Мұқағали Мақатаев Сиыр айдап өріске ертеңменен, Баратын ек тоғайға еркеммененТал басына шық тұрып, күннің нұрыМың бояумен тоғайды көркемдегенҚарасаздың шыбығын жел тербеген, Жел тербеген шыбықты мен тербегем

Мұқағали Мақатаев

Сиыр айдап өріске ертеңменен,
Баратын ек тоғайға еркемменен
Тал басына шық тұрып, күннің нұры
Мың бояумен тоғайды көркемдеген
Қарасаздың шыбығын жел тербеген,
Жел тербеген шыбықты мен тербегем.
Ойласамшы, сол шыбық терек болып,
Өзегімді бір кезде өртер деген...
Қарасаздың шыбығын жел тербеген
Жел тербеген шыбықты сен тербеп ең.
Сонда менің ойымда мұң бар еді,
Өзі келіп, бір күні серпер дегем
Жақын өсіп жас шыбық бала талға,
Оянатын екеуі ала таңда
Тағдырымды сонда мен табыстаппын,
Сезімі бар, сенім жоқ алақанға...
Қарасаздың шыбығын сен тербеп ең,
Сен тербеген шыбықты мен тербегем.
Ойласамшы сол шыбық бір кездерде,
Өзегімді өзің боп өртер деген
Сол тоғайға барып ем ертеңменен,
Қарсы алдымда терек тұр жел тербеген.
Бір тоғайда бірге өскен егіз едік,
Here ғана шошыдың, еркем, менен?!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Көш атты өлеңінде
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Ақын поэзиясындағы ұлттық рух пен көркем шындық
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тұлғасы
Балалардың сүйікті жыршысы
Мұқағали Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері