ата. (сирек)
  14. Мақалды жалғастыр: «Көппен көрген…» (ұлы той)
  15. Жазушы Мұқановтың есімі кім? (Сәбит)
  16. Алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
  17. Сөйлемді дұрыс құрастыр: «Боран, соғады, қыста.»
  18. Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
  19. Фонетика нені зерттейді?
  20. Мақалды аяқта: «Тіл тас жарады, тас жармаса…» (бас жарады)

Ә нұсқасы (20 сұрақ)

  1. Бір жылда неше күн бар? (365)
  2. Септіктің неше түрі бар? (7)
  3. Есімдіктің мағынасына қарай неше түрі бар? (6)
  4. Сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы қалай аталады? (орфография)
  5. Буынның қандай түрлері бар? (ашық, бітеу, тұйық)
  6. «Көп» сөзінің антонимі қандай? (аз)
  7. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер қалай аталады? (антоним)
  8. Заттың сынын білдіретін сөз табы қайсы? (сын есім)
  9. Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты? (Ы. Алтынсарин)
  10. А. Құнанбайұлының неше қарасөзі бар? (46)
  11. «Қазақ хрестоматиясын» кім жазды? (Ы. Алтынсарин)
  12. Қазақ халқының ұлттық ойыны. (тоғызқұмалақ)
  13. Сұраулы шылауларды ата. (ма, ме, ба, бе, па, пе, ше)
  14. М. Әуезовтің атақты романы. («Абай жолы»)
  15. «Төрт» сөзі қандай буынды сөз? (бітеу)
  16. «Қоян жүрек» тұрақты тіркесінің мағынасы қандай? (қорқақ)
  17. Мақалды аяқта: «Күлме досыңа…» (келер басыңа)
  18. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін саласы қалай аталады? (фонетика)
  19. Қазақтың батыр қыздары кімдер? (Әлия, Мәншүк)

Қорытынды

Сайыс қорытындысын шығару үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Оқушылар марапатталады.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, КММ №9 орта мектеп.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Амирина Ләйлә Бауыржанқызы.