Оқушының әрекеті
Мектеп және мұғалім туралы мәлімет
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Б. Тұрлыханов атындағы орта мектебі-бақшасы КММ.
Информатика пәнінің мұғалімі: Масылбекова Гульмира Болатовна.
Сабақтың тақырыбы
Ақпараттық технологияның қоғамдағы рөлі
Сілтеме
Информатика 7: Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева. Алматы: Мектеп, 2012. Тақырып: интернет желісі.
Сабақтың мақсаттары мен күтілетін нәтижелері
Жалпы мақсаттар
- Оқушыларға электрондық поштаны ашу, хатты қабылдау, хат құру және қолдану туралы жан-жақты мәлімет беру.
- Электрондық пошта туралы білімдерін толықтыру.
- Білім, білік және дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері
- Тапсырмаларды орындау барысында топтық талқылаулар арқылы бір-бірімен пікір алмасады.
- Ойларын ортаға салып, дәлелдейді.
- Электрондық поштаны өз бетінше ашып, қолдана алады.
- Электрондық пошта арқылы ақпарат алмасады.
Сабақтың негізгі идеясы
Оқушыларға дайын тапсырмалар бермей, ой қозғау арқылы жұмыс түрлерін ұсыну. Ойлантуға бағытталған топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың электрондық поштамен жұмыс жасауына ықпал ету.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1) Мотивациялық тренинг (психологиялық ахуал, «Шаттық шеңбер»)
Мұғалімнің әрекеті: ынтымақтастық байланыс орнатады.
Оқушының әрекеті: шеңберге тұрып, бір-біріне жүрек суретін ұсынып, тілек айтады және оны мойындарына іледі.
Қажетті құрал-жабдықтар: 1-слайд.
2) Топқа бөлу («Атом, молекула» тренингі)
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Қажетті құрал-жабдықтар: 2-слайд.
Қосымша материалдар
- Толық нұсқасын жүктеу
- Слайдын жүктеу