Қазақ тілінен логикалық тапсырмалар

Қазақ тілінен логикалық тапсырмалар

Ұсынылып отырған логикалық тапсырмалар 4-сыныптағы қазақ тілі пәнінің бағдарламалық мазмұнын тереңдете меңгертуді көздейді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, оқушының дарындылығын тану мақсатында қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға ерекше назар аударылды.

Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өз бетінше ізденеді, ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілетін дамытады, байқағыштығын қалыптастырады және эвристикалық дағдысын шыңдайды. Оқушының өз пікірін айтып, оны дәлелдеп қорғай білуіне мүмкіндік беріледі.

Бұл жұмыстар теориялық білімді кеңейтіп, оны тәжірибеде қолдануға ықпал етеді. Логиканың дамуы оқушының өздігінен ізденіп, жүйелі жұмыс жасауына жағдай жасайды. Сонымен қатар тапсырмалар оқушының жас ерекшелігі ескеріле отырып құрастырылған және интеллектуалдық деңгейін көтеруге бағытталған.

Тапсырма 1

Алфавит реті

Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.

А)

Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.

Жауабы:

Ә)

Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек.

Жауабы:

Б)

Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш.

Жауабы:

Тапсырма 2

Жұмбақ

Дыбысы жоқ болса да,

Алфавитте орны бар.

Оқылмайды, жазса да,

Қай белгі? Ойлан да тап.

Шешуі:

Тапсырма 3

Дыбыс түрлері

Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.

А дегенің – ана,

Б дегенің – бала.

Б дегенің – баға,

Бестен басқа алма.

Жуан Жіңішке Қатаң Ұяң Үнді

У дыбысының жазылуы

Ереже

У әрпі кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбысты білдіреді.

Уыс

Дауыссыз, өйткені дауыстының алдында тұр.

Суға

Дауысты, өйткені екі дауыссыздың ортасында тұр.

Тауық

Екі дауыстының ортасында келсе, дауыссыз дыбыс болады.

У дыбысына біткен қимылды білдіретін сөздерге у дыбысы қосылғанда, екі у жазылады.

Мысалы: жуу, қуу, буу.

Тапсырма 4

Талдау

Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін анықта.

Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.

Дауысты

Дауыссыз

Тапсырма 5

Кесте

Кестені толтыр.

Дауысты у Дауыссыз у
Тулақ мысал

Я, ю, ё әріптерінің жазылуы

Ереже

я = й + а ю = й + у ё = й + о

Я, ю, ё — дауысты дыбыстарды білдіретін әріптер. Олар жеке тұрып та, дауыссыздармен тіркесіп келіп те буын құрайды.

Есік жоғын ұқтық,

Люктен шықтық.

Елка деу — бұрыс,

Шырша деу — дұрыс.

Қ. Мырза Әли

Тапсырма 6

Сөзжұмбақты шеш.

Ф, В және басқа қатаң дыбыстардың жазылуы

Ереже + мысал

В — ұяң дауыссыз дыбыс. Ф — қатаң дауыссыз дыбыс.

Бұл дыбыстар сөздің барлық буынында келе береді.

Ч, щ, ц, х, һ — қатаң дауыссыз дыбыстар.

Қызықтырып бізді,

Ағам чертеж сызды.

Біздің туған шаһарда,

Тұрады көп қаһарман.

Циклон — ол дауыл,

Көрді соны ауыл.

Зообақта көп хайуан,

Келген бәрі қайдан?

Ащы тамақ — ауыр,

Тұщы тамақ — тәуір.

Қ. Мырза Әли

Автор туралы

Тараз қаласы, №23 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Қадырова Зухра Мұратқызы.

Бастауыш сынып Қазақ тілі Логикалық тапсырмалар