Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы
Сабақтың тақырыбы
Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Қимақ және Қыпшақ мемлекеттерінің қоныстанған аймақтарын, этникалық құрамын, саяси жағдайын, қоғамдық құрылысын және шаруашылығын түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, білімін және сезімталдық қабілеттерін дамыту; жеке және ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру; өз пікірін еркін білдіріп, қорытынды жасауына қолайлы жағдай қалыптастыру.
Тәрбиелік
Ата-баба тарихын білуге және құрметтеуге, еңбексүйгіштікке, батылдыққа, ұлтжандылыққа, елін сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың типі
Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі
Аралас, жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі
СТО (сын тұрғысынан ойлау) технологиясының әдістері.
Көрнекілігі
Карта, слайд, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс
География, дүние жүзі тарихы.
Сабақтың барысы
-
I
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, қатысымды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сабаққа назарын аударту. Психологиялық тренинг.
-
II
Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы «Алтын балық» ойыны арқылы сұралады.
-
III
Жан-жақты тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша білімді жүйелеу және нақтылау.
-
IV
Жаңа сабаққа даярлық
Оқушыларды топқа бөлу, тақырыпқа кіріспе сұрақтар қою, қызығушылықты ояту.
-
V
Жаңа сабақ
Қимақтар мен қыпшақтар туралы бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар екі топқа бөлінеді: I топ — «Қимақ», II топ — «Қыпшақ».
-
VI
Бекіту
Кесте құру, топтық тапсырмалар, қорытынды пікір айту.
-
VIII
Үйге тапсырма беру
Тақырып бойынша оқулықтан қайталау және қосымша тапсырма беру (мұғалім нұсқауына сай).
Үй тапсырмасын тексеру: «Алтын балық» ойыны
Төмендегі сұрақтар арқылы оқушылардың алдыңғы тақырып бойынша білім деңгейі анықталады.
-
1) Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі?
Жауабы: Түрік қағанаты.
-
2) Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды?
Жауабы: Жужандарды жеңген соң.
-
3) «Теле» сөзінің мағынасы?
Жауабы: Түрік.
-
4) Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты?
Жауабы: 603 жыл.
-
5) «Түрік» этнонимі деректерде алғаш рет қашан кездесті?
Жауабы: 542 жыл.
-
6) Қытай билеушілері Түрік қағанатына жібек матамен салық төлеп отырған қай қағанның тұсында?
Жауабы: Мұқан қаған тұсында.
-
7) Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы?
Жауабы: Мыңбұлақ.
-
8) Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «селиф» атағын берген қаған?
Жауабы: Тон қаған.
-
9) Батыс Түрік қағанатында яғбу, шад, елтебер атақтары кімдерге берілген?
Жауабы: Қаған әулетінен (руынан) шыққандарға.
-
10) Оғыздарда 12 тайпа болды деп жазған кім?
Жауабы: Әл-Марвази.
-
11) Оғыздарда маңызды рөл атқарған әскербасының лауазымы?
Жауабы: Сюбашы.
-
12) 965 жылы оғыздар Хазарларға қарсы кіммен әскери одақ құрды?
Жауабы: Киев Русімен.
-
13) Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойына ығыстырған тайпа?
Жауабы: Қыпшақтар.
-
14) Түркістан аймағындағы оғыздардың елтірі беретін қой өсіретінін жазған кім?
Жауабы: Ибн Хаукәл.
-
15) Оғыз мемлекеті мал өнімдерімен айырбас сауда жүргізген елдер?
Жауабы: Орта Азия және Қытай елдері.
Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары
- 1 Қимақ және Қыпшақ қағанаттарының құрылуы
- 2 Қоғамдық құрылысы
- 3 Қағанаттың саяси жағдайы
- 4 Шаруашылығы
Топқа бөлу және жұмыс форматы
I топ
«Қимақ»
II топ
«Қыпшақ»
Оқушыларға Қимақтар мен Қыпшақтар туралы бейнематериал көрсетіледі. Кейін әр топ өз тақырыбы бойынша мәліметтерді жинақтап, кесте құрады.
I топқа арналған кесте: Қимақ қағанаты
| Тарихи кезеңі | IX ғасырдың соңы — XI ғасырдың басы. |
|---|---|
| Жер аумағы | Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан. |
| Қоғамдық құрылысы | Ел билеушісі — қаған. Билік жүйесінде қаған, ябғу, шад-түтік сияқты лауазымдар аталды. Қоғамда «ұлы қаған», «кіші қаған», сондай-ақ жатақтар сияқты әлеуметтік топтар болғаны айтылады. |
| Тайпалық құрамы | Эймур, Байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ және басқа тайпалар. |
| Астаналары | Деректерде Имақия және Карантия атаулары кездеседі. Кейбір мәліметтерде Жанақ ибн Хақан әл-Қимақи есімі аталады. |
| Саяси қатынастар және соғыстар | Тоғыз-оғыздармен, Енисей бойындағы қырғыздармен және оғыздармен саяси-әскери қатынастар жасаған. |
| Әлсіреу себептері | Қарахан мемлекетінің шапқыншылықтары, қыпшақ көсемдерінің билік үшін өзара таласы және сыртқы қайшылықтар. |
| Шаруашылығы | Мал шаруашылығы, балық аулау, егіншілік, бау-бақша өсіру және қолөнер. |