Әлемді тербеткен - АНА
Әлемді тербеткен — Ана!
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні. Бұл күн — мейірімнің, алғыстың, құрметтің мерекесі. Ана — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Сондықтан аналарға деген ыстық ықылас ешқашан сөнбейді.
Мақсаты
- 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
- Анаға деген мейірім мен сүйіспеншілікті арттыру; үлкенге ізет, кішіге үлгі болуға үйрету.
- Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілігі
Шақыру сөзі
Шуақты көктем гүлін ала келді. Көктемнің мерекесі — бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі де — Аналар. Ана деп бас иеді күллі халық.
Жүргізушінің құттықтауы
Қош келдіңіздер, аяулы аналар, қызғалдақтай қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Шуақты көктем күндерімен бірге келген төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Бұл мерекенің орны әрқашан бөлек. Себебі аналарға деген алғыс пен құрмет — мәңгілік. Осы қуанышқа орай «Әлемді тербеткен — Ана!» атты мерекелік концертке қош келдіңіздер!
Бейне
«Періштем»
Аудио
«Ана»
Монолог: Ана туралы
Ана — әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін емізіп, әлдилеп, жанын да аямаған ардақты жан. «Ана» деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын, өйткені ол — дүниедегі ең қастерлі есім.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып дүниеге әкеліп қана қоймайды. Ол перзентін көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елдің рухын сіңіретін де — ана. Жылағанын жұбатып, мейірімін төгетін де — ана.
Ана баласының амандығын, бақытты әрі абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер алдымен анадан дариды. Қайран ана өз перзентін қандай болса да — әдемі не ұсқынсыз, ақылды не аңғал, мейірімді не мінезді — бәрібір шексіз сүйеді.
Дүниеде ананың көз жасынан ауыр таразы жоқ. Өйткені оның жасы — киелі. Бірақ «Ананың көңілі — балада, баланың көңілі — далада» демекші, ата-анасын сыйламайтын, перзенттік борышын ұмытатын жандар да кездеседі.
Ана — тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ана мейірімін сезінбей өсетін балалар да бар. Ендеше, ананы қадірлейік, құрметтейік!
Өнерге шақыру
Көңілің Алатаудың ақ қарындай, мейірімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша, аяулы ана, тына алармын — ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Ендеше, абзал аналарымыз бен аяулы қыздарымыздың құрметіне балалардың өнерін қабыл алыңыздар.
Ән
«Анама» — Айнұр
КВН
«Жылыма жұлдыздары» — 5–6 сынып
Ән
«Ой, жеңгей» — Жандос
Ойын: «Ана мінезі мен сезімі»
5 ананы ортаға шақырып, әрқайсысына бір-бірден қуыршақ беріледі. Төмендегі тапсырмалар орындалады:
- 1Балаңызды қалай еркелетесіз?
- 2Сабақтан келгенде балаңызды қалай қарсы аласыз?
- 3Балаңыз «2» деген баға алғанда әрекетіңіз қандай болады?
- 4Қуыршақтардың ішінен өз «балаңызды» тауып алыңыз.
Би
«О, чинури» — қыздар тобы
Ана сүті туралы бейне-көрініс
Ана сүті — балаға арналған ең жақсы тағам. Ол тек асқорыту жүйесіне қолайлы болуымен шектелмей, сәби ағзасын ауру-сырқаудан қорғап, өмір бойғы денсаулықтың алғашқы негізін қалайды. Ана сүтінің құрамында жүздеген компонент бар, әрі оның құрамы баланың қажеттілігіне сай үнемі өзгеріп отырады.
Алғашқы уыз — ақуыздар мен минералды заттарға бай. Уақыт өте келе сүтте майлар мен көмірсулар мөлшері арта түседі. Бұл табиғи тағамның теңдесі жоқ: оны ешбір сусынмен де, тағаммен де толық алмастыру мүмкін емес. Сәби ағзасы оны оңай сіңіреді, ал гормондар мен дәрумендер бір жасқа дейінгі өсу мен дамуды қолдайды.
Су
шамамен 87%
Көмірсулар
шамамен 7%
Майлар
шамамен 4%
Ақуыздар
шамамен 1%
Дәрумендер мен минералдар
шамамен 1%
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз! Әрқашан ана — сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, сонда біз кісілікке теңесеміз.
Бәріміздің де анамыз бар. Сондықтан ана сүтін бағалайық, ақтайық!
Концерт нөмірлері
Ән
«Анашым, қартаймашы»
Көрініс
«Қазақ пен орыс»
Ән
«Қыз деген — Ана»
Ән
«Четыре татарина»
Өлең жолдары
Ана — өмірдің қуанышы, тірегі,
Бала — оның жұбанышы, жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар әрдайым тыныштықты тілейді.
Ана десем — алғыс алам халқымнан,
Ана десем — теңіз болам шалқыған.
Ана десем — ашылады қабағым,
Ана десем — әділдікті ұғамын.
Қорытынды
Өнерімізді аяп қалдық демеңіздер — мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар, көріскенше! Осымен концертіміз аяқталды.