Көп мағыналы сөздер
Сабақ топтамасы және деректер
Пән мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өтебаева А.Е.
Сабақтың тақырыбы
Омонимдер
Топтамадағы сабақ тақырыптары
- 1 Омонимдер
- 2 «Сырттандар» ертегісі
- 3 «Ақсақ құлан, Жошы хан»
- 4 «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу»
Сілтеме
Жоспар
Ақпарат көздері
- Интерактивті тақта
- Слайд-суреттер
- Кесте
- Венн диаграммасы
Жалпы мақсат, нәтиже және түйінді идея
Жалпы мақсат
Омонимдер туралы түсінік қалыптастыру және жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту. Лексикалық талдау жасату арқылы сөздердің мағыналарын ажырату.
Оқыту нәтижесі
Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту; шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдысын дамыту.
Түйінді идея
Сөздің омоним екеніне көз жеткізу үшін сол сөзге синоним іздеп көру және мағыналық айырмашылығын дәлелдеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды топтарға бөлу, құрал-жабдықтарды үлестіру.
- Үй тапсырмасын тексеру және қорытындылау.
Алдыңғы тақырып
Көп мағыналы сөздер (60–61-жаттығулар)
Сұрақтар
- 1 Сөз деген не?
- 2 Сөз мағынасы деген не?
- 3 Сөздің қандай мағыналары болады?
- 4 Сөздің тура мағынасы деген не?
- 5 Сөздің ауыспалы мағынасы деген не?
- 6 Көп мағыналы сөздер деген қандай сөздер?
Тапсырмалар
60-жаттығу
Салмақты, әрекет, қарулы сөздерінің бірін таңдап, сол бойынша шағын мәтін құраңдар. Мәтінде көп мағыналы сөздер қолданылсын.
61-жаттығу
- Келесі сөздерді пайдаланып, тура және ауыспалы мағынада қолданылатын бірнеше сөйлем құрастырып жазыңдар: жел, суық, жылы, өткір, кілт.
- Осы сөздердің негізгі және ауыспалы мағыналарының ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіріңдер.
II. Жаңа сабақ: Омонимдер
Кіріспе
Мұғалім омоним ұғымын түсіндіріп, мысалдар келтіреді. Тақырыпты ашу үшін Венн диаграммасы қолданылады.
Көп мағыналы сөздерге тән белгілер
- Сөз екі немесе одан да көп мағынаға ие болады.
- Мағыналар бір негізден тарайды және көбіне бір сөз табына қатысты болады.
Ортақ қасиеттері
- Тілдің сөз байлығын көрсетеді.
- Дыбысталуы біркелкі болуы мүмкін.
Омонимдерге тән белгілер
- Айтылуы (жазылуы) бірдей, мағыналары бөлек болады.
- Әр түрлі сөз табына қатысты болуы мүмкін, сондықтан қызметі де өзгереді.
Әр топқа тапсырма беріледі: топтар өз шешімдерін ұсынады, жинақталған материал бойынша қорытынды жасайды.
III. Жаттығулар жұмысы
Тақтамен жұмыс
62-жаттығу: мәтіндегі қажетті сөздердің астын сызу (тақтада орындау).
Интерактивті тақтамен және оқулықпен жұмыс
63-жаттығу: кейіпкерлерге мінездеме беру.
65-жаттығу: қол, сабақ, сіңір, қой сөздері омоним болатындай тіркестер құрастырып жазыңдар.
Сонымен бірге мәтіннен ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, дәптерге жазып шығыңдар.
IV. Бекіту
Жинақтау және қорытындылау жұмыстары жүргізіледі.
V. Бағалау
- Топтар бір-бірін бағалайды.
- Мұғалім бағалау критерийлеріне сүйене отырып, қорытынды баға қояды.
VI. Үй тапсырмасы
- 1) 28–29-беттерді оқу, ережені жаттау.
- 2) 64-жаттығу: әңгімені мәнерлеп оқу және мазмұндау. Омоним сөздер қатысатын 5 сөйлем жазу. Егер кейіпкерлер өздеріңе таныс болса, олар туралы кеңірек әңгімелеу.
Сабақ соңында оқушылар тақырып бойынша алған оң және кері әсерлерін жазып қалдырады. Мұғалім ұсынылған сұрақтарға сүйеніп, кері байланыс жинайды және қажет болған жағдайда түзету жұмыстарын жүргізеді.