Өмірімде бір иілген емеспін, Менмендігі менен өткен жоқ ешкім

Мұқағали Мақатаев

Жүре - жүре мен өмірге қанықтым,
Өмір сырын жаңа біліп, жаңа ұқтым.
Қызбалақтық күндерімді ұзатын,
Енді, міне, әке боп та қалыппын.
Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!
Ұғып ал да, сақ болып өс, айтайын,
Өмір жолын әкең былай бастаған.
Мен әкемнің тәрбиесін көрмедім,
Ал анамның ақылына көнбедім.
Тіпті, кеше оқушылық кезде де,
Тізгінімді ешбір жанға бермедім.
Өмірімде бір иілген емеспін,
Менмендігі менен өткен жоқ ешкім.
Боламын деп жалын жүрек, от кеуде
Бола алмай, қуыс кеуде боп өстім.
Енді, міне, ұлым маған қарайды,
Өткір көзін өңменіме қадайды.
Көп қателік жіберіппін амал не?
Кешір, ұлым, мойындадым, жарайды!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Жәнібек батырдың балалық шағы туралы
Өлеңдер жинағы
Мейірімділік
Ер Жәнібек
Түркістан Республикасы
Қарғын. Дулат Исабеков
Кеңістіктің еркін ұлы
АТА-АНА мен БАЛАНЫҢ өзара қатынасы - сұрақнама
Етістікті тұрақты сөз тіркестер
Алдыңғы азиядағы мамлюктер
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бір клеткалылар патшалық тармағы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
Батыс Сібір жазығы