Абай ҚұнанбаевМәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға, Шелтірейтіп орысың, Шенді шекпен жапқанға
Абай Құнанбаев
Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға,
Шелтірейтіп орысың,
Шенді шекпен жапқанға.
Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар - ұятын сатқанға?!
Күлмең қағып қасқайып,
Салынып ап мақтанға,
Таңқаламын, қампайып
Жоқты - барды шатқанға.
Үйі мәз боп, қой сойды
Сүйіншіге шапқанға.
Әуре қылды, салды ойды
Үйдегі тыныш жатқанға.
Еш нәрсе емес жұбанар,
Ақыл көзбен баққанға.
Жас баладай қуанар
Бір дәмдіні татқанға.
Көзі барлар ойының
Күлер көтін ашқанға.
Қасиетін бойының
Бекер төгіп шашқанға.
Қуанарлық қыз емес
Жылтырауық таққанға.
Өзгелерді, біз емес,
Түсірмекші қақпанға.
Осы да есеп бола ма
Ар, абұйыр тапқанға?
Миың болса жолама
Бос желігіп шапқанға.
Бір бес надан, оңбассың,
Нансаң, оның қосқанға.
Жасық, жаман болмассың,
Жамандықтан қашқанға.
Ол болдым - ақ дей берер,
Бұлғақ қағып басқанға.
Елең қағып елбірер,
Елертіп көзді аспанға.
Жайы мәлім шошқаның,
Түрткенінен жасқанба.
Бір ғылымнан басқаның
Кеселі көп асқанға.
Одан үміт кім қылар,
Жол табар деп сасқанда?
Үйтіп асқан жолығар
Кешікпей - ақ тосқанға.
Абай және қазақ әдеби тілі
Ақын Дулат Бабатайұлы
Абайдың ұлттық идея туралы ұғымы
Абай шығармашылығы жайлы
ХХ ғасырдың ұлы жырауы
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Қоғамдық психологияның кейбір аспектілері
Интонацияның маңызы
Қазақ ұлттық киiмдері
Омоним сөздер туралы оқушыларға түсіндіру
ТОЛЫБАЙҰЛЫ ОЛЖАБАЙ
ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АБАЙ (ИБРАҺИМ)
Абай атама
Гигиена-денсаулықты сақтау
XX ғасырда Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының дамуы
Мәдениет, салт-дәстүрлер денсаулық сақтау және білім саласындағы әлеуметтік саясаттың негізгі құраушы факторы
Денсаулыққа қарсы қылмыстар
Құнанбаев Абай
Негізгі мәдениеттанулық мектептер мен бағыттар
Шылым шегу барысында не нәрсе болады