ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыптарына байланысты есептер шығару
Сабақтың мақсаты
Мақсат 1
ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыптарына байланысты есептер шығару.
Мақсат 2
Әртүрлі есептер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, дағдыларын жетілдіру.
Мақсат 3
Танымдық қабілетін арттыру, ұйымшылдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- «Шаттық шеңбері» арқылы көңіл күй қалыптастыру.
Шаттық шеңбері
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Оқушыларды қиықшалар арқылы топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№ 313
ЕКОЕ
- ЕКОЕ(3, 40)120
- ЕКОЕ(7, 33)231
- ЕКОЕ(21, 20)420
- ЕКОЕ(8, 81)648
- ЕКОЕ(28, 25)700
- ЕКОЕ(38, 39)1482
№ 309
Жай көбейткіштер арқылы
1)
a = 2 · 3 және b = 2 · 7
ЕКОЕ(6, 14)42
2)
c = 3 · 5 және d = 3 · 3 · 5
ЕКОЕ(15, 45)45
3)
e = 2 · 2 · 5 және f = 2 · 3 · 5
ЕКОЕ(20, 30)60
4)
m = 2 · 2 · 3 және n = 2 · 3 · 5
ЕКОЕ(12, 60)60
5)
p = 2 · 2 · 7 және t = 2 · 3 · 5
ЕКОЕ(28, 60)420
6)
x = 2 · 2 · 3 · 5 және y = 2 · 3 · 3 · 5
ЕКОЕ(60, 90)180
III. Қайталау және бекіту
Сабақ «Білгенімізді қайталаймыз!» қағидасымен өтеді: түсіндіру, еске түсіру және қайталау арқылы дағдыны бекітеміз.
1) Топтық жұмыс: «Сиқырлы сандар» ойыны
Берілген сандардың ішінен I топ — жай сандарды, II топ — құрама сандарды теріп жазады.
Берілген сандар
10, 11, 66, 97, 128, 139, 201, 311, 450, 502, 503, 641, 864, 879, 991, 117, 422, 784
2) Зейінділік ойыны
Жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қойып, төмендегі тапсырмаларды орындаңдар:
9-ға еселік санды құрастыр
83*
3-ке еселік ең кіші санды құрастыр
2*3, 51*, 76*, 64*, 84*
3) «Алтын сандық» ойыны
Оқушылар нөмірленген сандықты таңдайды. Қай сандық ашылса, сол тапсырмаға сәйкес оқулықтағы есеп орындалады.
№ 331
32 санының бөлгіштері
1, 2, 4, 8, 16, 32
52 санының бөлгіштері
1, 2, 4, 13, 26, 52
№ 332
2-ге бөлінетін
94, 108, 604, 710
5-ке бөлінетін
825, 615, 710
3-ке бөлінетін
108, 825, 615
№ 336
- ЕҮОБ(48, 28)4
- ЕҮОБ(45, 32)1
- ЕҮОБ(12, 15)3
- ЕҮОБ(24, 88)8
- ЕҮОБ(60, 75)15
- ЕҮОБ(78, 117)39
№ 334
- ЕҮОБ(48, 28)4
- ЕҮОБ(36, 63)9
- ЕҮОБ(42, 72)6
IV. Сергіту сәті
«Қара жорға» әуенімен сергіту жаттығулары.
V. «Кім жылдам?» — көшбасшылар сайысы
I топ
100-ге дейінгі 2-нің еселіктерін табу.
II топ
100-ге дейінгі 3-тің еселіктерін табу.
Қорытынды
Қызықты және логикалық есептер
Оқушыларға ойлау қабілетін дамытатын қызықты және логикалық тапсырмалар ұсынылады.
Үй тапсырмасы
№ 333 және № 338.
Бағалау және рефлексия
Сабаққа қатысқан оқушылар бағаланады; сабақ соңында қысқаша рефлексия жүргізіледі.